Л. С. Выготский: Кіріспе


Баланың ойлау қабілетін дамытуға арналған



бет7/9
Дата11.03.2023
өлшемі263,5 Kb.
#171906
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
00027e18-7638d1aa
Cуммативное оценивание за 1 четверть 6 класс, 27.02.-03.04.1980, 27, Атқарылған жұмыстар туралы практика кезіндегі күнделікті жазбала1 (1)
Баланың ойлау қабілетін дамытуға арналған
логикалық ойындар
Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады.
Ойын – баланың қажетті әрекетінің бірі ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Жалпы, математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі. Математика сабағында қазақтың ұлттық ойындары қолданылады. Мысалы, «Сақина салу», «Ақсүйек» ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын. Ойынға толық сынып қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына «ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады. Өтілген тақырыптардағы сабақ материалына лайықталған ойын есептерін алып, тек ғана оқушының орындай алатын іс - әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұндай ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары және жолдары және оларды қолданудың тиімді бөліктері жан-жақты ойластырылуы керек. Ойын үрдісінде балалардың білімі тереңдей түседі, осыған дейінгі білімдері мен түсініктері баянды болып жаңа білім игеріледі. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы деп білеміз. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады. Атау ұйқастарын санау арқылы оқушылар сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды танып біледі. Санамақтар сан үйретеді, әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтың түрлері өте көп. Ойында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі баладан заттарға, айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала ойын талабына зейін қойғысы
келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, онда оны құрдастары ойыннан шеттетуі ықтимал.
Ойын - балалардың негізгі іс - әрекетінің бір түрі. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Кіші мектеп жасындағы балаларды көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданалытанын байқау қиын емес. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, сезініп білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді.
Бүгінгі күн талабы – баланың оқыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.
Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамтыудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тоәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады.Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды. «Ойы саяздың, тілі саяз» деген ұлғатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау негізі баланың сөйлеу тілін қалыптастырады.
Бүгінгі күн талабы – баланың оқыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.
Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамтыудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің құралы бломай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тоәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады.
Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды. «Ойы саяздың, тілі саяз» деген ұлғатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау негізі баланың сөйлеу тілін қалыптастырады.
Белгілі психолог Л.С. Выготский: «Қандай да бір оқыту үшін тиімді, яғни өте бір қолайлы мерзімдер болады. Олардан жоғары, не төмен талапты ауытқу, яғни тым ерте, не болмаса тым кеш оқыту мерзімдері баланың ақыл-ойының даму барысында қолайсыз әсерін тигізеді» деген. Осы орайда, «Балаларды мектепке дайындау – оларды оқытып, санатып, әйтеуір білім беріп шығару» - деп, білімдік, тәрбиелік үрдістердің дәстүрлі мектеп сабағы түрінде жүргізу ойдағыдай нәтиже бермейтіндігі сөзсіз. Мектепке дейінгі балалардың жасы мен мен психофизилогиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту, тәрбиелеу жұмыстарында түрлі әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын қолданып, ойын түрінде ұйыдастыру нәтижелі болмақ. Ал, осы талаптағы жұмысты іске асыру әр тәрбиешінің шығармашылық ізденістері мен шеберлігін қажет етеді.
Мектепке дейінгі кезеңдегі балаға алғашқы білім беру, тәрбиелеу жұмыстары барысында түрлі әдіс-тәсілдерді ойын түрінде үйлестіре қолдану, оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын жаңарту арқылы баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыру.
- Танымдық, білімдік, іскерлік қасиеттері жан-жақты дамыған еркін ойлы, тілі жетік, ерікті-жігерлі, өзіне сенімді балдырғанды келесі білім сатысына - мектепке дайындау; баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту жұмысының қаншалықты
маңызды екенін ата-аналарға түсіндіре, жеткізе отырып, оқыту-тәрбиелеу жұмыстарына ата-аналарды қатыстыру;
- баланың логикалық ойлауын дамыту бағытында тәжірибеде жүргізілетін жұмыстар: оқыту мен тәрбиелеу жұмысын баланың жаса ерекшелігі мен өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дайындау, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің бағдарламасы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты талаптары негізіндерінде ұйымдастыру;
- балалардың бір орнында ұзақ уақыт отырып қалмауын, жалығып кетпеуін ескеріп сабақтарды ойын түрінде ұйымдастыру (қимылды- әуенді ойын-жаттығулар, қимылды-қозғалыс барысындағы тапсырмалар, шағын топтар жұмысы, тапсырмаларды алма-кезек ауыстырып орындату, эстафеталық ойын барысындағы тапсырмалар және т.б.);
- логикалық ойлау қабілеттеріне арналған тапсырмаларды (жұмбақ суреттер, ситуациялық тапсырмалар, тест тапсырмалары, ертегі негізіндегі тапсырмалар және т.б.) түрлендіре қолдану;
- балалардың өздерінің талаптануы, өзіндік қалауы еркіндігіне жағдай жасап өзіндік іс-әрекеттерді орындау, бастаған жұмысты аяқтау іскерліктеріне, өз ойларын еркін жеткізуге бейімдеу;
- көмекті қажет ететін балалармен жеке жұмыс түрлерін жүргізу;
- психологиялық ойындар, жаттығулар қолдану арқылы балаларға жан-жақты жағдай жасау, жағымды микро ахуал туғызу;
- ата-аналарды сабақтарға, күн тәртібі бойынша жүргізілетін тәрбиелк шараларға, тестік байқалуарға, ойын сауықтарға, т.с.с. басқа шараларға тек бақылаушы ретінде ғана емес, білімдік, танымдық жұмыстарда үлес қоса отырып, балаларына білікті көмек көрсете алатындай жағдайда қатыстыру;
- балаларды мектепке педагогикалық және психологиялық тұрғыдан дайындау мақсатында бастауыш сынып ұстаздарымен қарым-қатынаста болу.
Ойымызды қорытындылай келе, баланың логикалық ойлауын дамыу бағытындағы жұмысар жүйеленді және оны ұйымдастырудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері айқындалады, ол өз ретінде, балалардың логикалық ой-қабілеттерін қалыптастыру жұмысының жағдайын бір шама арттырды – деп ой түйіндейміз.

Балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған сабақтардың жоспары.





Тақырыбы

Мақсаты

Ойындар

1.

«Логика дегеніміз не?»

Балаларды логика пәнімен таныстыру. Алға қойған мақсатқа жету, нақты орындауды қалыптастыру.

  1. «Логика» пәнімен танысу.

  2. «Мен білемін» ойыны (доп)

  3. «Кім байқампаз?»

  4. «Рет ретімен орналастыр»

2.

Жұмбақтар. Құрылымын талдау

Балаларға жұмбақ шешуді, қандай белгілері бой-ша шешімін тапты, не туралы айтылғанын түсіндіру қабілеттерін үйрету. Негізгі ж/е жанаманы ажырата білу. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру жолындағы бір
жұмбақпен таныстыру

  1. Жұмбақтар жайлы әңгіме.

  2. Жұмбақтар классификациясы.

  3. «Белгілер бойынша жыл мезгілін анықта»

  4. «Не нені күтіп отыр»

  5. Логикалық есеп.

3.

Талдау. Синтез. Заттардың белгілері.

«Зат белгісі» түсінігімен балаларды таныстыру. Әр түрлі логикалық амалдар арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту. Қарапайым синтезбен талдау жүргізу.

  1. Бізді қоршаған заттар туралы әңгіме құру.

  2. «Сипау арқылы заттарды тану» тапсырмасы.

  3. «Берілген белгілер арқылы заттарды тану»

  4. «Айырмашылығын тап»

4.

Түс, пішін, мөлшер

Заттардың белгілерін анықтауды үйрету. Таңдауын дәлелдеуді үйрету. Сенсорлы қабылдау мен нұсқау бойынша жұмыс істеуді дамыту.

  1. «Пішіндерден бейне құрастыр»

  2. Қандай пішін жетіспейді»

  3. «Жамауларды таңда»

  4. «Суы аз құмыраны белгіле»

  5. «Түс» ойыны

5.

Дәмі, иісі, материалы

Бал-ды басқа да белгілермен таныстыру.Барлық зат-ң тән емес арнайы белгілермен тан-у. Жасалған материалына бай-ты зат-ң қатынасын бал-ға үйрету. Балалардың қызығушылығын арттыру.

  1. «Дәміне қарай ажырат»

  2. «Не неден жасалған»

  3. «Иісіне қарай ажырату»

  4. «Не неден жасалған?»

  5. Заттардың белгілерін ажыратуға арналған жаттығу.




6.

Жанды-жансыз.
Қандай топқа жатады. Адамдар қолданылатын зат.

Балаларға заттарды маңызды белгісі арқылы анықтап белгілі бір топқа жатқызу. Адам қолданылатын заттың маңызын анықтау.

  1. Тақырып бойынша әңгіме құру.

  2. «Жанды-жансыз» ойыны

  3. «Затты лото» ойыны

  4. «Сөйлемді аяқта» тапсырмасы

  5. Графикалық тапсырма

7.

Салыстыру.



Ойлау операциясының негізін қалыптастыру және дамыту.
Ұқсастықты байқау, заттар мен құбылыстарды айыра білуді дамыту.

  1. «Сөз шынжыры» тапсырмасы

  2. «Салыстыру» ойыны

  3. «Туысын тап» ойыны

  4. «Сөздің жалғасын айт» тапсырмасы.



8.

Жоққа шығару.
Шектеу

Маңызды қайшылықты көруді балаларға үйрету. Тапсырма барысында бірнеше дәрежені қолдана білу.

  1. «Балықтар, құстар, аңдар» ойыны

  2. «Теріс» тапсырмасы

  3. «Не жасырдың» ойыны

  4. «Кескінді анықта» ойыны

  5. Жұмбақ шешу

9.

Классификация. Топтау

Заттарды бөлу және оның маңызды(негізгі) және жанама белгілері туралы балаларға баяндау. Заттарды біріктіру топқа бөлу және топтап орналастыру орындарын анықтауды дамыту. Қойылған мақсатқа жету үшін қолданылатын белгілерді анықтау және балаларға үйрету.

  1. «Қатарды аяқта» ойыны

  2. «Мағынасы бойынша топта» ойыны.

  3. «Зообаққа орналастыр»

  4. Үрмебұршақпен жұмыс

10.

Қайсысы артық?
Не жетпейді?

Алынған білім негізінде балаларды қарама-қайшылықты ажырата білуді, өздері жасаған қателікті табу және қатемен жұмыс жасауды үйрету. Мұқияттылықты, байқампаздықты, ұсынылған материалды талдауды дамыту.

  1. Өткен тақырып бойынша әңгіме.

  2. «Не несіз болмайды» ойыны

  3. Жұптасып карточкамен жұмыс

  4. «Не артық?» ойыны

11.

Жұмбақ ойлап табу. (құрастыру)

Заттың белгілерін білдіре отырып балаларға жұмбақ құрастыруды үйрету. Ойлап табу, абстракті ойлау қабілеттерін дамыту. Шығармашылық, белсенділікті қалыптастыру. Сөйлеу қабілетін дамыту.

  1. Әр түрлі жұмбақтармен жұмыс.

  2. Ребустар шешеу.

  3. Тақырып бойынша әңгіме.

  4. Балармен жұмбақтар құрастыру нәтижесін талдау.

  5. «Заттық лото» ойыны

  6. Бағдарлауға арналған жаттығу. «қызыл,сары, жасыл»



12.

Жауабын табу алгоритмі

Балаларды талдау, ұсыныс жасау және оның шындығын тәжірибеде тексеруді жаттықтыру. Логиканың белсенділігін алған білімдерін қолдана алуды дамыту.

  1. «Берілген белгілер бойынша затты анықта» жаттығуы.

  2. «Дәмді, домалақ, қызыл» тапсырмасы.

  3. Карточкалармен жұмыс.

  4. «Сөз шынжыры» ойыны




13.

Ойын білдіру

Заттардың белгілерін жоққа шығаруды немесе дәлелдеуді балаларға үйретуге арналған жаттығулар. Балаларға ойларын ұсынуды ғана емес, сонымен қатар оларды нақты, тиянақты құрастыру.

  1. «Жақсы-жаман» ойыны.

  2. «Жыл мезгілдері мен олардың белгілерін қос» ойыны.

  3. «Интеллектуальды ойын»

  4. «Сөйлемді жалғастыр» ойыны

  5. Графикалық диктант.

14.

Қорытындылау

Балаларға фактілерге сүйене отырып қорытынды жасауға үйрету. Құбылыстар арасындағы қарым-қатынасты анықтауды, бір қатынастан екіншіге оңай өтуді жаттықтыру.

  1. «Затты анықта» ойыны.

  2. «Табиғат құбылыстары»

  3. «Қандай?» сұрағына тапсырма

  4. Графикалық диктант.

15.

Түрлендіру

Пішіндерді тиянақты зерттеуді және қорытынды жасауды балаларға үйрету. Пішіндерді түрлендіру барысында барлық амалдарын қарастыру. Алға қойылған мақсатты орындау.

  1. «Зат қандай пішіндерден құралған»

  2. «Танграмм»

  3. «Жанданған пішіндер»




16.

Дүниеде не болмайды?

Балаларды елестетуді өз ойын айтуды қалыптастыру. Лингвистикалық ойлау, сөйлеу белсенділігі және шығармашылық белсенділігін дамыту.

  1. «Дүниеде не болмайды?» ойыны.

  2. «Не артық» ойыны.

  3. Несі жетіспейді?



17.

Математикадағы логика

Балаларды логикалық ойлауға және ойларын шығармашылық түрде жеткізу.

  1. «Артық сан» ойыны

  2. «Математикалық моншақ» ойыны

  3. Пішін, мөлшер, түс жаттығуы.

  4. «Пішіндерді сана» ойыны

  5. Кеңістікті бағдарлау

18.

Логика және ана тілі

Балалардың ойларын білдіру, басқаларды тыңдау және ұғу қабілеттерін дамыту. Сөйлеу қабілеті мен сөйлеуді дұрыс құрастыруға үйрету.

  1. «Сөзді ойла-тез ойла»

  2. «Сөз шынжыры»

  3. Әңгімені жалғастыр

  4. «Айырмашылығын ата»

19.

Қоршаған ортадағы логика

Қоршаған ортадағы қарым қатынастарды логика арқылы анықтау және қорытынды жасауды балаларға үйрету. Заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты анықтау. Балардың зерттеу қабілеттерін дамыту.



  1. «Айырмашылығын ата»

  2. «Жыл мезгілдері» шығарма оқу

  3. «Пішіндерден бейне құрастыр»

  4. Таяқшамен жұмыс

20.

Сезу, қабылдау, елестету

Сезу арқылы қоршаған орталарды баларға зерттеуді дамыту. Сезу мүшелерімен алынған сезімдер арқылы заттар туралы түсінік алуды балаларға үйрету, мұқияттылықты дамыту.

  1. «Ғажайып қалта» ойыны

  2. «Сөзді оқып суретке қос»

  3. Үрмебұршақпен жұмыс.

21.

Абстрактау. Ұғым

Балаларға бір заттың белгілерін ойша бөліп алуды, яғни негізіне жанамадан айырып алуды үйрету.

1.«Артық затты тап» ойыны
2. «Не неге ұқсайды» ойыны?»
3. «Сөздерді қос»
4. Таяқшамен бейнелер құрастыру.

22.

Сөз. Анықтама

Анализ бен синтездің операцияларын балаларға ойша анықтай алуды дамыту. Анықтама құруды үйрету. Бір-бірімен байланыстырып сөйлем құру. Өз жауабын логикалық түрде құру.

  1. Жұмбақтар шешу

  2. «Сөйлемді аяқта» ойыны

  3. «Анықтамасын бер» ойыны

  4. Графикалық тапсырма

23.

Бүтін-бөлшек.

Балаларға әрі қарай топқа бөлуді үйрету, Сонымен қатар сол заттарды құрайтын бөліктерге байланысты мұқияттылық пен өздігінен қорытынды жасауды дамыту.

  1. Жұмбақтар шешу

  2. «Не нені жақсы көреді?»

  3. «Жамауын тап» ойыны

  4. «Суретті аяқта»




24.

Реттілік. Қайшылық

Балаларды ұғымдық ойлауды қалыптастыру, логикалық ойлаудың негізгі операцияларын білуді алға қою. Түсініксіз ұғымдар мен екі мағынаны топқа шығара білу.

  1. Реттілік тапсырмасы

  2. «Кейін, сосын, қазір» жаттығуы

  3. Пішіндерден бейне құрастыр




25.

Заттардың сандық және сапалық байланысы.

Заттардың сандық және сапалық байланыстарын ұға білу, категорияны ажырата білу . жұптық ұғымдар туралы нақтырақ балаларға түсіндіру. Өздігінен қорытынды жасауға үйрету.

  1. Жұмбақтар шешу

  2. Сурет бойынша әңгіме құру.

  3. «Ойыншық қайда» ойыны

  4. Үрмебұршақпен жұмыс




26.

Логикалық жұптар. Логикалық тапсырмалар.

Ортақ көрсеткіштерді ескере отырып балаларға логикалық жұп құру, өзінің таңдауының себебін түсіндіре білу. Логикалық шынжыр құрастыра білу. Логикалық ойлауды және нақты, қысқада нұсқа жауапты беруді үйрету.

  1. «Жұбын анықта»

  2. «Сөз шынжыры»

  3. «Ұқсастығын тап»

  4. Логикалық ауызша есеп

27.

Берілген тақырыбына шығарма жазу.

Берілген тақырыбына көбірек сөйлем құрастыруды үйрету. Балаларды сөйлем арсында логикалық байланыс болуды үйрету.

  1. Сурет бойынша әңгіме құру

  2. «Ертегі кейіпкерлерін ата»

  3. «Сиқырлы сандық» ойыны

  4. Үрмебұршақпен жұмыс.

28.

Құлақ нені естиді?

Баларға қалыпты емес, кенет болған жағдайларды түсінуге және көруге сонымен қатар логикалық келіспеушіліктерді анықтауды үйрету. Мұқияттылық пен шығармашылық белсенділікті дамыту.

  1. «Бізді қоршаған дыбыстар»

  2. «Бұзылған телефон»

  3. «Сөз ойла-тез ойла»

  4. Жаңылпашты жаңылмай айтам.

29.

Өзге адамның көзқарасын ұғу

Болған жағдайды әр түрлі жақтан қарастыруды балаларға үйрету.

  1. Суретші» ойыны

  2. Қызықты викторина»

  3. «Жақсы-жаман» ойыны

  4. Пішіндерден бейне құрастыру.

30.

Логикаға сай емес жағдайлар

Қарапайым жағдайларды өзгеше жағдайлардан ажырата білуді үйрету.

  1. «Кім не істеп жатыр?»

  2. «Суреттен қатесін тап»

  3. Нүктелер көмегімен сурет салу

31.

Заттарды қолдану тәсілдерін зерттеу

Бір затқа ойын бағыттауды, барлық қасиеттерді құрастыруды балаларға үйрету.

  1. «Ұқсас затты тап» ойыны

  2. «Қарама-қайшы қасиеттері бар заттарды ізде»

  3. «Мұны қалай қолдануға болады?»

  4. Үрмебұршақтан сандар құрастыру

32.

Логикалық тапсырмалар

Логикалық ойлау мен алынған білімін қалыпты емес тапсырманы шешуді балаларға үйрету.

  1. Логикалық тапсырмалар

  2. Қызықты есептер

  3. «Заңдылықты анықта»

  4. Берілген бейнені штрихтау.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет