Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары


Қорытынды.  Жүргізілген зерттеулер нәтижесі келесідей қорытынды жасауға негіз береді



Pdf көрінісі
бет351/617
Дата13.12.2021
өлшемі6,54 Mb.
#100264
1   ...   347   348   349   350   351   352   353   354   ...   617
Байланысты:
Сборник 24 апреля 2020 г
турецкий язык, анализ политики, презентация, реферат, Египет мәдениеті, 5лекция слайд, 5лекция слайд, fizika-formuly-ege, Жоспар3, Жоспар3, Жоспар3, 158, Химический состав биогумуса, Химический состав биогумуса, ABDRAKHIMOVA A.O. Tezis 02 ,04,2018
Қорытынды
Жүргізілген зерттеулер нәтижесі келесідей қорытынды жасауға негіз береді:
 
1.  Су  моншасы,  әдеби  көздер  дәлелдегендей,  барлық  организмге  жақсы  әсер  етеді  және 
спортшылардың  жұмысқа  қабілеттілігін  қалыпқа  келтірудің  тиімді  құралы  болып  табылады  және 
спортшылардың, көбінесе күресшілердің арасында салмақ тастау үшін кеңінен қолданылады. Спорттық 
практикада бу моншасын қолданудың жағымды жақтарымен қатар, бұл процедураның спортшылардың 
организміне  жағымсыз  әсерлері  де  байқалады,  мысалы,  күшейтілген  салмақ  азайтуда,  спортшыларда 
сусыздану  байқалса,  онда  су  моншасының  жоғарғы  температурасының  әсері  жүрек  қысылу  жиілігін 
ұлғайта отырып, жүрек-қан тамырлары жүйесіне әсер етеді. 
2.  Салмақты  азайту  үшін  90  минут  ішінде  бу  бөлмесіне  6  рет  бару  арқылы  су  моншасын  қолдану 
нәтижесінде, ЖҚЖ жоғарылауында көрсетілген серпін анықталды. Ең жоғарғы ЖҚЖ бу бөлмесіне 6-шы 
рет  кіргеннен  кейін  72  минутта  (152  соқ/мин)  байқалды.  Бұл  спортшылар  салмақты  азайту  барысында 
шаршағандығын білдіреді. Бірақ барлық процедуралар аяқталғаннан кейін 90-шы минутта жүрек соғысы 
бу  сеансының  бастапқы  мәніне  сәйкес  келді  және  67  соқ/мин  құрады.  Бұл  спортшылардың  жұмысқа 
қабілеттілігін толығымен қалыпқа келтіргендігін білдіреді.  
3. Бу бөлмелерін қолдану арқылы, 60 минут ішінде спортшылардың жұмысқа қабілеттілігін қалыпқа 
келтіру үшін су моншасын қолдану нәтижесінде, келесі мәліметтер алынды: 
-
 
ЖҚЖ ең көп шамасы 32 минутта (129 соғ/мин) байқалды; 
-
 
Жүрек соғысының ең аз шамасы 60 минутта байқалды және 63 соғ/мин құрады, бұл процедураның 
басына  қарағанда  төмен  (монша  сеансының  басында  ЖҚЖ  65  соғ/мин  тең  болды).  Бұл  жүрек-қан 
тамырлары  жүйесінің  үнемді  түрде  жұмыс  істей  бастағандығын  білдіреді,  яғни,  спортшылар  толық 
қалыпқа  келді  деп  жорамалдауға  болады,  оған  спортшылардың  өздерінің  хал-жайларын  өздері 
субъективтік бағалауы сәйкес келеді.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   347   348   349   350   351   352   353   354   ...   617




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет