145
соңғы жылдары ислам дініне күйе жағу, сол дін өкілдеріне күмәнмен қарау етек ала
бастады. Дәстүрлі исламға лаңкестік, экстремизм ұғымдары тіптен жат нәрсе. Осы
орайда, халықты ислам тарихы, оның бағыттары, оған қатысты қолданылатын тер-
миндер мен атауларды түсіндіру жұмыстарын өз дәрежесінде жүргізген абзал.
Ғылымның қай саласына назар аударсақ та, оның қаншалықты деңгейге жетіп,
қандай дәрежеге көтерілгені терминологиялық жүйесінен көрініп тұрады. Ресей
ғылымында терминологияны зерттеудегі арнайы бетбұрыс Д.С.Лотте, С.А.Чпалыгин,
С.И.Коршунов есімдерімен тығыз байланысты. Өткен ғасырдың 30-жылдары
құрылған терминкомдар бұл күндері ғылымның дербес бір саласын құрап отыр
және әлі де өз маңыздылығын жойған жоқ. Орыс терминологиясының дамуы-
на А.А.Реформатский, Н.А.Баскаков, Т.Л.Канделаки, Б.Н.Головин, Г.В.Степанов,
В.П.Даниленко сияқты ғалымдар, сонымен бірге бүгінгі таңда олардың ізбасарлары
А.В.Суперанская, Н.В.Подольская, Н.В.Васильев, К.М.Мұсаев және қазақ терми-
нологиясын дамытуда А.Байтұрсынов, Қ.Қ.Жұбанов, Ә.Т.Қайдар, Ө.А.Айтбаев,
Б.Қ.Қалиев, К.Юсуф, Ш.Құрманбайұлы т.б. сынды ғалымдар өз үлестерін қосып отыр.
Бұл тілші-ғалымдардың қарастыратын мәселелері де жан-жақты. Атап айтқанда,
терминологиялық жүйенің құрылуы, терминнің мағыналық ерекшелігін зерттеу, оның
басқа тілдермен байланысы, сол тілдердің лексикалық қорына еніп, терминология
жүйесінен орын алуы, т.б. Аталған саладағы өзекті тақырыптардың бірінен саналатын
терминологияны біріздендіру мәселесі жайында профессор Ш.Құрманбайұлы былай
дейді: «Терминологияны біріздендіру бірнеше сатыдан тұратын ауқымды да күрделі
жұмыс. Тілші-терминолог ғалымдар терминологияны біріздендірудің бес сатысын
атап көрсетіп жүр. Бірінші – белгілі бір тар мамандықтың шеңберінде біріздендіру;
екінші – сала шеңберінде біріздендіру; үшінші – нақты бір ұлт шеңберінде біріздендіру;
төртінші – туыстас тілдер шеңберіндегі біріздендіру; бесінші – тіларалық, ұлтаралық
біріздендіру; алтыншы – халықаралық, бүкіл ортақ терминдері бар тілдер арасындағы
біріздендіру» [1, 121].
Өкінішке орай, пәрменді түрде жасалып жатқан жаңа терминдер мен атауларды
реттеуге, біріздендіруге, оларды сөздіктерге енгізіп, көпшілікке жеткізуге келгенде
шалағайлық танытып жатамыз. Ұқыптылық, біріздендіру, реттеу, жүйелендіру жағы
кемшін түсіп жатады. Осы мәселеге байланысты академик Ө. Айтбайұлы: «Жүйелілік
талабы термин құрайтын элементтер мен белгілерді іріктей білу жүйесіне тікелей бай-
ланысты. Іріктеу сәтінде ол белгілердің біртектестігіне қатты көңіл бөлумен қатар, тер-
миндер жүйесінің дұрыстығы белгілі жүйе бойынша белгілерді іріктеуге ғана емес, со-
нымен бірге сол белгілердің қай түрде болатынына да байланысты екенін ескеру қажет.
Терминология жүйелілігі термин элементтерінің тіркесімділігіне, басқаша айтқанда,
олардың орналасу тәртібіне де қатысты болады», - деп тұжырымдайды [2,16].
Біз қазіргі қоғамымызда айрықша орын алатын дінтану саласына қатысты атаулар
мен терминдерді біріздендіру мәселесіне арнайы тоқталмақпыз. Дінтану терминдерінің
мағынасын дұрыс түсінбеу кей жағдайда адамдардың санасында дін туралы жағымсыз
түсініктердің пайда болуына әсер етеді. Өйткені атау мәнін түсінбеген жалпы халық белгілі
бір терминннің бұрмаланып түсіндірілген мағынасын шындап қабылдап, сеніп қалады.
Соңғы жылдары
Достарыңызбен бөлісу: