Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет584/617
Дата13.12.2021
өлшемі6,54 Mb.
#100264
1   ...   580   581   582   583   584   585   586   587   ...   617
Байланысты:
Сборник 24 апреля 2020 г
турецкий язык, анализ политики, презентация, реферат, Египет мәдениеті, 5лекция слайд, 5лекция слайд, fizika-formuly-ege, Жоспар3, Жоспар3, Жоспар3, 158, Химический состав биогумуса, Химический состав биогумуса, ABDRAKHIMOVA A.O. Tezis 02 ,04,2018
COVID-19
 байланысты атмосфераға 200 млн тонна көмірқышқыл газы аз түсті 
– ал бұл энергетика секторындағы CO
2
 жылдық әлемдік шығарындыларының 0,6%-ы. Және бұл тек бір 
елдің бірнеше аптадағы нәтижелері. Егер парниктік газдардың саны төмендеуді жалғастырса, бұл әлемдік 
зиянды шығарындылардың алғашқы байқалатын төмендеуіне әкелуі мүмкін. 


«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020 
292 
Біз  COVID-19-дың  экологияға  әсері  туралы  айтқан  кезде  бұл  мәселеге  кешенді  қарауымыз  керек, 
Қазақстандағы  қазіргі  кездегі  қолайлы  экологияны  сақтау  үшін  біз  халық  арасындағы  экологиялық 
сауаттылықты арттыруға арналған инвестициялардың мөлшерін үлкейтуін қарастыру керекпіз. 
 
 
2-сурет ‒ AirKaz.org ‒ ауа сапасының мониторингі сайты. Қарағандыда карантин жарияланғанға дейін және кейін PM2.5 
бөлшектер бойынша скриншоты 
 
Экологиялық  білім  мен  тәрбие  берудің  мақсаты  ‒  жеке  тұлға  бойында  табиғатқа  деген  ізгілік 
қатынастарды қалыптастыра отырып, «Адам ‒ Қоғам ‒ Табиғат» арасында толық үйлесімділік рухында 
тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру өте күрделі процесс. Қоршаған табиғи ортаның өзі мен қоғам үшін 
мәңгі қажеттілігін сезіндіре отырып әр адамның дүниеге деген ізгі көзқарасын бірте-бірте қалыптастыру 
көзделеді. 
Экологиялық  тәрбиелеу  және  білім  беру  барысында  бірнеше  функциялар  жүзеге  асырылу  керек, 
солардың негізгісі: 

 
тікелей экологиялық білім берушілік (қоршаған ортаның қызметі туралы заңдарды білу); 

 
дүниетаным (экологиялық дүниетанымды қалыптастыру); 

 
гуманистік (табиғатқа деген өнегелілік – этикалық қарым-қатынастың қалыптасуы); 

 
тәрбиелеушілік  (қоғамның  қоршаған  ортамен  қарым-қатынасын  меңгерудің  негізінде  тұлғаның 
әлеуметтік қасиеттерінің қалыптасуы); 

 
ақпараттық (табиғатты қорғау қызметінің тәжірибесін меңгере, оған анализ жасай отырып халыққа 
жеткізу). 
БАҚ-та (бұқаралық ақпарат құралдары), соның ішінде теледидарда, радиода экологияға байланысты 
экологиялық  мәселерді  жан-жақты  ашатын  арнайы  бағдарламалар  жүйелі  түрде  жүргізілу  қажет  деп 
ойлаймын. Халық экологияға қатысты шынайы, нақты ақпарат алу керек. Осы мәселеге қатысты тұлғаның 
өзін-өзі  жетілдіруі,  өзін  тәрбиелеуі  өте  маңызды.  Жақын  арада  осы  мәселеге  байланысты  студенттер 
арасында сауалнама жүргізілген болатын.  
Сауалнамада «Экологияға қатысты ақпараттарды қайдан аласыз» деген сұрақ қойылды. Нәтижесінде, 
төменде көрсетілгендей (3-сурет), көбінесе бұқаралық ақпарат көздерінен ақпарат алатын болып отыр. 
Қоршаған ортаны қорғау мәселесі туралы негізгі білім мектеп қабырғасынан алынады. Экологиялық 
білімді,  көзқарасты,  өнегелілікті,  экологиялық  мәдениетті  қалыптастырудың  мақсаттарын  жүзеге 
асырудың негізін мектеп құрайды. Тұлға іс-әрекет барысында дамитын болғандықтан экология саласында 
алынатын білімдер қоршаған ортаны қорғаудағы нақты іс-әрекеттермен бекітілуі тиіс.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3-сурет  ‒ Экологиялық мәселеге қатысты ақпарат көздері 
 
75%
15%
10%
БАҚ
Формалды емес 
қарым-қатынастар


«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020 
293 
Экология мәселесіне байланысты зерттеу жұмыстарына студенттер мен мектеп оқушыларын көптеп 
тарту  олардың  өзіндік  экологиялық  санасының  қалыптасуына  әсер  етеді.  Экологиялық  іс-шараларға 
қатыстыру,  осы  мәселеге  байланысты  әр  түрлі  дөңгелек  үстелдерге,  конференцияларға  қатысу,  түрлі 
ұйымдарда жұмыс істеу және сенбіліктерге, көгалдандыру үдерісіне қатыстыру қажет. Студенттер өздері 
ауланы  тазалағанда  ғана  немесе  т.б.  экологиялық  шараларға  қатысып,  өзі  еңбектенгенде  ғана  біреудің 
еңбегінің қадірін түсінетіндігін айтады. 
Жоғарыда  айтылып  кеткендей  біз  сауалнама  жүргізу  барысында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   580   581   582   583   584   585   586   587   ...   617




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет