Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет228/617
Дата13.12.2021
өлшемі6,54 Mb.
#100264
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   617
Байланысты:
Сборник 24 апреля 2020 г
турецкий язык, анализ политики, презентация, реферат, Египет мәдениеті, 5лекция слайд, 5лекция слайд, fizika-formuly-ege, Жоспар3, Жоспар3, Жоспар3, 158, Химический состав биогумуса, Химический состав биогумуса, ABDRAKHIMOVA A.O. Tezis 02 ,04,2018
 
1-кесте ‒ 
Қазақтың ұлттық ойындарының негізгі құзыреттіліктер бойынша жіктелуі 
 
Құзыреттіліктер 
Коммуникативтік 
Жалпымәдениеттік 
Оқу-танымдық 
Əлеуметтік 
Ақ серек, көк серек 
Жаяу көкпар 
Тоғызқұмалақ 
Мысық пен тышқан 
Алтын сақа 
Бестас 
Ханталапай 
Аңшылар 
Айгөлек 
Асық 
Сақина салмақ 
Ақ сүйек 
Үкі 
Қазақ күресі 
Ұшты-ұшты 
Қыз қуу 
 
Аламан бәйге 
Дойбы 
Қара сиыр 
 
Күміс алу 
Хан дойбы 
Соқыр теке 
 
Жамбы ату 
Саусақ санамақ 
Балапандар 
 
Аударыспақ 
Тапқыш 
 
 
Жауғашты 
 
 
 
Жігіт жарыс 
 
 
 
Көкпар 
 
 
 
Жорға жарыс 
 
 
 
Орамал 
 
 
 
А.В.  Хуторскойдың  пайымдауынша, 
жалпымәдениеттік
  құзіреттілік  дегеніміз  баланың  жеткілікті 
деңгейде меңгеруі тиіс тақырыптар. Атап айтқанда, ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениет аясындағы 
танымы мен тәжірибесі; адам және қоғам өмірінің рухани-адамгершілік негіздері; отбасылық, әлеуметтік 
және қоғамдық құбылыстар мен салт-дәстүрлер; адам өміріндегі ғылым мен діннің орны және әлемдегі 
әсері; тұрмыстық және ойын-сауық саласындағы танымы мен құзыреттіліктері [6].  
Шешендік  өнердің  мектебі  болып  табылатын  «сөздік»  ойындар  коммуникативтік  құзіреттілікті 
дамытудың таптырмас құралы. Бұл ойындар сөйлеушіге өз ойын жеткізуге, жан-жағындағы адамдармен 
қарым-қатынасқа түсуге көмектеседі. Ойыншылар бір-бірімен ым-ишарат, дауыс ырғағының көмегімен 
түсініседі. Бұл ойымызға нақты дәлел ‒ «Ақ терек», «Айтыс», «Қаламақ», «Тез айту», т.б. ойындары.  
Ы.  Алтынсарин  өзінің  педагогикалық  тәжірибесінде  ертегілер,  мақал-мәтелдер,  жұмбақтар  мен 
ойындарды кеңінен қолданды. 
«Балалардың  ойын  барысында  ойдан  шығаратын  ойындары,  сөз  орамдары,  санамақтары  –  халық 
шығармашылығының алғашқы түрлерінің бірі десек болады», деп І. Жансүгіров айтқан. 
Мысалы,  «Жануарлар»,  «Қуыр-қуыр,  қуырмаш»,  «Санап  ал»,  «Санамақ»  ойынының  сандарды 
жаттауға көп көмегі бар, олар баланың ойлау қабілетімен қатар, коммуникация процесіне де көп ықпалын 
тигізері сөзсіз.  
Қазақтың нағыз әдемі, дұрыс, үнді, құлаққа жағымды сөзінің «мектебі» деп сөздік ойындарды айтуға 
болады. Ойын барысында ойыншылар нақтылаушы сұрақтар қояды, басқа ойыншының ойын аяқтайды, өз 


«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020 
121 
пікірлерін  жеткізеді.  Осы  әрекеттер  барысында  ойыншы  сөздерін  түсінікті,  анық,  дұрыс  қолданған 
жағдайда ғана мақсатына жете алады.  
«Қаламақ» ойыны эмоционалды көңіл-күй тудырып, балалардың есту қабілетін, зейінін дамытады. Бұл 
ойын  барысында  ойыншылар  топқа  бөліну  мақсатында  «Аспандағы  жұлдыз керек пе, судағы 
құндыз керек пе?» деген сұрақ қойып, оған жауап қайтарып, коммуникацияға түсуге мәжбүр болады және 
бір-біріне жылы сөйлеп, көмектесіп, басқа ойыншыларға деген ақ пейілділігін білдіреді. 
Жаңылтпаштар сөздердің дұрыс дыбысталуына, баланың сөйлеу мен ойлау қабілетінің дамуына өте 
жақсы көмектеседі. Сондай-ақ, ойыншылардың сөз қорын байытады, қоршаған ортамен таныстырады.  
Мысалы,  «Қыз  қуу»  ойынын  алсақ,  бұл  ойынның  элементтері  ежелде  үйлену  тойының  жол-
жораларынан алынған. Жігіт ептілігін, жылдамдығын көрсетіп, алдында атпен шауып бара жатқан қызды 
қуып жетіп қана емес, сондай-ақ ол қызға деген сезімдерін көрсетіп, оған құқылы екендігін дәлелдеуі қажет 
еді. Сәтсіздікке ұшыраған жігіт қалыңдығынан айырылатын.  
Кейін пайда болған  «Қыз қуу» ойыны осы дәстүрдің тікелей бейнелеуі екендігі сөзсіз. Бұл ойында 
жігіттен  талап  етілетін  дағдыларды  тек  «аламан-бәйге»,  «жорға  жарыс»,  «көкпар»,  «жігіт  жарыс», 
«жауғашты», «аударыспақ», «жамбы ату», «күміс алу» және де «қазақ күресі» сынды ойындарға қатысу 
арқылы ғана дамытуға мүмкіндік болған.  
Л.С. Троянскаяның  пікірі бойынша, жалпымәдениеттік құзыреттілік  – ол жеке бас қасиеттері, атап 
айтқанда баланың өзекті мәселелерді шешу мақсатында өз бетімен әрекет ету. Бұл баланың білім деңгейі 
мен тәрбиесіне тікелей байланысты. Жалпымәдениеттік құзыреттілік – ол баланың мәдениет адамы ретінде 
қалыптасып, дамуы [7]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   617




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет