Халықаралық ұйымдар әлемдік саясаттың ажырамас бір бөлігі


Біріккен Ұлттар Ұйымының гербі



бет6/23
Дата22.10.2022
өлшемі290,5 Kb.
#154625
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Дип.-Біріккен-Ұлттар-Ұйымының-қазіргі-таңдағы-халықаралық-қатынастардағы-ролі

Біріккен Ұлттар Ұйымының гербі

БҰҰ –ның қызметі. Бүгінгі таңда дүние жүзінің 190-нан астам мемлекеттері БҰҰ-ның мүшесі болып табылады.
Соңғы жылдарда БҰҰ-ның бірқатар мүшелерін Қауіпсіздік Кеңесі құратын 25 мүшеге дейін кеңейту арқылы ұлттар қауымдастығын реформала туралы мәселе алаңдатады. «Төрттік блок»-Германия, Үндістан, Бразилия мен Жапония Қауіпсіздік Кеңесіне және екі африкалық мемлекет (бірақ «Вето» құқынсыз) кіруі тиіс деп есептейді. Ал АҚШ пен бірқатар елдер Қауіпсіздік Кеңесінің қатарынан күрт ұлғаюынан қауіптеніп, БҰҰ-ның басты ұйымы пікірталас клубына айналып, қазіргіге қарағанда әсерлілігі аз болады деп ұйғарым жасайды. 2005 жылы қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ-ы Бас Ассамблеясының 60-мерекелік сессиясы болып өтті. Бұл тарихтағы аса ірі саммит болды, оған 100-ге жуық мемлекет пен үкімет басшылары қатысты. Үш күн бойы олар БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннанның ХХІ ғасырдың шындығын есепке ала отырып, ұйымға қайта реформа жасау жөніндегі бастамасын талқылады.
Алайда, 1991 жылы биполярлық (екі полюсті) жүйенің күйреуінен кейін «Еуропа қаіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы» (ЕҚЫҰ) мен «Солтүстік Атлант келісім шарты ұйымы (НАТО) сияқты бірлестіктер аймақтықтан ғаламдыққа айналды. 1991 жылына дейін екі ұйым да коммунистік идеологияға (КСРО) және «Варшава пактіне» қарсы бағытталған еді. Варшава пакті мен КСРО-ның ыдырауына байланысты ЕҚЫҰ және НАТО дүниежүзіндегі мемлекеттердің өзара ынтымақтастығы мен қауіпсіздігі қамтамасыз ету бағытында ғаламдық үкіметаралық бірлестік ретінде қайта құрылды. Қазіргі таңда бұл ұйымдардың ғаламдық бағыт ұстануында дүниежүзіндегі мемлекеттердің бір-біріне саяси, экономикалық тәуелділігі маңызды рөл атқарғандығын ескерген жөн.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік алғаннан кейін халықаралық қатынастар жүйесіндегі дербес әрі тәуелсіз мемлекет ретінде көптеген ғаламдық және аймақтық ұйымдарға мүше болды. Осындай ұйымдарға мүше болу арқылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қзаақстанның тәуелсіз мемлекет екендігін саяси-дипломатиялық тұрғыдан танытып, ел экономикасын әлемдік экономикамен интеграциялауды көздеді. Қазақстанның тікелей ашық теңізге шығар жолының болмауы, мұнай және басқа да қазба байлықтар мен өнеркәсіп өнімдерін шет елге тасымалдау кері әсерін тигізіп отыр. Осыған қарамастан Қазақстан ТМД елдері ішінде экономикалық дамуы тұрғысынан ең алдыңғы қатарды.
Бұл мақсат еліміздің аймақтық және ғаламдық экономикалық жүйенің дамуын көздейтін ұйымдарға мүше болу арқылы жүзеге асты. Қысқасы, Қазақстанның мүше болған аймақтық және ғаламдық деңгейдегі ұйымдар, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде экономикалық тұрғыдан дамуына өз үлесін қосуда.
Біріккен Ұлттар Ұйымы дүниежүзіндегі мемлекеттердің басым көпшілігін біріктіріп отырған халықаралық ұйым. БҰҰ 26 маусым 1945 жылы 50 мемлекет тарапынан қол қойылған Сан-Франциско конференциясы шешімімен құрылған.
Біріккен Ұлттар Ұйымына 191 мемлекет мүше: АҚШ; Жапония, Ресей, Франция, ҚХР, Австралия, Австрия, Әзірбайжан, Албания, Алжир, Ангола, Андорра, Антигуа және Барбуда, Аргентина, Армения, Ағаныстан, Багам аралдары, Бангладеш, Барбадос, Бахрейн, Белиз, Белорусь, Бельгия, Бенин, Болгария, Боливия, Босния және Герцеговина, Ботсвана, Бразилия, Бруней-Даруссалим, Буркина-Фасо, Бурунди, Бутан, Вантуату, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі, Венгрия, Венесуэла, Вьетнам, Габон,Гаити, Гайана, Гамбия, Гана, Гватемала, Гвинея, Гвинея-Бисау,Германия, Гондурас, Гренада, Грекия, Грузия, Дания, Джибути, Доминика, Доминикан Республикасы, Египет, Заир, Замбия, Зимбаве, Үндістан, Индонезия, Иордания, Ирак, Иран, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Йемен, Кабо-Верде, Қазақстан, Камбоджа,Камерун, Комор аралдары, Конго, Конго Демократиялық Республикасы, Корея Халық Демократиялық Республикасы, Коста-Рика, Кот-д Ивуар, Куба, Кувейт, Лаос Халық Демократиялық Республикасы, Латвия, Лесото, Либерия, Ливан, Ливия Араб Джамахириясы, Литва, Македония, Малави, Малайзия, Мали, Мальдивия аралдары, Мальта, Марокко, Маршал аралдары, Мексика, Микронезия Құрама Штататтары, Мозамбик, Молдова Ресйпубликасы, Монако, Монғолия, Мьянма, Номибия, Непал, Науру, Нигер, Нигерия, Нидерланды, Никарагуа, Жаңа Зеландия, Норвегия, Біріккен Араб Әмірлігі, Оман, Пәкістан, Палау, Панама, Папуа- Жаңа Гвинея, Парагвай, Перу, Польша, Португалия, Корея Республикасы, Руана, Румыния, Сальвадор, Самос, Сан-Марино, Сан-Томе, Суринам, Сьерра-Леоне, Сербия және Черногория, Тәжікстан, Таиланд, Тимор Лешти, Танзания Біріккен Республикасы, Того, Тонга, Тринидад және Тобаго, Тували, Тунис, Түркменстан, Туркия, Уганда, Өзбекстан, Украина, Уругвай, Фиджи, Филиппин, Финляндия, Хорватия, Орталық Африка Республикасы, Чад, Чехия Республикасы, Чили, Швейция, Швейцария, Шри-Ланка, Эквадор, Экваториалды Гвинея, Эритрея, Эстония, Эфиопия, Югославия, Оңтсүтік Африка Республикасы, Ямайка [5; 21].
БҰҰ-да бақылаушы елдер мен ұйымдар: Ватикан, Палестина, Африка бірлігі ұйымы, Еуропалық одақ, Ислам конференциясы ұйымы мен Халықаралық қызыл крест комитеті.
БҰҰ-ның есігі бейбіт сүйгіш барлық мемлекеттер үшін ашық. Ұйымға мүшелікке елдерді «Қауіпсіздік кеңесінің» ұсынуы бойынша «Бас Ассамблея» қабылдайды.
БҰҰ-ның ғаламдық деңгейде ұстанған басты мақсаттары:
-дүниежүзілік тұрақтылықты, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
-мемлекеттер арасындағы жанжалдарды дипломатиялық тәсілдер арқылы шешуге жәрдемдесу;
-мемлекеттер арасында экономикалық, сауда-саттық, мәдени т.б. ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Швейцария БҰҰ-на 10 қыркүйек 2002 жылы толыққанды мүше ретінде қабылданып, оған дейін БҰҰ-да бақылаушы статусына ие еді.
БҰҰ-ның штаб пәтері АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет