Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет309/617
Дата13.12.2021
өлшемі6,54 Mb.
#100264
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   617
Байланысты:
Сборник 24 апреля 2020 г
турецкий язык, анализ политики, презентация, реферат, Египет мәдениеті, 5лекция слайд, 5лекция слайд, fizika-formuly-ege, Жоспар3, Жоспар3, Жоспар3, 158, Химический состав биогумуса, Химический состав биогумуса, ABDRAKHIMOVA A.O. Tezis 02 ,04,2018
Жұмыстың мақсаты
 – қысқа қашықтыққа жекебасылық ерекшеліктерімен  жүгіретін маманданған 
жасөспірім жүгірушілердің техникалық дайындығын ары қарай жетілдіру. 
Жұмыстың міндеттері:  
1.
 
 Жүгіруші спринтерлердің алдында спорттық жетілу кезеңіндегі бірқатар міндеттерді шешу;  
2.
 
 Түзу бойынша және вираж бойынша жүгіру жылдамдығын жетілдіру; 
3.
 
 Қадамның  ұзындығы  мен  жиілігінің  оптималды  үйлесімділігіне  жету,  старттық  жылдамдықты 
жетілдіру және жүгірудің максимальды жылдамдығына деген еркін қимылды бақылауды сақтай білу.  
Зерттеу  әдістері.
  Көптеген  зерттеулерден  көргеніміздей,  төменгі  мектеп  жасындағы  жаттығу  – 
спринтерлердің көпжылдық дайындықтарының маңызды кезеңі. Балалардың қимыл дағдысы мен икемін 
игеруге деген қабілеттерін сәтті игеру, жылдамдықты, икемділікті, жылдамдық-күш және координациялық 
қабілеттерді дамытудың жақсы мүмкіндіктері, осы қимыл қабілеттерін дамыту үшін қолайлы алғышарттар 
туғызады. Спорттық дайындықтың анағұрлым кеш бастауында осы қолайлы мүмкіндіктер қолдан шығып 
кетеді. 
Ғылыми  және  әдістемелік  әдебиеттерінде  жүгірушілердің  қысқа  арақашықтыққа  жүгірушілердің 
бастапқы дайындығы 9-12-ден 11-12 дейінгі жаста жүзеге асатыны атап айтылған. Ол жаттығушыларды 
жан-жақты дене және техникалық дайындықпен қамтуға арналған. Бастапқы дайындық кезеңінің негізгі 
міндеттері:  балалардың  денсаулығын  жақсарту,  дайындықтағы  қимылды  жан-жақты  жақсарту,  қимыл 
дағдысын игеру болып табылады. Сонымен қатар, арнайы жаттығудың маңыздылығы атап өтіледі және 
көпжылдық  дайындығының  процесіндегі  осы  маңызды  компоненттердің  тек  жақсы  үйлесімділігі 
жасөспірім спортшылардың спорттағы үлкен жетістікке жетуіне мүмкіндік береді. 
Қысқа  арақашықтыққа  жасөспірім  жүгірушілердің  дене  дайындығы  процесіндегі  жаттығуды 
орындаудың негізгі үш әдісі қолданылады: 

 
Жаттығудың қатаң регламенттелген әдісі, ойын және жарыс, сонымен қатар олардың варианттары. 

 
Жылдамдықты дамытудың негізгі құралы деп, шегіне жеткен және шегіне шамалас жылдамдықтағы 
жаттығулар есептеледі. Қысқа қашықтыққа жүгіру үшін, бұл қысқа аралыққа жүгіруді қайталап орындау, 
старттан жүгіру, жүріп барып жүгіру, эстафеталық жүгіру және т.б. 
Бірақ,  көптеген  мамандардың  пікірінше,  осындай  құралдарды  қолдану  және  жасөспірім  спринтер-
лердің дайындығын өте шектеуге болады, өйткені дене және жүйке энергиясының жұмсалуы бойынша 
ауыр жаттығулар болып табылады, жүйке бұлшықет координациясының бұзылуы болу мүмкіндіктерімен 
байланысқан  және  спринтерлік  жүгіруді  жақсы  игергендігін  талап  етеді.  Жылдамдық  қабілетін  дамыту 
үшін сонымен қатар жалпы дайындық және арнайы-дайындық жаттығуларын пайдалануға болады. 
9-12 жастағы балаларда қимылы көп және спорттық ойындардың басымырақ есебінен жылдамдықты 
дамыту керек деген пікір бар, ал ойын әдісін, тек қана жылдамдықты емес, сонымен қатар басқа да қимыл 
қабілеттерін дамытудың басшысы деп есептеуге болады. 
Тәжірибелік зерттеулер көрсеткендей, жылдамдық ‒ күш жұмысымен арнайы жылдамдық жұмысына 
үйлесе отырып, балалармен жұмыс барысындағы жылдамдықтың сапасынан анағұрлым сәтті нәтижелерге 
жетуге болады. Əйгілі болғандай, спринттегі қимылдар көп жағдайда күшті дамытудың жоғары деңгейімен 
анықталады.  Осы  кезде  күш  өте  аз  уақыт  аралығында  пайда  болуы  керек,  сонысымен  қимыл  орындау 
мүмкіндігін қамтамасыз етеді. 
Жас спринтерлерді дайындау кезінде жалпы күшті дамыту үшін координациясы және күші бойынша 
алуан  түрлі  жаттығулар  қолданылады  (негізінен  жалпыдамытушы).  Арнайы  күшті  дамыту  үшін  – 
спринтерлік жүгірудің өзіндік қасиетіне жауап беретін жаттығулар. Осы кезде жылдамдық жүгірісіндегі 
негізгі жүктемені алып жүретін бұлшықет топтарына: бүгуші және жазушы бөксе, сирақты және табанның 
өкше иілткіштеріне ерекше көңіл бөлу керек болады. Маңыздысы, жаттығу процесінде әртүрлі бұлшықет 
топтарының  күшін  дамытуды  максимальды  қамтамасыз  ету,  өйткені  жүгіруге  қатысатын  бұлшықет 
топтарының әрқайсысы жеткіліксіз функционалдық дайындық кезінде лимиттеуші фактор болып қалуы 
мүмкін, ол спорттық нәтижелердің өсуін ұстап отырады. 
В.Г. Алабиннің есептеуінше, жаттықтырудағы локальды сипаттағы жаттығулар құрылымы бойынша 
спринтерлік жүгіруге жақын және оны күш дамыту үшін пайдалануға ұсынады. 
Жылдамдық-күш  қабілетін  жоғарылату  үшін  жасөспірім  спортшылардың  жаттығуларында  кеңінен 
қолданады, онда күшпен қатар қимылдың жоғары жылдамдығын да талап етеді. Көптеген мамандардың 
есебінше, жылдамдық – күш дайындығының тиімді құралы, әртүрлі секіру жаттығулары, сонымен қатар 
тереңдікке  секіру  болып  табылады.  Əдістемелік  және  физиологиялық  зерттеулердің  мәліметтері 
көрсеткендей,  жүгірудің  секіру  жаттығуларымен  үйлесімділігі  спорттық  жүгіруге  бейімделуге  жақсы 
мүмкіндік береді. 


«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020 
159 
Жаттығу  процесі,  техникалық  жетілудің,  еркіндік  қасиетін  тәрбиелеуге,  жалпы  және  арнайы  дене 
дайындығының  дамуына  бағытталған  өзара  байланысты  күрделі  бір  құрылымның  компоненті  болып 
келеді.  Дайындықтың  әртүрлі  кезеңдеріндегі  спортшының  қимыл  әрекетін  және  мақсатты  бағытталған 
физикалық қасиеттің жетілумен қамтамасыз ететін спорттық процесіне анағұрлым тиімді. 
Спорттың  көп  түрлерінің  ең  маңыздысының  бірі,  физикалық  қасиеттің  дамыту  мәселесі  болып 
табылады. Сондықтан ғылыми-әдістемелік әдебиетте оған көп көңіл бөлінеді. Жаттығу процесі барысында, 
кейінге қалдыруға болмайтын шешімді талап ететін сұрақтар туындайды. Бірінші кезекте, спорттық іс-
шараның осы бір түрі үшін қай қасиеті анағұрлым маңыздырақ екенін, жылдамдық пен күшті дамыту үшін 
қай құрал мақсаттырақ екенін және басқа да біраз сұрақтарды анықтап алу керек. Авторлардың, спорттың 
әр  түрі  үшін  белгілі  бір  физикалық  қасиеті  жетекші  болып,  осы  түріне  тән  пікірлері  сәйкес  келеді. 
Сондықтан, дене дайындығының жетекші элементтерін анықтауда, бұлшықет жұмысы режимін есепке ала 
отырып,  сол  жаттығуды  орындауға  қатысатын  негізгі  спорттық  жаттығулардың  техникалық  талдауы 
негізінде жүргізу керек. Қимыл әрекеттерін орындаудағы күш пен жылдамдықтың ролін дұрыс анықтау 
үшін оларды пайда болудың әртүрлі жолдарымен дифференциалдау ұсынылады. 
Спорттық дайындықтың бастапқы кезеңдерінде күш және жылдамдық бір мезгілде дамиды, ары қарай, 
осы қасиеттердің шектен тыс дамуы кезінде олар бірін-бірі басады, сондықтан олардың пайда болуы бірдей 
жүреді. Бұл осы пайда болуларды келістіруші әртүрлі физиологиялық механизмдермен байланысты. 
Жоғары  нәтижелерге  жетуге  бағытталған  спорттық  жаттығулардың  заманауи  жүйесі,  әртүрлі 
режимдерде,  үйлесімділікте,  мөлшерінде  орындалатын  алуан  түрлі  жаттығуларды  қолдануды  ұсынады. 
Бұл,  спортшылардың  потенциалдық  мүмкіндіктерін  өте  жақсы  пайдалануы  үшін  анағұрлым  қолайлы 
жағдай  туғызады,  жан-жақты  дамуына  ықпал  етеді,  соңғы  есепте  қимыл  қозғалыстарының  жоғары 
жетістігіне жетуін қамтамасыз етеді. Арнайы ғылыми-әдістемелік әдебиеттер осы жолдың себептері мен 
мүмкіндіктерін тереңінен  аша отырып, сонымен қатар қимылдың тиімді техникалық құрылымдарының 
түзілуіне анағұрлым ұқыпты есеп жүргізуінің қажет екендігін баса көрсетеді. 
Қимыл  техникасының  жақсару  мүмкіндіктерін,  спорттық  нәтижелердің  жоғарылау  факторларынан 
біреуі ретінде тереңінен зерттеу, қажетті физикалық қасиеттің даму деңгейінің жоғарылау көрсеткіштерінің 
анағұрлым  жоғары  дәрежесі  жөніндегі  міндетті  талаптарын  ашық  түрде  куәландыра  алады.  Қимыл 
қозғалысының  осы  екі  жақты  терең  өзара  байланысы  өздерінің  ерекшеленетін  қабілеттері  бола  тұра, 
сонымен  қатар  сол  бір  жүйке-бұлшықет  аппаратының  қызметі  болып  табылады.  Ол  сонымен  қимыл 
дағдысы және физикалық қасиетінің дамуының қатар пайда болу негізіндегі жатқан шартты-рефлекторлық 
механизмдердің жалпылығымен келісіледі. 
Спортшылардың қимыл қызметтерінің осындай екі жағының болуы, физикалық қасиеттің дағдысы 
тәрізді  ‒  жаттығу  процесінде  және  екі  негізгі,  бір-бірімен  үздіксіз  байланыстағы  бағытта  анықтайды: 
спорттық  қимылдың  түзілуі  (техникалық  дайындықтар)  және  физикалық  қасиеттерін  тәрбиелеу  (дене 
дайындығы). Қазіргі кезде осы екі жақты анықтау (физикалық және техникалық) үлкен қиындық туғызып 
отыр, өйткені, біреуін зерттей отырып біз екіншісінің ықпалынан құтыла алмаймыз.  
Арнайы физикалық қасиеттің дамуының жеткіліксіз жоғары деңгейі қимыл дағдысының пайда болуы 
кезіндегі әртүрлі қателіктерге алып келеді, қимылдың дұрыс құрылымын игеруді қиындатады, спорттық 
жаттығуды  орындау  кезінде  спортшының  техникалық  әрекеттерінің  тиімділігін  төмендетеді.  Сонымен 
қатар «бөлектенген» құрылымдық маңызды бұлшықет топтарының дамуы (ол егер анағұрлым жоғары күш 
көрсеткіштеріне  алып  келсе  де)  оларды  толықтай  қимыл  актіне  толыққанды  пайдалануға  мүмкіндік 
бермейді және жоғары спорттық нәтижелерге қабілетті етпейді. Сонымен қатар сол бұлшықет топтарын, 
қимыл  актінің  құрылымдық  ерекшеліктеріне  сәйкес  келетін  бұлшықет  координациясы  бірдей  уақытта 
түзілсе,  күш  қасиетін  толыққанды  пайдалануға  қабілетті  етеді.  Онсыз,  дене  дайындығының  көрсеткіш-
терінің  деңгейін  жоғарылату  өзіндік  мақсатқа  айналмауы  керек,  керісінше  техникалық  жетілдірудің 
міндеттеріне бағынуы керек деп айтуға болады. 
Физикалық  қасиеттер  мен  қимыл  дағдысының  өзара  байланысы  заманауи  ғылымның  маңызды 
сұрақтарының бірі болып қалады. Осы өзара байланыс, қимыл дағдысының пайда болу негізінде жатқан 
тәрізді  физикалық  қасиеттің  дамуында  да,  шартты-рефлекторлық  механизмдердің  жалпылығымен 
келісілген. Жоғары спорттық нәтижелерге, арнайы дене және техникалық дайындықтың жоғары деңгейі 
есебінен  де  жетуге  болатынын  атап  өтуге  болады,  өйткені  спортшының  іс-шарасының  осы  екі  жағы 
жаттығу кезінде бір-бірімен үздіксіз байланысты болады. Спорттық шеберліктің деңгейі неғұрлым жоғары 
болса, спорттық техникаға және арнайы дене дайындығына соғұрлым көп талаптар қойылады. 
Айта кету керек, спорттық жарыстардың жетекші принциптері, дене және техникалық дайындықтың 
органикалық  өзара  байланысы  болып  табылады.  Физикалық  қасиеттерін  мақсатты  түрде  тәрбиелеуде, 
жасалған және ғылыми негізделген байланысты ықпалының принциптік негізін құрайды. 


«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020 
160 
Екінші  жағынан,  физикалық  қасиеттің  даму  шамасына  қарай  қимыл  дағдысын  жетілдіріп  және 
жаңасын игеру деп есептейді.  
Спорттағы  физикалық  қасиетті  тәрбиелеу  процесі  толығымен  жетекші  болып  табылады,  өйткені 
физикалық қасиет спорттық нәтижелердің жылдам өсуі және техникалық қимылдарды анағұрлым тиімді 
игеруге  қабілетті  етеді.  Қимылдың  рационалдық  құрылымын  бұзу  және  техникалық  тұрақсыздық, 
физикалық қасиеттің жеткіліксіз дамуына тергеу жүргізумен болады. Физикалық қасиеттің осы төмен даму 
деңгейі, спорттық жаттығулардағы техникалық қателіктердің көпшілігінің тек басты себебі болып қоймай, 
сонымен  қатар  спорттық  нәтиженің  деңгейіне  де  әсер  етеді  деген  пікір  қалыптасады.  Сонымен  қатар, 
жоғары  маманданған  спортшыларда  сол  қателіктердің  пайда  болуы  негізінен  басқарушылық  сипаттағы 
негізгі себептерімен анықталады деген пікірлер де бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   617




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет