Төлен Әбдіков «Парасат майданы»

Дата07.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#94055
Байланысты:
Парасат майданы

Төлен Әбдіков «Парасат майданы»

Белгілі қаламгер Төлен Әбдіков 1942 жылдың 4 қыркүйегінде, Қостанай облысы Жангелдин ауданы Еңбек ауылында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген Қайраткері (2002). 1965 жылы Қазақ Ұлттық университетін бітірген. 1965-70 жылдары "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан") газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген.

Шығармашылығы

Төлен Әбдіковтің "Райхан" атты тұңғыш әңгімесі жас жазушылардың “Таңғы шық” әңгімелер жинағында (1964) жарияланды.“Көкжиек” (1969) “Күзгі жапырақтар” (1971). “Ақиқат” (1974)

“Айтылмаған ақиқат” (1980) атты әңгімелер мен повестер жинақтары Қазақстандағы ұжымдастыру науқанының қасіретін суреттеуге арналған “Өліара” (1985) жылдары жарық көрді.

  • .

"Парасат майданы" – жазушының адамзатқа бағытталған жанайқайы; өмірдің тылсым сырына үңілген жанның өзгелерге айтар өсиеті. Төлен Әбдіков бұл философиялық шығармасында қоғамның болашағы үшін қам жегенін, оған жаны ашып, жол сілтемек болғанын байқаймыз. Жақсылық пен жамандықты, жауыздық пен мейрімділікті қатар қойып, кімнің жеңіске жететінін баяндайды.

Жазушы парасат майданы үшін болған ұрыста неге үнемі жауыздықтың жалы күдірейіп, жеңіске жете беретінінің себебін іздейді. Ізгілік пен зұлымдықтың күрделі табиғатына ақындық жанарымен қадалып, ақыл-ойға бағынбайтын қағидалардың кісенін үзіп, құпиясын табуға әрекет жасайды.

«Парасат майданы» повесін оқып отырғаныңда осындай бір шамырқанған мазасыз ойдың тиегі босап, көңіл кеңістігіңнің бір түкпірінде үнсіз жылап қоя береді. Күресінге лақтырылған рухыңмен табысып, жүрегіңді езіп, жаныңды қинаған сұрақтардың жауабын тапқандай боласың.

«Парасат майданы» күтпеген жерден қайғылы аяқталады. Ауыр қасіретті арқалап, жан азабын кешкен науқас, ақырында, ешқандай да бейтаныс хат жазушының жоқ екені, өзінің біресе ізгілік, енді бірде зұлымдық болып айтысып жүргені туралы ащы ақиқатқа көзі жетіп, өзіне-өзі қол салып өледі.

Повесттің басты кейіпкері қаза тапты. Бірақ рух тазалығы үшін болған шайқас әлі жалғасып жатыр. Зұлымдық салтанат құрып, үстемдігін жүргізіп тұрған замандағы парасат майданында сол ұлы ұрыста қиналып, азапқа түсетін бір жұмбақ әлем бар. Ол – адамның жаны. Жан өлген күні – Ізгілік өледі. Өмір өледі. Біз өлеміз....

Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет