«Қандай да бір оқыту үшін тиімді, яғни өте бір қолайлы мерзімдер болады. Олардан жоғары, не төмен талапты ауытқу, яғни тым ерте, не болмаса тым кеш оқыту мерзімдері баланың ақыл-ойының даму барысында қолайсыз әсерін тигізеді» деген. Осы орайда, «Балаларды мектепке дайындау – оларды оқытып, санатып, әйтеуір білім беріп шығару» - деп, білімдік, тәрбиелік үрдістердің дәстүрлі мектеп сабағы түрінде жүргізу ойдағыдай нәтиже бермейтіндігі сөзсіз. Мектепке дейінгі балалардың жасы мен мен психофизилогиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту, тәрбиелеу жұмыстарында түрлі әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын қолданып, ойын түрінде ұйыдастыру нәтижелі болмақ. Ал, осы талаптағы жұмысты іске асыру әр тәрбиешінің шығармашылық ізденістері мен шеберлігін қажет етеді. Белгілі психолог Л.С. Выготский: Кіріспе Логика-ойлау заңдылықтары мен формасы
туралы ғылым: ойлау барысы және ой
түйіні: бір нәрсенің ішкі заңдылықтары.
Көптеген психологиялық зерттеулер нәтижесі көрсеткендей адам өмірінің алғашқы 20 жылында интелектуалды дамудағы негізі жүреді. Соның ішінде 2-12 жас аралығында қарқынды даму жүреді.
Мектепке дейінгі кезеңде балаларды ұғу, сөйлеу сияқты логикалық ойлау түрі қалыптасады. Мектепте жақсы оқу үшін оқу материалын ұғу үшін мектепке дейінгі балаларда ойлаудың келесі 3 құрамы қалыптасуы керек:
Қарапайым ойлау операциялары: анализ, синтез, салыстыру, жалпылау маңыздыны анықтау, класификациялау және т.б.
Белсенділік әр-түрлі гипотеза құру барысында ойлау барысын шектемеу. Проблеманы шешудің бірнеше жолын таба білу.
Құбылыстарда негізгіні бөлуде себеп болатын ұйымдастырушылық және мақсатқа жетушілік мұндай жағдайда құбылысты анализдеудің жалпыланған сызбасы қолданылады.
Жоғарыда көрсетілген қасиеттер мектепке дейінгі жаста қалыптасса онда мектепте білім алу процесі оңайға түседі. Егер ойдың бұл құрылымы қалыптаспаса мектепте әр пәннен логикалық ойлауды дамыту үшін арнайы тапсырмаларды беру керек болады.
Белгілі психолог Л.С. Выготский еңбегінде бала интелекті мектепке дейінгі және оданда жас кезінде қарқынды дамитынын атап өткен. Еске сақтау және қабылдау қабілеттерін сапасын және ойлау қабілетін үнемі дамыту нәтижесі болып табылады.
5-7 жас аралығындағы балалар нақты категориялармен ойлайды кейін формальді оерациялар қадамына өтеді. Бұл белгілі даму дәрежесіне ортақтау абстрактауға өтеді.Мектепке баратын балаларда қарапайым қабілеттер қалыптасуы керек. Олар: өз ойын айта білу берілген тақырыпқа әңгіме құру қорытынды жасау салыстыру сәйкестіру анализдеу ортақ жеке белгілерді анықтай білу, қарапайым заңдылықты анықтау заттар мен қоршаған ортаны зерттеу амалдарын жетік меңгеру.
Сондықтан ойлау қабілеті даму, интеллектуалды дәреже өсу және шығармашылық қабілет қалыптасу үшін келесі жұмыстарды атқару керек.
Белгілі мақсатқа жету үшін нысананың байқалмайтын қасиеттерін тауып қолдана білу керек;
Балаларға проблеманың түп негізін көруді үйрету, қарапайым құбылыстарда кездесетін әр-түрлі қарама-қайшылықтарды түсіндіре білуді қалыптастыру керек.
Ойлау операциясының негізін қалыптастыру және жетілдіру
Балаларға ұсыныс жасауды және тәжірибеде нәтижесін тексере білуді үйрету.
Балаларға тек қана ұсыныс жасауды ғана сонымен қатар идеяның ойластырып жоспарлауды үйрету.
Бағдарлама мақсаты- балалардың логикалық ойлауын жетілдіру; логикалық ойлау операциялармен танысу; қоршаған адамдармен өзіне таныс емес жаңалықтарды зерттеуді арттыру; шығармашылық белсенділікті тәрбиелеу.
Нәтижесінде келесі мақсаттар туындайды:
Балалардың мінез құлқын дамытуға арналған білім бағдарламасын құру.
Қоршаған ортаны зерттеуде балаларға максимальді белсенділікті қамтамасыз ету.
Әр баланың жеке қабілетіне байланысты педагогикалық процесті ұйымдастыру амалдары мен мақсатының интеграциональды бағытын құру.
Жасқа сай қабілеттерін ескере отырып білім беру және дамытуды жағымды ұйымдастыру.
Қоршаған ортамен адам өмірінің тығыз байланысы.
Бағдарламаны құрудың принциптері
Жасқа сай қабілеттеріне ұсынылған материалдың балаларға игерімді болу.
Білім беру белгілі ретпен және жүйеленген болу керек
Әр баланың жеке қабілеттеріне байланысты бағдарламаны құру.
Балалардың қызығушылықтарымен сұраныстарын зерттеу.
Проблеманы шешуде жеке және шығармашылық жолмен жету.
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуде заманға сай талаптарға байланысты жаңа ұғымға түсінік беретін тапсырмаларды таңдау. Мынадай тапсырмалар балаларды келесі қабілеттерге үйретеді:
Заттарды түрге, туысқа, бөлікке, тұтастыққа байланыстарын анықтау.
Әр-түрлі ұғымдарға анықтама беру
Анализ және синтез сияқты ойлау операцияларын дамыту.
Сөйлеу,ойлап табу,тез ұғу қабілеттерін дамыту
Бағдарлама бөлімдері баланың ойлау қабілетін дамытуға арналған
актуальді түсінік беру тақырыптарынан тұрады.
Сабақ жұмасына бір рет жүргізіледі, бірақ балаларға ұсынылған материалдар олардың әр-түрлі іс әрекеттерінде тәрбиешінің таңдауына және қойылған мақсаттарға байланысы білім беру процесін ұйымдастыру әр-түрлі формада болады:
Берілген тапсырмаларды орындалу формалары мен амалдары.
Логика бойынша сабақ бірнеше түрге бөлінеді:
Білім беру сабақтары. мындай сабақтарда ұғымдар қарастырылады, заттардың белгіліріне анықтама беріледі. Білім беру логика пәнімен және оның негізгі категориялармен танысудан басталады.
Алған білімді бекіту сабақтары. Өтілген материалдарды қайталауды ұсынады. Кейбір тапсырмалар топпен, кейбіреулері тәрбиешімен орындалады екі жағдайдада негізгі бағыт алынған білімге негізделеді.
Қорытынды сабақтары. Мындай сабақтарда балалар ешкімнің нұсқауынсыз немесе ұқсас тапсырмаларды өздігінен орындауы шарт.
Логика сабақтарында бірде бір тапсырма немесе жаттығулар олар терминдер, ұғымдар және т.б механикалық жолмен есте сақтау түрінде жүргізілмейді барлық сабақтар нәтижесінде керекті білім алатын қызықты ойын түрінде жүргізіледі. Тәрбиеші балаларды қойылған мақсатқа жетуде әр –түрлі амалдарды қолдану үшін қызығушылықтарын арттырады. Әр өткен сабақ қызықты, түсінікті болу керек.