Халықаралық оқытушылар сайысы"Менің инновациялық сабағым" «Пирамида жеті кереметтің бірі»



бет1/4
Дата05.02.2022
өлшемі94,11 Kb.
#21044
түріСабақ
  1   2   3   4

Ақтау қаласы, №11мамандандырылған физика-математика мектебінің математика пәні мұғалімі Асылбаева Маржан Мурзагалиевнаның Халықаралық оқытушылар сайысы"Менің инновациялық сабағым"

« Пирамида - жеті кереметтің бірі»


«Сабақ жас өспірімдердің интеллектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің түлеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады».


(В.А.Сухомлинский)
Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыруды дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында инновациялық технология ұсынылады. Инновациялық білім беру -іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, технологияны енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстарын жүргізуге бағытталған. Осыған байланысты өзекті мәселелердің бірі - сабақтың жаңа түрлерін дамыту.
Педагогикалық үрдісте инновация - оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері, мақсаты мен мазмұнын, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденістері, қолданған әдіс – тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады. Сабақ үрдісінде пайдаланып жүрген әдіс – тәсілдер оқушылардың оқуға деген ынта – ықыласының, дағды мен ой – өріс, білім – біліктерінің артуымен сипатталары cөзсіз. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс – тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктелініп, қолданылады. «Өмір бір орында тұрмайды, уақыт өткен сайын жаңа талаптар пайда болады» деген Елбасының сөзі мұғалімдердің жаңа міндеттерді шешуге әзір болуын талап етеді.
Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, заманауи технологиялардың әдіс-тәсілдерін, элементтерін қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Осы мақсатта математика сабақтарын да әртүрлі әдістермен жүргізуге болады.
Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым – әр оқушының бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу және үнемі жаңалыққа ұмтылып, жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін меңгеру. Мен өзімнің дәстүрлі және жаңа инновацияларды сабақтастырудағы іс-әрекетімді мынадай өлшемдермен сипаттаймын: инновациялық іс-әрекеттің қажеттілігін сезіну; оқу үрдісіне жаңалық енгізуде шығармашылықпен қызмет етуге даярлығымның болуы; енгізілетін жаңалықтардың бағытының дұрыстығына, тиімді нәтиже әкелетініне сенімді болуым; белгілі проблеманы шешудегі қолданылатын инновациялық іс-әрекетті толық өзіме қабылдап, оны енгізе білуім.
Мен 2013ж. 11қарашасында ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын бітірдім. Осы курс негізінде орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларды жасай отырып, 9 және 11- сыныптарға жаңа бағдарламаның жеті модулі бойынша жаңаша сабақтар өтудемін. Төменде 11-сыныпта геометрия пәнінен өткізген сабағымның қысқа мерзімді жоспарына талдау жасамақпын. 11-сынып геометрия пәні бойынша «Көпжақтар» тарауына орта мерзімді жоспар жасай отырып, оқушылардың «Пирамида» тақырыбы бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтау, жүйелеу, бекіту және қазақ халқының дәстүрінің ерекше қасиеттеріне тәрбиелеу мақсатында сабақтың тақырыбын «Пирамида - жеті кереметтің бірі» деп алдым.
Пирамида – архитектурада төрткүл дүниенің төрт тарапына түгел қарап тұратын, төрт бұрышы ту биіктегі бір нүктеде түйісетін алып құрылыс. Пирамида тарихын зерттеуші кейбір адамдардың пікірінше, пирамида төрт бұрышының бір нүктеде түйісуі әу баста Адам Ата (ғ.с.) мен Хауа Анадан тараған адамзаттың бірлігін бейнелейді. Олай болса, менің алдымда бұл сабақ арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен дағдыларын, белсенділіктерін, оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке, пәнге деген қызуғышылығын, олардың шығармашылық қабілетін бір нүктеде түйістіріп, математика пәніне ғана емес, өмірге деген құлшынысын ояту, ол үшін бірлесіп, ұжымдасып, ынтымақтастықта жұмыс істеу міндеті тұрары хақ!
Сабақты бастамастан бұрын, сыныпта психологиялық ахуал туғызып, «Шаттық шеңбері» тренингін жасадым. Оқушылар ортаға шығып, шеңбер жасап тұрып, өз есімдерінің басты әрпінен басталатын ізгі тілектерін айтты.
Сонан кейін геометриялық фигураларды таңдата отырып, фигуралардың қасиетіне байланысты екі топқа бөлінді.
Топқа бөліне отырып, сабақ тақырыбын ашты. Алдымен топтық ереже құрып алдық. Ол ережеге бағына отырып, уақытты тиімді пайдалануға, өз ойын ашық айтуға, барлық оқушының сабаққа қатысуына көңіл бөлінді. Топтық жұмыс барысында сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптаса бастады. Тақырыпты оқушылар топтаса отырып, бір-біріне түсіндірді. Ешқандай оқушы қалыс қалмады.
Тақтада жазба жұмысының критерийлері жазылған. Әр топта бағалау парағы бар, топтың басшылары бағаларын жазып отырды.
Оқушылар сабақ барысында өз ойларын жеткізумен шектеліп қана қоймай, өзара тіл табысып, пікір алмаса отырып, өз жұмыстарына, топтағы немесе жұптасқан оқушылардың жұмыстарына, бір-бірінің берген жауаптарына сыни тұрғыдан ойлап, талдау жасай алды, өз ойларын қорытындылай білді. Сабақтың оқыту технологиясы: ғаламтор ресурстары, мультимедия, интербелсенді тақта мүмкіндіктері.
Ал, сабақта негізінен туындайтын идеялар: пирамида, оның түрлерін ажырата білу; құрылымын үйрену; өмірмен байланыстар іздеу. Сілтемені Н.Шыныбековтың «Алгебра және анализ бастамалары», 11- сынып оқулығы, дидактикалық оқу-құралы, тапсырма жазылған карточкалар, ғаламтордан қажетті ресурстардан алдым.
Мен осы сабақта оқушылармен интерактивті жұмыс жүргізу үшін сыни тұрғыдан ойлау модулін таңдағаным дұрыс деп ойлаймын. Яғни, осы сабақтың нәтижесінде оқушылар құнды пікір айтуға, басқаның ойын сыйлауға үйренеді, бір-бірімен диалогтік әңгіме құруға, топпен жұмыс жасай отырып, ойларын еркін айтуға қалыптаса алды деп айтуға болады. Осындай нәтижеге жеткізетін қандай жұмыстар,сол жұмыстарға тоқталып кетейік.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет