Есеп шығару барысында бағалау критерийі бойынша, топтар бір-бірін бағалап болғаннан кейін, сергіту сәті болды.
Сабақтың келесі бөлімінде өте қызықты құнды пікірлер айтуға дайындаламыз. Әр топ берілген ресурстармен танысады, оқиды, топта талқылайды. Ресурстар: сандар пирамидасы; Мысыр пирамидалары; пирамидадағы пәктік пен парасат; Маслоу пирпамидасы; қаржылық пирамида; XXI ғасырдың тамақтану пирамидасы. Әр топ, өздеріне берілген тақырып бойынша постер арқылы шығармашылық жұмыстарын қорғап, ой қорытты. Интерактивті тақта арқылы да тамаша мәліметтермен танысып, өз ойларын толықтырды. Оқушылардың шығармашылығын дамытуда ақпараттық коммуникациялық технология әдістерін дәстүрлі әдістермен ұштастыра, жаңаша сабақ түрлерін өткізу еш қиындық келтірмейді. Бүгінгі сабақ арқылы жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы өзім де, оқушыларымда да пәнге деген қызығушылықтың жаңа бір белесіне шыққандай болдым. Сабақ соңында түрлі-түсті жапсырғыштар мен смайликтер арқылы оқушылар өз көңіл күйлерін білдірді. (Рефлексия)
Сабақтың психологиялық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылғанына сенімім мол. Себебі бұл – оқушының ішкі жан дүниесіне терең үңілу, ойына ой қосу, қиялына қанат бітіру, білім алуға деген құлшынысын, қызығушылығын ояту болып табылады. Менің бүгінгі сабағым да қазіргі жаңа технологияларды негізге ала отырып, сабақты талапқа сай тартымды, қызықты, ой өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамытатындай етіп өткеніне оқушылардың құнды пікірлер айтып, есептерді толық талдап және сабақты өмірмен байланыстырып талқылауынан байқадым.
Осылайша, математика пәнін оқытуда оқушының шығармашылығын дамыту жолын, оқушылардың ақпараттық және коммуникативтік мәдениетін қалыптастыруға бағыт беретін білім технологияларын қолдану арқылы дамыту керек деп білемін. Өзім математика сабақтарында интернеттің көмегімен оқытудың жаңа құралы ретінде оқушылардың жеке қажеттіліктері мен қабілеттерін ескере отырып, олардың ақпараттық – коммуникативтік және шығармашылық іс – әрекетін ынталандыруға үлкен септігін тигізетін біркелкі емес дидактикалық жағдайларды ұйымдастыра аламын.
Ақпараттық коммуникациялық технология әдістерін дәстүрлі әдістермен ұштастыра жаңаша сабақ түрлерін өткізу үшін еш қиындық кездеспейді. Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы өзім де, оқушыларымда да пәнге деген қызығушылықтың жаңа бір белесіне шыққандай болдым.
Бастапқыда айтқанымдай,инновациялық сабағымның мақсатында оқушылардың қазіргі заман талабына сай білімін толықтыру үшін жан-жақтылық қажет және сол қажетті материалды интернет жүйесінен таба алатындығымыз, технологиялардың көмегімен ұсына аламыз.
Келешекте өз әдістемелік технологияларым мен сабақ үйрету шеберлігімді жетілдіру үшін мынадай жұмыстар жүргізу қажет деп білемін: үздіксіз біліктілігімді көтеріп отыру; арнайы әдебиеттерді оқу; оқытудың жаңа әдістері мен технологияларын ендіріп отыру; өзіндік сарап жүргізу арқылы ұзтаздық шеберлікті жетілдіру.
Қалай болса да математика сабағында оқу сапасын арттыру арқылы оқушылардың дамуына ықпал ету – әрбір мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен құзіреттілігіне тікелей байланысты деп айта аламын.
Осыдан түйгенім: жаңа ақпараттық технология элементтерімен дәстүрлі әдістерді сабақтастыра жүргізген сабақ өз шыңына жетеді. Ал оқушы сол білім шыңына шығу үшін жоспарланатын тапсырмалар мен қолданылатын әдістер әрбір мұғалімнің шеберлігімен, өмір мен тұрмыстың күрделілігіне қарамастан қаншалықты өз жұмысын сүйетініне байланысты. Олай болса «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген ұлы Абайдың сөзі ақиқат екенін өмірдің өзі дәлдеп отырған жоқ па?!