Біріккен Ұлттар Ұйымының бюджетін қалыптастыратын ең ірі 10 мемлекет (2005 жылғы мәлімет бойынша)
Елдер
Пайыздық мөлшері
млн.долл. АҚШ
АҚШ
22
362.7
Жапония
19.47
279.6
Германия
8.66
124.4
Ұлыбритания
6.13
88.0
Франция
6.03
86.6
Италия
4.89
70.2
Канада
2.81
40.4
Испания
2.52
36.2
ҚХР
2.05
29.5
Мексика
1.88
27.0
Аймақтық үкіметаралық ұйым болса, белгілі бір географиялық аймақ шеңберінде орналасқан немесе белгілі бір критерийлерге сай келетін мемлекеттерді ғана біріктіретін халықаралық бірлестік. Бұл категорияға мысал ретінде «Африка бірлігі ұйымын» (АБҰ) т.б. жатқызуға болады. АБҰ-на тек қана Африка аймағында орналасқан елдер мүше бола алады. Африка құрылығынан тысқары орналасқан елдер болса бақылаушы мәртебесінде ұйым жиындарына қатысады.
ХХІ ғасырда бұдан да басқа талаптарды туғызатын әр елдің заңды мүддесімен есептесіп, өзара пайдалы ынтымақтастыққа қол жеткізу ешқандай озбырлықсыз қатынастарды қалыптастыру-адамзаттың алдындағы басты мақсат. Оны қамтамасыз етуде Біріккен Ұлттар Ұйымының алатын орны ерекше. 50 жылдан астам уақытта ол шамасы келгенше халықаралық бейбітшілікті сақтауға, езілген халықтардың бостандыққа жетуіне көмектескені белгілі. Жедел және тоқтаусыз өзгеріп отырған әлем халықтарының тілек-талабына сай БҰҰ-ның да жаңартылуы қажет. Көптеген елдер мен оның қауіпсіздік Кеңесінің құрамын кеңейтуді, әсіресе тең құқылы мемлекеттер санын көбейту арқылы, оның Германия, Жапонияны, Үндістанды, Бразилияны, Нигерияны енгізу туралы ұсыныстар жасауда. Дегенімен БҰҰ-мен санаспай, түйінді мәселелерді шағын топпен қара күшке сүйене отырып шешпек болған қимылдар да орын алуда [4; 298-301].