Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет338/617
Дата13.12.2021
өлшемі6,54 Mb.
#100264
1   ...   334   335   336   337   338   339   340   341   ...   617
Байланысты:
Сборник 24 апреля 2020 г
турецкий язык, анализ политики, презентация, реферат, Египет мәдениеті, 5лекция слайд, 5лекция слайд, fizika-formuly-ege, Жоспар3, Жоспар3, Жоспар3, 158, Химический состав биогумуса, Химический состав биогумуса, ABDRAKHIMOVA A.O. Tezis 02 ,04,2018
 
 
Зерттеу өзектілігі. 
3х3 баскетболы жас спорт бағыты болғандықтан Қазақстанда бұл мәселе толықтай 
зерттелмеген.  Бұл
 
бағытта  Əлем  деңгейінде  зерттеу  жұмыстары  көңіл  қуантарлықтай  емес,  себебі  бұл 
спорт түрі енді-енді дами бастады. Классикалық баскетболдан бөлініп шыққан жаңа кәсіби спорт түрі екі 
жыл бұрын ғана Олимпиада бағдарламасына енген болатын. 3х3 баскетболымен байланысты мәселелер 
енді ғана зерттеле басталды.  
Соңғы жылдары 3х3 баскетбол қарқынды дамып келеді. 3х3 баскетбол классикалық баскетболдың бір 
түрі болып табылады. 3х3 баскетболдың бұрынғы кеңінен таралған атауы – стритбол (көше баскетболы). 
Алғашқы кезде бұл баскетбол түрі Американың кедей аудандарында пайда болған, алайда баскетболдың 
өзі  1891  жылдан  бастап  қазіргі  заманға  дейін  қарқынды  дамып  келеді.  1891  жылы  дене  шынықтыру 
мұғалімі  жаңа  спорт  түрін  ойлап  табады,  кейін  баскетболдың  ережелері  дами  келе  бұл  спорт  түрі 
миллиондаған адамдардың сүйікті ойынына айналды. 50-ші жылдары бұл спорт түрі тек қана ойын-сауық 
ретінде қабылданған болса, қазір 3х3 баскетбол алғаш рет жазғы Олимпиада бағдарламасына енгізілген 
болатын. 20-шы ғасырдың ортасында 3х3 баскетболға деген көзқарас өзгере бастады. Көшелерде ойнайтын 
баскетболшылар Ұлттық баскетбол лигасына (ҰБЛ) түсуге тырыса бастайды. Бұл баскетбол түрі көптеген 
афроамерикалық баскетболшыларға үлкен баскетболға шығуына  мүмкіндік бола бастады. Қазіргі кезде 
ҰБЛ ойын ойнайтын афроамерикалық баскетболшылардың саны айтарлықтай өскен. 
1956 жылы баскетболдың үлкен жанкүйері Холкомб Ракер Ракер-парктың (1-сурет) негізін салады. 
Холкомб  Ракер  Нью-Йорк  қаласының  саябақтары  мен  демалыс  орындарының  Департаментінің  спорт 
алаңдарының  директоры  қызметін  атқарған  болатын.  1950  жылы  Холкомб  Ракер  кедей  балалары  үшін 
үлкен жарыс өткізеді. Холкомбтың басты мақсаты бұл балаларға баскетбол арқылы жарқын болашаққа жол 
ашу болатын. Қазіргі кезде бұл баскетбол алаңы Əлемге әйгілі орталық болып табылады. Əр жылы бұл 


«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020 
174 
орталықта  баскетбол  бойынша  Халықаралық  жарыстар  («EBC»,  «Rucker  League»)  ұйымдастырылып 
отырады [1].
 
 
 
 
 
1-сурет ‒ Ракер-парк 
 
3х3 баскетбол бойынша алғашқы турнир 1989 жылы АҚШ-та өткізілген болатын және оның атауы 
«Hoop It Up» болды. 1989 жылдан дастап 2014 жылға дейін бұл турнирге 500 мыңнан астам адам қатысқан 
болатын [3,4].  
1991  жылы  алып  «Аdidas»  компаниясы  3х3  баскетболға  екінші  өмір  сыйлайды.  Бұл  компанияның 
мақсаты  дала  баскетболы  бойынша  Еуропада  ең  үлкен  турнирлерге  бастама  беру  болды  [5].  Алғашқы 
турнирлер  Париж қаласында өткізілген болса, кейін Мадрид, Берлин, Стокгольм,  Йюрих және де Вена 
қалаларында да 3х3 баскетбол бойынша турнирлер өткізілген болатын. Бір жыл ішінде бұл турнирлерге 
20 000-нан  астам  командалар  қатысып  үлгерді.  1994  жылдан  бастап  «Аdidas»  компаниясы  өз 
мемлекеттерінде бірінші орын алған командалар бір-бірімен жарыса алды [5]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   334   335   336   337   338   339   340   341   ...   617




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет