Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет226/617
Дата13.12.2021
өлшемі6,54 Mb.
#100264
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   617
Байланысты:
Сборник 24 апреля 2020 г
турецкий язык, анализ политики, презентация, реферат, Египет мәдениеті, 5лекция слайд, 5лекция слайд, fizika-formuly-ege, Жоспар3, Жоспар3, Жоспар3, 158, Химический состав биогумуса, Химический состав биогумуса, ABDRAKHIMOVA A.O. Tezis 02 ,04,2018
Зерттеу әдістері
: зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-педагогикалық әдебиеттермен танысып, оларға 
талдау  жасау,  жүйелі-құрылымдық,  талдау  және  синтез,  салыстырмалы-тарихи,  тарихи-генетикалық, 
ретроспективтік  талдау.  Зерттеу  барысында  қолданылған  тағы  бір  әдіс  ‒  зерттеу  нысанын  құрамдас 
бөліктерге бөліп, оларға тән белгілер мен қасиеттерді анықтаудан тұратын логикалық әдіс. Жинақталған 
материалдарды  сараптау,  зерттеу,  қорытындылау  мақсатында  математикалық,  статистикалық  талдау 
әдістемелері қолданылды. Сандық көрсеткіштерді ғылыми талдау жолдарының бірі ретінде статистикалық 
әдіс арқылы статистикалық мәліметтерден хабардар болып, сол арқылы ұлттық спорт ойындардың сапалық 
сипаттамасын нақтырақ анықтай алдық. 
Қазіргі замандағы жеңісті де табысты адам – ол сан қырлы және жан-жақты дамыған тұлға. Осындай 
тұлғаны қалыптастыру жөргектен басталу қажет екенін баршамызға мәлім. Баланың физикалық және ой-
өрісінің  дамуына  және  базалық  қоғамдық  әдеттер  мен  дағдыларының  қалыптасуына  этникалық  мәде-
ниеттің  ықпалы  зор.  Соңғы  жылдары  этникалық  тәрбие  Қазақстан  Республикасының  білім  беру  жүйе-
сіндегі басым сала болып табылады. Осы тұрғыда қазақтың ұлттық ойындары ерекше мағынаға ие болып 
келеді [68].  
Қазақ  халқының  мәдениетінің  маңызды  элементтерінің  бірі  болып  атам  заманғы  тәжірибе  мен 
көптеген  адамдардың  өмірімен  негізделген  тарихи  мұрасы  болып  ұлттық  ойындар  табылады.  Бала 
қозғалмалы ойындардың көмегімен дамиды. Ол ойындар мақсаттарына қол жеткізу үшін қиындықтарды, 
кедергілерді еңсеруге бағытталған.  
Ойындар арқылы біз төмендегілерді іске асырамыз: 


«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020 
119 

 
дене дамуы, дербестігін дамыту 

 
моральдық және эстетикалық тәрбие беру 

 
қоршаған ортаны таныту 

 
логикалық ойлауды дамыту. 
Ойнап  жүрген  балаларды  бақылай  отырып  біз  олардың  бойындағы  батылсыздық,  жалтақтық,  ба-
тылдық, қажырлылық, қайсарлық, өжеттік, табандылық, тұрақтылық, қарсыластарына деген көзқарасын, 
өзіне қойған талаптарын, өз қателеріне, жеңіс пен жеңіліске деген көзқарасын байқаймыз. 
Этнограф  А.А.  Диваев  ойындардың  ынталандыратын  қызметі  жайында  көп  жазды.  Ұлттық  ойын-
дардың тәрбие құралы ретінде қолданылатыны М. Əуезов, С. Мұқанов, І. Жансүгіров, т.б. еңбектерінде жиі 
кездеседі.  Өскелең  ұрпақты  тәрбиелеудегі  мәдени  мұраның  маңыздылығы  жайында  Ы.  Алтынсарин,            
А.  Құнанбаев,  Т.Ш.  Қуанышев,  К.Ж.  Кожахметова,  Б.О.  Төтенаев,  М.Т.  Таникеев,  С.А.  Узақбаева,            
М.Х. Балтабаев, т.б. көптеген педагог-зерттеушілер ойларын айтқан. Е. Сағындыковтың пайымдауынша 
«Қазақтың ұлттық ойындары логикалық ойлау қабілетін тереңдетеді, мидың іздеу қабілетін арттырады» 
[1]. 
Ойын дегеніміз ‒ халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі. Балалардың 
танымдық  іс-әрекетін  қалыптастыруда  негізгі  жұмыс  түрі  ‒  ойын  әрекеті.  Бала  саналы,  мәдениетті, 
адамгершілігі мол болып, жан-жақты дамуы үшін және тілін дамытып, сөз байлығын дамыту үшін және 
айналадағы  өмір  құбылысын  ұғыну  үшін  пайдаланудың  маңызы  зор.  Ойын  үстінде  баланың  түрлі 
қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А.С. Макаренко былай дейді: 
«Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады» [2]. Сондықтан 
келешекке  адамды  тәрбиелеу  ‒  бәрінен  бұрын  ойын  арқылы  жүзеге  асырылады.  Ойын  ‒  балалар  үшін 
айналаны танып, білу тәсілі. 
Ұлы педагог В.И. Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық 
мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», ‒ дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы 
сіңіру арқылы байи түседі [3].  
Қазақтың  ұлттық  ойындарының  өздеріне  тән  сипаты  болып  балалардың  бойында  зейінділік, 
тапқырлық,  ұғымталдықты,  ойлау  жеделдігін  және  шығармашылықты  дамыту  мүмкіндіктерінің  болуы 
табылады.  Бұл  ойындарда  баланың  ой-өрісін  кеңейтетін,  өз  халқы,  елі,  әлем  туралы  мағлұмат  беретін 
танымдық материал жиналған. 
Ұлттық ойындар тек ермек үшін емес, өскелең ұрпақтың бойында өмірлік маңызы зор дағдыларды 
қалыптастыру құралы болғандықтан, дала елі ойындар арқылы жасөспірімдерді дені сау, үлкендерге ізет 
көрсететін,  ұлттық  салт-дәстүрлерді  құрметтей  білетін,  қоғамның,  тұған-туыстары  мен  жақындарының 
алдында міндеттерін сезінетін тұлға ретінде тәрбиеледі.  
Қазақтың  ұлттық  ойындары  бала  бойында  қалыптастыратын  қасиеттеріне  қарай  дене  қимылына 
бағытталған және ментальді болып келетіні мәлім (1-сурет). 
 
1-сурет ‒ Дене қимылына бағытталған және ментальді ойындарының мысалдары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   617




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет