Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


ӘЛІПБИ ТАҢДАУ: ТІЛ ТАБИҒАТЫН САҚТАУ, ТҮРКІЛІК ТҰТАСТЫҚ



Pdf көрінісі
бет10/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   165
ӘЛІПБИ ТАҢДАУ: ТІЛ ТАБИҒАТЫН САҚТАУ, ТҮРКІЛІК ТҰТАСТЫҚ 
ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК АҚПАРАТТЫҚ КЕҢІСТІК
Е.Е.Тілешов
Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық 
үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры, ф.ғ.к.
Өзінің  дамуында  мемлекет  болсын,  ұлт  болсын  рухани  жаңғыруды  үнемі  қолға 
алып  отырмаса,  онда  жалпы  дамудың  бәсеңдейтіні,  қоғамдық  қозғаушы  күштердің 
әлсірейтіні  адамзаттың  өркениетті  тарихынан  белгілі.  Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы 
Назарбаев  Қазақстанның  мемлекет  ретіндегі  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру  және 
осы мемлекетке атау берген қазақ халқының рухани әлеуетін күшейту үшін қашанда 
жаңғыруға  бастайтын  идеяларды  ортаға  салып,  олардың  орындалуына  мән  беріп 
тұрады.  Президенттің  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты  мақаласында: 
«Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауы-
мыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байып-
пен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» 
деді.  Қиындықсыз  өтетін  реформа  болмайды.  Мәселенің  маңыздылығы  ондай 
қиындықтарды еңсеруді қажетсінеді. Бұл бастамаға қарсы пікірлер де баршылық. Біз 
сол пікірлердің негізгі уәждеріне тоқталсақ. 
Біріншіден
,  латын  әліпбиіне  көшсек,  қазіргі  жазумен  хатқа  түскен  әдебиеттерді 
оқи алмай қаламыз, оларды жаңа әліпбиге көшіруге уақыт пен көп қаржы керек деген 
пікірлер де айтылып қалады. Жаңа әліпбиге көшкен сәттен бастап ондай әдебиеттер 
оқырмансыз қалмайды. Себебі, кирилше оқи білетіндердің буыны әлі де сан ондаған 
жылдар  ондай  әдебиеттерді  қалағанынша  оқи  береді.  Сонымен  бірге,  кирилше  оқи 
алмайтындар, яғни мектепте сауатын латын әліпбиімен ашқандар он бір жыл оқып 
мектепті  бітіргенше  әлгі  әдебиеттердің  ең  маңыздылары  мен  қажеттілері  латын 
әліпбиіне көшірілетін болады. Сондай-ақ, үш рет әліпби ауыстырылған ХХ ғасырда 
қазақ баласының сауатсыз болып қалмағанын уақыттың өзі дәлелдеді емес пе?! 
Екіншіден
, латын әліпбиіне көшсек, онда қазақ тілін үйрену қиындайды дейтіндер 
де бар. Мәселе әліпби де болса орыстілдер 20 жылда кириллицамен тілімізді меңгеріп 
алар еді, ендігілері сылтау ғана. Тіл үйренуге талап білдіріп, шынайы мақсат қойған 
адам  сол  латын  әліпбиі  негізіндегі  ағылшыншаны  да,  тіпті  әліпбиі  мүлдем  күрделі 
делінетін қытай тілін де үйреніп алды ғой.  
Үшіншіден
, латын әліпбиін енгізсек жаһандануға тезірек бейімделіп кетеміз дейді 
базбір ағайындар. Бұл да соншалықты қауіп ететін себеп емес. Жаһандану заманында 
ұлттық келбетімізді сақтап қалу – әліпбиге байланысты емес, ол ұлттың дін, рух, на-
мыс,  тіл,  дәстүр  сияқты  қасиеттерін  жоғалтпай  ұстануына  байланысты.  Сондықтан 
бүгінгі  және  келешектегі  қазақ  баласы  өзінің  ұлттық  тамырларына  аса  берік  болса 
біз мықты халық, іргелі ел, қуатты мемлекет болмақпыз. Латын әліпбиіне әлдеқашан 
көшкен  өзбектер  мен  түрікмендер,  әзірбайжандар  бізден  бұрын  жаһанданудың 
құшағына еніп кетпегенін көріп отырмыз ғой. 
Төртіншіден
,  қытай,  жапон,  корей,  еврей,  грузин,  армян,  грек  жұрттары  өз 


24
әліпбилерінде,  олар  латынға  көшпейді,  бірақ  солар  жұрттан  қалып  жатқан  жоқ, 
сондықтан бізде қазіргі әліпбиде қала берсек деген сыңай байқалады. Әлгі аталған 
халықтардың әліпбилері олардың байырғы жазулары. Кирилл жазуы біздің қай ата-
мыздан қалып еді, осы араны ажырата білген жөн. Одан да тереңірек білгіміз келсе 
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қазақ даласына келген алғашқы кирилл әліпбиі ғылыми 
ортада  «Миссионерлік  алфавит»  деп  аталады.  Басында  Ильминскилер  тұрған  осы 
миссионерлік алфавит - отарлау саясатымен славяндардан басқа халықтарға таңылған 
алфавит. Сондықтан да ол отарлық саясаттың қазіргі өміріміздегі «мұрасы». Бұл жөнінде 
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілдің болашақта үстем болатындығын айта 
келіп: 
«Осы контексте қазақ жазуының кириллицаның перифериялық нұсқасы болып 
отырған бүгінгі жағдайынан арылуымыз қажет»
 деген болатын. Ал латын әліпбиі 
бұл біздің тәуелсіз ел ретіндегі өзіндік еркін таңдауымыз. 
Бесіншіден
,  кейбір  әріптестеріміз  латын  жазуына  қарсылықтарын  Ахаң  бастаған 
Алаш зиялыларының латынға қарсы болуымен ұғындырғысы келеді. 1920 жылдардың 
орта  тұсында  Ахмет  Байтұрсынұлы  бастаған  ұлт  зиялылары  латын  әліпбиіне  қарсы 
болғаны рас. Ахаңдар бізге мұсылмандықпен келген, исламның ізгі, иманды қасиеттерін 
дарытқан  байырғы  араб  жазуын  қалдыру  үшін  латын  әліпбиіне  қарсы  болып,  жаңа 
өкіметтің саясатынан қауіптеніп, қазақты араб жазуы арқылы ата дінінен ажырамаса 
екен деген тілекпен жаңаша жазуды қабылдағысы келмеді. Ахаңдардың араб жазуын 
қимауының  жөні  де,  жайы  да  қисынды,  ал  біздің  түбі  миссионерлік  саясатпен  кел-
ген  қазіргі  жазуды  қимауымыз  тіптен  қисынсыз.  Сондықтан  да  мұнда  Ахаңдардың 
қарсылығын емес, неге қарсы болған принциптерін мейлінше терең ұғынған жөн болар. 
Қазіргі  кезде  қоғамның  барлық  саласы  дерлік  латын  әліпбиіндегі  таңбалармен 
жақсы таныс деуге боларлық. Айталық, мектеп оқушысы бастауыш сыныптан бастап-
ақ  латын  әліпбиі  негізіндегі  ағылшын  немесе  француз,  неміс  тілдерін  оқиды,  одан 
жоғарылай  келе  бірліктері  осы  әліпбидегі  физиканы,  периодтық  жүйесі  латынша-
мен  берілген  химияны,  өсімдіктер  мен  хайуанаттар  әлемінің  атаулары  тағы  да  осы 
әліпбимен таңбаланған биологиялық пәндермен танысады. 
Енді  латын  жазуына  көшкенде  Қазақстан  не  ұтпақ,  соларға  келейік. 
Біріншіден

латын  әліпбиінің  өзіне  келсек,  онда  бұл  әліпби  қазіргі  жазуымыздан  мейлінше 
жетілдірілген, ыңғайлы әліпби болмақ. Алдымен біз кезінде жазу емлесінде жіберілген 
орайсыздықтарды жөнге келтіреміз және қазақ тілі үшін тән емес басы артық дыбы-
старды  алмаймыз.  Бас  артық  таңбалардан  арылып,  бұрынғыдай  42  емес,  26  бәлкім 
28  немесе  29  таңбадан  тұратын  мейлінше  ықшам,  ыңғайлы  әліпбиді  таңдаймыз. 
Қазіргі кезде мамандар арасында қазақ тіліне тән 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет