Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет346/617
Дата13.12.2021
өлшемі6,54 Mb.
#100264
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   617
Байланысты:
Сборник 24 апреля 2020 г
турецкий язык, анализ политики, презентация, реферат, Египет мәдениеті, 5лекция слайд, 5лекция слайд, fizika-formuly-ege, Жоспар3, Жоспар3, Жоспар3, 158, Химический состав биогумуса, Химический состав биогумуса, ABDRAKHIMOVA A.O. Tezis 02 ,04,2018
 
Кіріспе. 
Жаттығу  жүктемелерінен  кейін  спортшылардың  жұмыс  істеу  қабілеттіліктерін  қалпына 
келтіру және салмақты азайту мәселесі спортшыларды жарысқа дайындауда маңызды болып табылады. 
Тәжірибеде  салмақ  азайтудың  кейбір  жағымсыз  жақтарын  көрсетсе,  соған  қарамастан  көптеген 
спортшылар салмақ азайтуға сүйенеді. Бірақ салмақты азайтудың оңтайлы түрлерін іздеу мәселесі әлі де 
бар.  
Жарысқа балуандар әр салмақ дәрежесі бойынша сайысқа түседі. Осыған байланысты спортшылар мен 
жаттықтырушылар жарыс алдында, қандай салмақ дәрежесіне шыққаны дұрыс деген сұрақ жиі туындайды. 
Əрине, спортшы өзінің салмағына сәйкес салмақтық дәрежеде күресуі қажет екендігі белгілі. Алайда, кей 
кездері топтың қалауы және жеке нәтижеге байланысты кейбір балуандарға салмақты 1,5-3,5 кг, кейде одан 
да көп азайтуға тура келеді.  
Монша  ‒  спорт  саласындағы  көптеген  мамандармен  жаттығу  мен  жарыстардан  кейін  жұмыс  істеу 
қабілеттілігін  қалыпқа  келтіру,  сондай-ақ  спортшылардың  салмағын  қарқынды  азайту  құралы  ретінде 
қолданылады [1]. Бірақ қолжетімді әдебиеттерде сауна мен моншаларды салмақ азайту үшін қолданудың 
зардаптары туралы жеткілікті ақпараттар жоқ, бұл процедуралар спортшылардың жүрек-қан тамырлары 
жүйесіне әсер етеді.  
Осыған байланысты, балуандардың салмақ азайту және жұмыс істеу қабілеттілігін қалпына келтіру 
процесінде, бу моншасының әсерін анықтау бойынша зерттеу жүргізуді шештік. Жоғарыда келтірілгендер 
зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтайды.  


«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020 
178 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   617




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет