Халықаралық жүзу федерациясы


Спорттық жүзу әдістерінің өзіндік ерекше айырмашылықтары



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата23.05.2023
өлшемі212,02 Kb.
#177436
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
DOC-20221215-WA0005.

2.2. Спорттық жүзу әдістерінің өзіндік ерекше айырмашылықтары 
Спорттық жүзу әдістерінің өзіндік ерекше айырмашылықтары бар: аяқ-
қолдың қимылдары, тыныс алу, дем шығару, жүзуді бастау сәттері, бұзылу 
т,б,. Мысалы: кроль әдісімен етпеттеп және шалқалап жүзгенде аяқ пен 
қолдың қимылын кезектесіп орындалады да, ал брасс және баттерфляй 
әдістерін қолданғанда қол мен аяқ қатар, бір уақытта бірдей қимылдайды. 
Күш-қуатты аз пайдаланып, үлкен табысқа жету үшін спорттық жүзу 
әдістерімен қимылдары үнемді, дұрыс пайдалануы керек.
Жүзуден бағдарламаға сәйкес ерікн әдіспен мынадай қашықтықтарды 
жарыстар өткізіледі: 50,100,200,400,800, 1500 метрге (жаттығушының 
қалаған әдісімен әдетте ең жеңіл, шапшаң әдіс болып саналатын етпеттеп 
кеудемен жүзу); 100 және 200 м бассейн, 100, 200 м баттерфляймен (әдеттер 
мұның шапшаңдылық түрі дельфин әдісімен орындалады); 100 және 200 м 
шалқалап кроль әдісімен жүзу; 200 немесе 400 м қашықтықты жүзуші құрама 
тізбектен орындайды; 50 м немесе 100 метрден (қашықтықты төртке тең 
бөліп) - баттерфляймен, шалқалап, брасспен, еркін әдіспен аяқтайды; 
эстафета (алмасу): 4Х100 м бірін-бірі ауыстыратын төрт жүзуші орындайды, 
жарысты шалқалап жүзу әдісінен бастайды, сонан кейін брасс, баттерфляй 
және еркін әдіспен аяқтайды, 4х100 м еркін әдіс – ер адамдар үшін.
Қолданбалы жүзудің маңызы. Мұндай жүзу еңбек өнімділігін арттыру 
және еңбекшілердің денсаулығын сақтау мақсатын көздейді. Жүзу мен сүңгу 
қолданбалы тәсілдерге жатады. Бұоапдың қолдану мүмкіндігі өте кең.
Жазғы қапырық, ыссы күндерде амалдар жүздеп, мыңдап жағажайларға - 
өзен-көлдердің, теңіздердің жағаларына жиналады. Судың жағасындағы таза, 
салқын ауа, күннің сәулесі, табиғи көгілдір өсімдіктер дүниесі демалысқа өте 
пайдалы. Әрине мұның бәрі, әсіресе жақсы жүзе білетін адамдарды ерекше 
рақаттандырады.
Жүзудің қолданбалы тәсілін өзен-көлшіктерді, тоғандарды, каналдарды 
жүзіп өткенді, судың астынан бір зат іздегенде суға батып бара жатқан 


15 
адамды құтқару кезінде кеңінен пайдалануға болады. Ол үшін жүзудің 
спорттық әдістерін білу шарт. Себебі адам өзін суда жақсы ұстай алмай 
тұрып, жүзудің қолданбалы тәсілдерінің меңгере алмайтыны белгілі.
Жүзудің спорттық әдістерін меңгергеннен кейін әрбір адам жақсы сүңги 
білуге, жолдағы кедергілерді жүзіп өтуге, суға батып бара жатқан адамды 
құтқару тәсілдерін білуге тиіс. Жақсы жүзе білетін адамның небір қиын 
жағдайда таңғажайып ерліктер көрсете алатыны да белгілі. Ал жүзе 
білмейтін немесі қатты ағынды су ала жөнелсе, өзін-өзі ұстай алмай, 
сасқалақтап су жұтып ағып кетуі ғажап емес. Қолданбалы жүзудің маңызды 
түрі - суға кеткен, апатқа ұшыраған адамды құтқару. Бұл түр теңізшілерге, 
балықшыларға, сал ағызатын жұмысшыларға, ғарышкерлерге және дене 
тәрбиесі мұғалімдеріне қажет.
Жүзудің денсаулыққа әсері. Жүзу – дене шынықтыру үшін нәтижелі 
әдістерінің бірі. Ол тұрақты тазалық дағдыларын қалыптасуын мүмкіндік 
туғызады.
Судың температурасы адамның дене қызуынан қан уақытта да төмен 
болады, сондықтан су ішіндегі адамның денесінен ауа кеңістігіне 50-80% 
артық жылу тарайды. Шомылу және жүзу дене мүшелерінің сыртұы 
температура өзгерістерінен, салқыннан пайда болатын ауруларға шалдықпай, 
төзімді болуын тәрбиелейді. Ал жүзу өзен-көлдеде өткізілетін болса, күннің 
шуағы мен таза ауа адам денесіне күшті әсер етеді.
Жүзу – жүрек, қан тамырлары мен тыныс алу жүйелерін жетілдіруге 
жақсы әсерін тигізеді. Жүзумен жүйелі түрде шұғылданып жүрге адамның 
жүрек соғуы минутына 72-ден 48-50-ге дейін сирейді, ал қанның көлемі 
жүрек бір соққанда 70-80 мл-ден 120-140 мл-ге дейін көбейеді.
Жүзу тыныс жүйелерін нығайтып, оның жұмысы дағдыландырып, 
өкпенің тұрақты сыйымдылығын ұлғайтады. Мысалы, жүзумен жүйелі түрде 
шұғылданып жүрген спортшылардың өкпесінің сыйымдылығы 4000-7000 см 
3 дейін, кейде одан да көбірек ұлғаяды.


16 
Судың тығыздығына байланысты тыныс алу, дем шығару қиындайды, 
тыныс алу судың қысымына, ал дем шығару судың кедергі күшіне 
байланысты.
Жүзу жүйке жүйесін бекітіп, адамның ұйқысын, асқа тәбетін жақсартады, 
сол себептен дәрігерлер жүзуді емдік амал ретінде ұсынады. Дене 
шынықтыруда және емдеуде жүзу сабағы кеңінен таралған әдіс. Жүзу әсіресе 
балалардың дене құрылысын, денсаулығын жүйелі түрде нығайтуға пайдалы 
әсерін тигізеді. Сонымен қатар жүзу сабағы балалардың қол-аяқтарының 
тірек-қимыл жүйесін бекітіп, денесін дамытады және төзімділігін арттырады. 
Баланың денесі күшті, буындары иілгіш, қимылдары шапшаң және әсем 
болуына ықпалын тигізеді.
Жүзу егде адамдарға да пайдалы, өйткені ол адам денесінде зат алмасуды 
күшейтетін жолдың бірі. 
Жүзу — адам мен жануарлардың, су түбіне тимей қозғалу әдісі. Ол 
қозғалыс, көңіл көтеру және демалыс амалы, сондай-ақ спорттың бірегей түрі 
болып саналады.
Оның ағзаға, әсіресе, жүрек пен тірек-қозғалыс жүйесіне беретін жалпы 
беріктендіргіш және сауықтыру әсері бойынша дене белсенділігінің басқа 
түрлерінің арасында оған тең келетіні жоқ. Көне Грекияда жүзу дене 
тәрбиесінің маңызды құралы ретінде пайдаланылған.


17 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет