Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет572/617
Дата13.12.2021
өлшемі6,54 Mb.
#100264
1   ...   568   569   570   571   572   573   574   575   ...   617
Байланысты:
Сборник 24 апреля 2020 г
турецкий язык, анализ политики, презентация, реферат, Египет мәдениеті, 5лекция слайд, 5лекция слайд, fizika-formuly-ege, Жоспар3, Жоспар3, Жоспар3, 158, Химический состав биогумуса, Химический состав биогумуса, ABDRAKHIMOVA A.O. Tezis 02 ,04,2018
 
 
Кіріспе
.  Тыныс  алу  дегеніміз  организмнің  қоршаған  ортадан  оттегін  сіңіріп,  өзінен  көмір  қышқыл 
газды  бөлуін  қамтамасыз  ететін  процестер  жиынтығы.  Демек  тыныс  алудың  мәні  ағзаны  оттегімен 
қамтамасыз ету арқылы қоректік заттар құрамындағы энергияны биологиялық құнды түрге айналдырып, 
денеде пайда болған көмір қышқыл газды бөліп шығарады. 
Дем алғанда ағза мен сыртқы орта газдармен алмасады, ішке оттегі кіріп, сыртқа көмірқышқыл газы 
айдалып тұрады. Бұл процесс кеуде қуысында орналасқан өкпенің альвеоларында (лат. ‒ ойма қуыс, науа) 
жүреді. Тыныс алу кезінде өкпені атмосфермалық ауамен және одан газбен қаныққан ауаны тасымалдау 
тыныс алу жолдары арқылы жасалады. 
Дем алу және дем шығару қан айналым жүйесі арқылы ағзаның барлық мүшелеріне әсер етеді.  
Кеуде қуысын кеңейту тәсіліне қарай дем алудың екі түрі бар: 

 
қабырғаларды көтеріп кеуде қуысын кеңейту арқылы дем алу ‒ кеудемен дем алу (жас сәби мен әйел 
адамдар дем алысы) деп аталады; 

 
диафрагманың көмегімен кеуде қуысын кеңейту арқылы дем алу ‒ ішпен дем алу (ер адамдардың 
тыныс алуы) деп аталады. 
Адамдарда тыныс алу процесі бірнеше кезеңде атқарылады: 1) сыртқы орта мен өкпе альвеолалары 
арасындағы  ауа  алмасуы  немесе  сыртқы  тыныс;  2)  өкпе  альвеолалары  мен  кіші  қан  айналым  шеңбері 
капиллярлары арасындағы газ алмасу, немесе өкпедегі газ алмасу; 3) газдардың қанмен тасымалдануы; 4) 
үлкен қан айналым шеңбері капиллярлары мен ұлпа және мүше торшалары арасындағы газ алмасу – ішкі 
тыныс;  5)  торшалардың  оттегін  пайдаланып,  көмір  қышқыл  газды  бөлуі  немесе  торшалар 
митохондрияларындағы биологиялық тотығу [1,2]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   568   569   570   571   572   573   574   575   ...   617




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет