Л. С. Выготский: Кіріспе


Логика тарихынан қысқаша мәліметтер



бет3/9
Дата11.03.2023
өлшемі263,5 Kb.
#171906
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
00027e18-7638d1aa

Логика тарихынан қысқаша мәліметтер
Ойлаудың логикалық формаларын арнайы зерттеу қашан, қай елде басталғанын дәл айтатын мәлімет жоқ. Логикалық зерттеулердің бастамасы Ежелгі Қытай, Үнді және Грекия елдерінде біздің жыл санауымыздан бұрын 5-6 ғасырларда бір бірінен тәуелсіз басталғаны жайында мәліметтер бар. Логика - алғашында жалпы философиялық құрамында таным теориясының бөлігі ретінде қарастырылады. Сондықтан логика әуелбастанақ материализм мен идеализм арасындағы ымырасыз күрестің объектісі болды.
Дегенмен, логиканың ғылым ретінде дүниеге келіп, қалыптасқан отаны Ежелгі Грекия деп грекияда саналады, ал оның негізін салушы ұлы ғалым Аристотель болды. Рас, Ежелгі Грекияда логика саласында ғылыми зерттеулерді алғаш бастаған атомдық ілімнің негізін салған Демокрит еді. Логика мәселелерімен Ежелгі Грекия идеалистері Сократ пен Платон да айналысты. Бірақ олардың ешқайсысы дәйекті де дербес логика ғылымын жасай алмады. Бұл міндетті Ежелгі Грекияның әйгілі философы Аристотель (б.з.б. 384 322 ж ж) іске асырды. Сондықтан ол логиканың атасы деп саналады.
Аристотель ойлаудың формалары туралы өзіне дейін жинақталған азды көпті білімдерді талдай отырып, логика ғылымының барлық мәселелерін барынша жан жақты зерттеді. Өзі жасаған бұл ңылымды Аристотель логика демей, «Аналитика» деп атады. Бұл еңбегінде ол өзі ашқан ойқорытындының ерекше формасы силлогизмді жан жақты зерттеп, логикалық дәлелдеудің мәнін, ұғымдарды анықтау және бөлу әдістерін, т.б. ашып берді. «Софистикалық терістеулер жайында» деген еңбегінде ойқорытынды мен дәлелдеуде кететін логикалық қателіктердің себептерін, оларды ашу жолдарын қарастырды.
Логика мәселелерінде арнайы білім саласы ретінде бөлініп шығуына себеп болған мынадай екі жағдайды атап көрсеткен жөн. Біріншіден, ежелгі грек ойшылдары таным процесіне талдау жасай отырып, мазмұны әр түрлі ойқорытындылардың нәтижесінің ақиқат болуы тек алғышарттардың ақиқаттығына ғана емес, сондай ақ пайымдау барысында олардың арасындаболатын байланыс түріне де тәуелді деген қорытындыға келді.
Логиканың материалистік негіздерін зерттеуде ғасырдағы озат ойшыл, ірі ғалымдардың бірі Ф. Бэкон өзінің «Жаңа органон» атты шығармасында индукциялық логиканың негіздерін зерттеп берді.
Ф.Бэконның өз шығармасын «Жаңа органон» деп атауының себебі бар. Аристотель өлгеннен кейін ізбасарлары оның барлық логикалық еңбектерін «Органон» (таным құралы) деген атпен біріктіріп, бір жүйеге келтірді. Аристотельдің логикасының негізгі арқауы силлогизм, яғни, жалпы ойдан жекеше қорытынды шығаратын дедукциялық ойқортындының негізгі бір түрі болса, ал Бэкон бұған қарама-қарсы жеке алғышарттардан жалпы қорытынды шығарудың формасы ретінде индукциялық ойқорытындыны алға тартты. Өйткені сол кездерде дами бастаған капиталистік өндіріс тәсілі тәжірибелік «схоластикалық философия бұрмалап, шындықтан қол үзген шіркеу уағыздарына қызмет ететін идеалистік логикаға айналдырып жіберген еді. Сондықтан Бэкон өзінің шығармасын «Жаңа органон» деп атап, ғылыми танымның әлдеқайда жетілдірілген жаңа әдісі ретінде индукциялық ойқортындыны ұсынды. Индукциялық ойқортындының мақсаты, Бэконның пікірінше, шындық дүниедегі құбылыстардың арасындағы себепті байланыстарды ашу арқылы ғылыми қорытынды жасау болды. Осы мақсатпен ол «ұқсастық әдісі», «айырмашылыық әдісі», «қалдықтар әдісі» деп аталған ғылыми индукциянығ бес әдісін жасап берді. Ғасырда Гершель, Дж. Ст. Милль деген ғалымдар бұл әдістерді одан әрі жетілдіре түсті. Бұл әдістер қазіргі заманға дейін ғылыми зерттеуде, әсіресе, жаратылыстану ғылымдарында, қылмыстарды ашу ісінде кеңінен қолданылып келеді.
Логиканың әрі қарай тарихи дамуы барысында зерттеу жұмыстары мен мәселелері бәршама өзгерді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет