Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет64/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   165
п.  рел.
  1)  ангел,  архангел  2) 
перен
.  безгрешный,  чистый,  ангел  [5,  682].  Ал 
ҚООҚТС-та 
періште – ангел
 [4, 174]. Бұл атау төл сөздеріміз сияқты сөздік қорымызға 
берік орныққан. Қазақта 
«Алтын көрсе, періште жолдан таяды. Періште – тек бала 
ғана», «Жерде жетім жыласа – көкте періште тітіркенеді», «Бір жетім қуанса – мың 
періште той қылады» сияқты мақалдар, періштелер қолдасын (жебесін, желеп-жебеп 


148
жүрсін), періште әумин десін, періштелер жолыңды оңғарсын»
 сынды қолданыстар бар.
Терроризм, терррорист, экстремизм, экстремист, моджехед
 сөздері көбіне қатар 
жұмсалады. Алдыңғы екі сөзді, тиісінше 
лаңкестік, лаңкес
 түрінде аударып жүрміз. 
Террорист

экстремист
 сөздерінің орнына кейде 
содыр
 нұсқасы да қолданылып жүр. 
Терроризм (лаңкестік) – (лат. тіл. – 
«үрей, қорқыныш», «қорқыту»
) – экстремизмнің 
шеткі көрінісі. Терроризм (лаңкестік) саяси мақсатқа жету жолындағы аса қатігездік, 
қорқыту, күштеу әдістерін қолданады. Экстремизм – (лат. тіл. – «
шеткі
») – адамның 
басқа  түсініктерді,  сенімдерді,  дәстүрлер  мен  құндылықтарды  қабылдамауға  түрткі 
болатын белгілі бір сенімдер мен идеяларға деген шектен тыс радикалды көзқарас жо-
лын ұстануы [3]. ҚОС-та: 
Терроризм – терроризм 
[5, 788], 
Экстремизм – экстремизм, 
Экстремист (-ске, -сі) – экстремист
 [3, 957] нұсқалары ұсынылған. ҚООҚТС-тың 
қазақша-орысша бөлігінде 
лаңкестер, терроршылар – террористы
 [4, 141], 
Экстре-
мизм – экстремизм
 [4, 243] түрінде, ал орысша-қазақша бөлігінде 
терроризм – тер-
роризм, лаңкестік, террорист – лаңкес, террористы – лаңкестер,
 сөздерімен қатар, 
терроризм международный – халықаралық терроризм, лаңкестік, терроризм поли-
тический – саяси терроршылдық, лаңкестік, террористические угрозы – террорлық 
қауіп-қатерлер, террористический акт – террорлық акт
 сөздері берілген екен [4, 451]. 
Газеттерде  экстремизм,  экстремист  сөздері  содырлық,  содыр  болып  беріледі.  Сәнге 
айналған содырлық. «Жас Қазақ», 9 желтоқсан 2011 жыл. № 48 (360). Содыр болсам 
қайтеді? «Дала мен қала», 28 қыркүйек 2008 жыл. №35 (262); Содырлар мінез таныт-
ты. «Ана тілі», 7 - 10 қазан 2010 жыл. № 40 (1033); Тіпті, сол содырлардың кім екенін 
ашық айтпай, «дін жамылған террористер» деп оларды қалқалауы – нені көрсететіні 
белгілі ғой. «Қазақ үні», 14 қазан 2011 жыл. № 41-42 (513). Сондай-ақ террроризм, 
террорист сөздері 
ланкестік

ланкес, ланкесші
 ретінде жазылып жүр. Бейсенбі күні 
АҚШ президенті Джорж Буш Нельсон Мандела жетекшілік ететін Африканың ұлттық 
конгресі  ұйымын  ланкестік  ұйымдардың  қатарынан  шығару  туралы  бұйрыққа  қол 
қойды. «Дала мен қала», 4 шілде 2008 жыл. № 26-27 (254); «2001 жылы қыркүйекте 
АҚШ-та  ланкестік  жасаған  бен  Ладеннің  көзін  жойдық.  «Жас  алаш»,  4  мамыр             
2011 жыл. № 34 (15596). Қамауға алынға ланкестің берген түсініктемесінде жарылыс-
ты ұйымдастыруға жергілікті әкімшіліктің 15 адамы көмектескен көрінеді. «Айқын»,                
12 тамыз 2008 жыл. № 149 (1086); Тарих бетінде қаралы Олимпиада ретінде сақталатын 
бұл доданың шырқын израильдік спортшыларды кепілге алған палестиналық ланкес-
тер бұзды «Айқын», 4 наурыз 2010 жыл. № 38 (1462). Ланкесшілердің бірі өзін Пре-
зидент сарайы жанында жарып жіберді» дегенді алға тартуда. «Ана тілі», 21-27 қаңтар 
2010 жыл. № 3 (996).
Муджахит – (араб тіл. – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет