ҚОСЫМША
Білім облысы: Таным
Бөлімі: ҚМТҚ
Тақырыбы: Ғарышқа саяхат (Логика)
Мақсаты; Балалардың Ғарыш әлемі жайлы түсініктерін кеңейту. Логикалық ойлауын дамыту, 5 көлеміндегі санды есептеу дағдысын дамыту, тура және кері санауға, сандар көршісін атауды, кеңістікті бағдарлау, геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту. Білімге деген құштарлықтарын дамыту.
-
Ұйымдастыру кезеңі
Күлімде күн, күлімде,
Бүлдіршіндер қуансын.
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн, біз-көңілді баламыз,
Қайырлы күн, біз-сүйкімді баламыз.
- 1 жылда неше ай бар?
- 1 жылда неше мезгіл бар?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қай ай?
- Бір аптада неше күн бар?
- Бүгін аптаның қай күні?
- Бейсенбі.
Ендеше бейсенбі күні сәттілік тілейік.
Бейсенбі сәтті болсын!
Күніміз тек жақсы болсын.
Жақсы білім алайық,
Үлкендерді тындайық.
(Музыка ойналып, ғарыш адамының дауысы )
II. - Сәлеметсіңдерме, балалар! Мен сендерді ғарыш әлеміне саяхатқа шақырамын, онда сендерді қызықты тапсырмалар күтіп тұр. Тапсырманы бұлжытпай орындасаңдар сендерге сыйлығым дайын.
Тәрбиеші:
- Балалар мен бір дыбыс естідім, сендер естідіңдерме?
- Балалар жауабы
- Балалар ғарыш әлеміне бізді саяхатқа шақырады сендердің барғыларың келе ме?
- Иә
Тапсырмаларды орындауға дайынсыңдарма?
Иә
-Ендеше дайындаламыз. Белбеуді байлап, бас киімімізді киеміз. Қолымызға өзіміздің Қазақстанымыздың Туын ала барайық. Кері санаймыз 5-4-3-2-1, біз келдік.
Балалар ғарыш әлемінде көптеген планеталар болады.
-Сендер қандай планеталарды білесіңдер?
-Венера, шолпан, жер, сатурн, юпитер, марс, меркурий, күн, жер.
- Балалар мынау не екен? бұл карта.
- Бұл картада планеталар бар. Қандай планеталарды көріп тұрсыңдар? Марс, шолпан, юпитер.
-Балалар біз 3 командаға бөлінеміз. Мына жерден текшелер алып бөлінеміз, бөлінбес бұрын планеталар қай жақта орналасқан
Оң жақ - Марс, сол жақ жоғары - Шолпан , сол жақ төмен - Юпитер. (отырды).
- Әр планетадан 1 командирден сайлайық. ( 3 командир сайланады да, мойындарына эмблема тағылады).
Достарыңызбен бөлісу: |