/
сүннет жолын ұстанушылар – Ислам дінінің бір бағыты. Құран Кәрімді және
Мұхаммед пайғамбардың хадистерін, сондай-ақ оның артынан ерген сахабаларының
сенім мәселесіндегі ұстанымдарын басшылыққа алады. Шиизм –
(араб тіл. – «жолын
қуушы», «партия»
) – ислам бағыттарының бірі. Бастапқыда Пайғамбардың мұрагері
ретінде оның күйеу баласы Әлидің қабылдаған саяси партиясы. Шииттер Сүннетті
мойындамайды және өздерінің шарттары бар [3]. ҚОС-та: Сүннит –
а рел.
суннит
(те-
чение в мусульманской религии)
[5, 747]; ҚООҚТС-та
сүнне – сунна, сүннешілік – су-
низм
[4, 197];
шииттер – шииты, шиитшілдік – шиизм
[4, 235].
Соңғы жылдары әлемде мойындалмаған
Ислам мемлекеті, Ирак және Шам Ислам
мемлекеті, Ирак және Сирия Ислам мемлекеті, Ирак және Левант Ислам мемлекеті,
Әл-Қағида қозғалысы, Ән-Нұсра майданы
атаулары пайда болды.
Ислам
мемлекеті (ИМ; араб.: الدولة الإسلامية — әд-Дәулә әл-Исламия; қысқаша:
ИШИМ, ИСИМ немесе ДАИШ) — радикалды исламизм (сәләфи-жиһади-тәкфири)
идеологиясын ұстанатын әскери лаңкестік ұйым және халықаралық қауымдастық
мойындамаған квазимемлекет.
Ислам мемлекеті идеологиясының тағы бір құрамдас бөлігі — сәләфия (нақтырақ
айтқанда оның зорлық-зомбылыққа үйір жиһадия ағымы). «Сәләфия» деп сүнни Ис-
лам ішіндегі «дінді тазартуға» ұмтылған қозғалысты атайды. Сәләфилер басты на-
зарын көпқұдайшылдықты (ширк) жою және бірқұдайшылдықты (таухид) орнату
мәселесіне аударады. Сәләфилер тек өздерін ғана шын мұсылман деп санайды. Тау-
тастарға, әулиелерге, қабірлерге және т. б. заттарға табынып жүрген мұсылмандарды
діннен безген кәпірлер деп есептейді. Бұлардың қатарына шииттер, демократтар және
демократиялық жүйеге ат салысып жүргендер де жатқызылады. ИМ-нің шииттерге
қарсы ұстанымы сәләфилер мен шииттердің арасындағы ежелден ұласып келе жатқан
қақтығыстан шыққан.
Тыйым салынған (харам) нәрселердің қатарына алкоголдік ішімдіктер ішу мен
темекі шегу кіреді. Алкоголь ішкен адам сабау арқылы жазаланады, темекі шеккен
адам айыппұл төлеуге мәжбүр. ИМ-ге салық төлемей контрабандамен айналысқан
адамдар айыппұлмен жазаланады. Автокөліктерінде музыка тыңдағандар мен
шариғатқа сай киінбеген әйелдер де жазаға тартылуы мүмкін. Әрбір ер адам намаз
уақытында міндетті түрде мешітке келуі тиіс, бұл уақытта дүкендердің жұмысына
тыйым салынған. Батыстың БАҚ-тары көбінесе дене мүшелерін кесу және бас шабу
сияқты ауыр жазаларға (худуд) назар аударғанымен, ИМ-нің соттары тағзир деп атала-
тын жеңіл жазаларды (сөгіс, ескерту, тәрбиелік сөз) да қолданады.
Ислам мемлекетінің содырлары Әл-Қағида көсемі Айман әз-Зауаһиридің
«жүректерді жаулау» туралы кеңесіне құлақ түрмесе де өзінің жолдауларын тарату
үшін әлеуметтік медиа құралдарын шеберлікпен қолданып жүр. Әлемдегі ең қатыгез
152
лаңкестік ұйымның үгіт-насихаты да жоғары деңгейде ұйымдастырылған. «Әл-Хаят»
деп аталатын ИМ-нің медиа орталығы жүздеген бейнежазба жариялап үлгерді. Оның
ішінде бірнеше минуттық бейнежазбалардан бастап, ұзақтығы бір сағатқа жететін
фильмдер бар. Олардың көп бөлігінде Голливуд стиліндегі әдіс-тәсілдер мен арнайы
эффектілер қолданылған. ИМ жариялаған «Қылыштар шылдыры» (араб.: صليل
الصوارم) атты фильмнің 4-ші бөлімін New York Times газетінің сыншысы Дэвид
Каррдың өзі мақтаған. ИМ-нің үгіт-насихатын Интернет желісінде тарататын көптеген
«жанкүйері» бар. Twitter әлеуметтік желісінде қаптап жүрген оларды әлі күнге шейін
тоқтату мүмкін болмай тұр.
ИМ батыс елдерінде уағыз-насихатын тарату үшін 2014 жылдың шілде айында
ағылшын тілінде «Дабиқ» (ағылш. Dabiq) журналын жария етті. Оның атауы Алеппо
қаласынан солтүстікке қарай орналасқан Дабиқ елді мекенімен байланысты. Мұхаммед
пайғамбардан (с.а.с.) жеткен хадиске сәйкес, Ақырет күнінің алдында христиандар
(«римдіктер») мен мұсылмандар арасындағы ақтық шайқас дәл осы жерде орын алған
екен. «Дабиқ» журналы ИМ-нің негізгі басылымы саналады. Журналдың сыртқы
көрінісі Батыстың бірқатар атақты басылымдарына ұқсайды және мінсіз ағылшын
тілімен жазылған. «Дабиқты» басып шығару жұмысымен «Әл-Хаят» орталығы айна-
лысады [7].
Атам заманнан бері тың көзқарастарға бейім, зияткерлік сұхбатқа дайын Ұлы дала
тұрғындарына қатаң догма мен діни радикализм – жат құбылыс. Сонымен бірге нағыз
қазақ өзінің шежіресін, жоқ дегенде жеті атасына дейін білуі тиіс, ал салафизм болса
қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына (өлгенге құран бағыштау, аруаққа сену
және т.б.) үзілді-кесілді қарсы. Далалықтардың дінді соқыр сенім еткісі келетіндерді
сынағаны жөнінде қазақ ауыз әдебиетінен көптеген мысалдар келтіруге болады. Мы-
салы, Қашағанның керемет термесі бар. Ол әуез бен домбыраны исламға жат деп са-
найтын салафиге күйрете тойтарыс береді. Салафилердің сопыларды өздерінің негізгі
бәсекелесі санауының бір себебі де осымен байланысты болар.
Қорыта айтқанда, басқа салалар сияқты теология терминдері мен атауларын нақты
түсініп, оларға талдау жасап отыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Терминдерді ор-
нымен қолданып, олардың мәнін дұрыс түсінгенде ғана дәстүрлі дінімізге қатысты
айтылып жүрген кейбір қайшы пікірлерге, бұрмалаушылықтарға ұрынбаймыз. Те-
логия терминдерін түсіндіру, оларды тұрақты жариялауды реттеу (упорядочение),
біріздендіру (унификация) сияқты терминологиялық жұмыстар тұрақты түрде жүргі-
зіліп отырғаны дұрыс. Мерзімді баспасөз беттерінде дінтануға байланысты қазірде
қолданылып жүрген терминдер мен атаулар жиі жарияланып отыруы тиіс. Халық
арасында аталған сөздерді дұрыс түсіндіру жұмыстары жүргізілсе, адамдардың өз
дінін құрметтемеуі, басқа діннің жетегінде кетуі, қасиетті ислам дінімізге күмәнмен
қарап, басқа жолға бағыт алуы болмас еді. Ал ислам діні – ізгілік діні. Ол халықты
сабырлылыққа, рухани тазалыққа, жақынына жамандық жасамауға үндейтін дін. Олай
болса, дініміздің қадірін арттыруға дінтанушылармен қатар тілшілердің де атсалысуы
қажет деп санаймыз.
Әдебиеттер:
153
1. Құрманбайұлы Ш. Терминтану. Оқу құралы. – Астана, 2007. – 160 б.
2. Айтбайұлы Ө. Қазақ сөзі. (Қазақ терминологиясының негіздері). – Алматы: Рау-
ан, 1997. – 240 б.
3. http://sunna.kz
4. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Философия және
саясаттану / Жалпы ред. басқ. М.Б. Қасымбеков, жобаның ғылыми жетекшісі А.Қ.
Құсайынов. – Алматы: «Казақпарат» баспа корпорациясы, Т.: 22, 2014. – 488 б.
5. Казахско-русский словарь: около 50 000 слов /Под ред. Чл.-корр. НАН РК Р. Г.
Сыздыковой, проф. К. Ш. Хусаина. – Алматы: Дайк пресс, 2008. – 962 с.
6. http://e-islam.kz
7. https://kk.wikipedia
Достарыңызбен бөлісу: |