Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет288/617
Дата13.12.2021
өлшемі6,54 Mb.
#100264
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   617
Байланысты:
Сборник 24 апреля 2020 г
турецкий язык, анализ политики, презентация, реферат, Египет мәдениеті, 5лекция слайд, 5лекция слайд, fizika-formuly-ege, Жоспар3, Жоспар3, Жоспар3, 158, Химический состав биогумуса, Химический состав биогумуса, ABDRAKHIMOVA A.O. Tezis 02 ,04,2018
 
Кіріспе. 
Заман дамып, өркениет өріс алған сайын спорт та өркендеп келеді. Қазіргі таңда олимпиада 
ойындарына енген 28 жазғы, 7 қысқы ойын түрінен бөлек ондаған спорт түрлері бар. Бұл спорт та ғылым, 
медицина,  өнер, технология секілді әр  түрлі бағытта дамып,  өңделіп, белгілі  бір заңдылықтарға сүйене 
отырып алға қадам басып келе жатқаны белгілі. 
 
Джиу-джитсу  спортының  тарихы  тереңде.  Ол  (жапон. 
柔術
)  –  жапонның  қарусыз  өзін-өзі  қорғану 
өнері.  Ортағасырлық  Жапонияда  «Джитсу»  терминімен  қолданбалы  техника  аталған.  «Джиу-джитсу» 
сөзінің өзі мойынсұнуды, яғни «жеңу үшін мойынсұнуды» білдіреді. Бір сөзбен айтқанда, бұл – күрес пен 
өзін-өзі  қорғаудың  әмбебап  өнері.  Бұл  спорттың  халықаралық  федерациясы,  жарыс  ережесі  құрылды. 
Қазақстан  Джиу-джитсу  ұлттық  федерациясы  (ҚДҰФ)  1992  жылғы  26  ақпанда  ашылып,  ҚР  Əділет 
министрлігінде тіркелді. Жауынгерлік өнердің осы түрі бойынша еліміздің I чемпионаты 1993 жылы 15-16 
қарашада Байқоңыр қаласында ұйымдастырылды [1]. Елімізде «Қазақстан Джиу-джитсу қауымдастығы» 
джиу-джитсудың не-ваза, файтинг, бразилилық джиу-джитсу, комбат, дуо, т.б. бөлімдері бойынша ұлттық 
құрама  командасын  іріктеп,  спортшылардың  дайындығын  арттырып,  Азия  ойындарында,  Əлем,  Азия 
чемпионаттарында  және  халықаралық  турнирлерде  жақсы  нәтиже  көрсетіп  келеді.  Джиу-джитсудың 
ерекшелігі  шабуыл  жасаған  қарсыласына  дүлей  қара  күшті  қолданбай,  оның  шабуылшының  бағытын 
өзгертуге,  тепе-теңдік  қалпынан  айыруға,  содан  кейін  барып  әдіс  қолдануға  немесе  соғуға 
болатындығында. Осы спортпен айналысушы адамның психикасын, анатомиясын, биофизиканы жақсы 


«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020 
150 
білуге тиіс. Джиу-джитсудың күрес түрі Жапония мемлекетінде пайда болғанымен, Америка, Бризилия, 
Біріккен  Араб  Əмірліктері  сияқты  алпауыт  елдер  де  бұл  спортқа  өз  қызығушылықтарын  танытып,  өз 
елдерінде мықты дамытып жатыр және күрес (не-ваза) түрі Азия ойындары тізіміне енді. Қазақстанда да 
бұл спорт түрі жастар арасында үлкен сұранысқа ие. Атап айтсақ, джиу-джитсудың не-ваза, бразилиялық 
джиу-джитсу бөлімдері.  
Бразилиялық джиу-джитсу және не-ваза бөлімдері – ешқандай соққы қолданбайтын күрес түрі. Бұл 
күресте  физикалық  әлсіз  дамыған  адам  техниканы  білу  арқылы  әр  түрлі  ауырту  немесе  қылғындыру 
әдістерін  қолданып,  физикалық  күшті  қарсыластан  өзін  сәтті  қорғап,  оны  жеңе  алады  деген  қағида 
негізделеді.  
Мен джиу-джитсудың не-ваза және бразилиялық джиу-джитсу бөлімдері бойынша алты жылдан астам 
уақыт  жас  спортшыларды  даярлап  келемін.  Шәкірттерім  әлем,  Азия,  ел  чемпионаттарында  топ  жарып 
келеді. Алты жыл жаттықтырушы болу аса ұзақ мерзім емес, осы уақыт ішінде 30-дан астам чемпиондар 
мен жүлдегерлер, оның ішінде екі дүркін әлем чемпионын дайындап шығару мен үшін үлкен жетістік. Бұл 
жетістікке жету жолында жасалған өз әдістемелерімнің бірі, ол – спортқа ғылым ретінде қарау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   617




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет