«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020
29
бұйрығында былай деп келтірілген: «... многотысячная армия физкультурников Казахстана должна
показать свою готовность и способность встать на защиту наших границ» [4].
Дене шынықтыру мен спорттың маңыздылығы төменде келтірілген дәйектерге сай айтарлықтай
біршама ұлғая түсті.
1941 жылы бастапқы әскери дайындық сабағы 214 305 адамды қамтыған 1644 толық емес орта
мектептерде енгізілсе, әскер алды дайындық сабақтары 53 136 адамды қамтыған 677 орта мектептерде
енгізілді. Республика бойынша всеобуч бағдарламасынан 14 230 оқушы өтіп, олардың 2673-ін қыздар
құрады.
1942 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР ХКК «Республика мектептерінде әскери оқытуды
басшылыққа алу туралы» қаулыны жариялады. Ол бойынша халық ағарту органдарынан жастарды
әскери іске дайындау мәселесі қатаң талап етілді.
1943 жылы Алматыға жақын жердегі Горельник шатқалында тау спорты нұсқаушыларын
дайындайтын Бүкілодақтық мектеп құрылды. Ол Кеңес Əскерінің тау-атқыш бөлімшелеріне атқыш-
альпинистер дайындаумен айналысты. 1943-1944 жж. бұл мектеп 1500 нұсқаушы, 12 000 тау атқышын
дайындап шығарды. 1943 жылы жазда Қазақстан мен Орталық Азия республикаларының бірінші
спартакиадасы өткізілді.
Ал КСРО ХКК 1944 жылғы 14 қарашадағы №1581 қаулысымен Қазақ дене шынықтыру институты
(қазіргі Қазақ спорт және туризм академиясы) құрылды [5].
1945 жылы шілдедегі Қазақ КСР ХКК арнайы қаулысымен «тоғыз құмалақ» ұлттық ойын ретінде
ендірілді, ол қазақ халқының мәдени мұрасы ретінде есептеліп, еңбекшілердің тынығуы мен
демалуында аса маңызға ие деп саналды [6].
1944 жылдан бастап республикада қысқа уақытта жетекші қоғамға айналған «Еңбек резерві»
спорттық қоғамы негізделді. Осы жылы 15 мамырда Қазақ КСР ХКК «Еңбекшілердің дене тәрбиесін
жақсарту және ұлттық спорт түрлерін дамыту жөніндегі іс-шаралар туралы» қаулысы қабылданып,
онда дене шынықтыру қозғалысын нығайту, кадрларды дайындау мәселелері алға қойылды. Қазақстан
ХКК кадрларды даярлауды шұғыл әрі қазақ ұлты арасынан дайындауды талап етті. Республика үкіметі
дене шынықтыру және спортпен айналысуға жергілікті халық арасынан көптеп тарту қажет екенін
атады. Осы орайда, айта кетерлік дәйек, осы кезең қаулысының бірінде Қазақстан мен Орталық Азия
республикаларының 1945 жылғы екінші спартакиадасында қазақ жастарынан бірде-бір спортшының
болмағаны көрсетіледі [7].
Дей тұрғанмен, Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ халқының біртуар ұлдары да дене
шынықтыру мен спорт бағытында өздерінің ұмытылмас үлестерін қоса білді. Солардың ішінде қазақ
халқының батыры Қажымұқан Мұңайтпасовты ерекше атап өтуге болады. Ол өз қаражаты есебінен
әскери ұшақ жасатып, оны соғыс майданына жібереді. Мұнымен қоса халық арасында дене күшін
дамытуды өз тәжірибесінде кеңінен насихаттай білді.
Жалпы Қазақстанның оңтүстік өңірі бойынша мысал келтірер болсақ, спорт бағыты бойынша осы
кезеңде футболдан Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы В.П. Плясуновты атауға болады, оның
құрметіне футболдан республикалық турнирлер өткізіледі. В.Ф. Николаев – майор, облыстық спорт
комитетінің төрағасы, оның естелігі үшін жыл сайын жүгіру жеңіл атлетикасынан жарыс өткізіледі.
Б. Онтаев – Кеңес Одағының Батыры, ол бойынша бокстан республикалық турнир өтеді. М. Досқараев
– аға гвардия лейтенанты, соғыстан соң Кенигсберг қаласының коменданты болып, танк батальонын
басқарған, оның естелігіне тоғыз құмалақтан республикалық турнирлер өткізіліп келеді.
Осы және басқа да көптеген қазақ ұлдары Ұлы Отан соғысынан кейін де жауапты басқарушылық
қызметтер атқарды, олардың есімдеріне бүгінде олар оқып, өмір сүрген қалалар мен елдімекендерде
мектеп, көше атаулары берілген.
Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстандағы дене шынықтыру мен спорт тек қорғаныс
дайындығына ғана емес, сондай-ақ тұрғындардың физикалық дене дамуына да қызмет етті деуге
болады. Ұлттық спорт түрлерін дамыту, дене шынықтыру институтын құру, Қазақстан мен Орталық
Азия республикаларының бірінші және екінші спартакиадаларын өткізу, осы кезеңнің жоғарыда
аталған тенденцияларының жарқын дәлелі болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: