Л. С. Выготский: Кіріспе


Бөлім. Ойын арқылы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту



бет2/9
Дата11.03.2023
өлшемі263,5 Kb.
#171906
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
00027e18-7638d1aa

1 Бөлім. Ойын арқылы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту
Ойын өмірде өте ерте жастан басталып, адамның кәсіпті толық менгергенінше жалғасады. Ал оқыту процесінде жаңа технологияның маңызды бөлігі б.т. Адамның ойын әрекетерінің формалары мен әдістері және мазмұны қарапайым сылдырмақтар мен қозғалыстар жасаудан, бірте-бірте фантастикалық шындық деңгейіндегі видеокомпьютерлік ойынға дейін ауысады. Іс-әрекеттің айрықша түрлерінің бірі ойын болып табылады.
Ойын оқу әрекетіне тән бірқатар қасиеттерге ие екендігі белгілі. Мұны балабақша тәрбиеленушілері білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттауына мақсатталуы айқын көрсетеді. Сонымен қатар ойын балаларға қозғау салуға, оларға түрткі болуға да бағытталған. Ол төмендегідей бірқатар қайталанбас қасиеттерге ие: балалар мен жасөспірім жеткіншектер үшін оның оңайлығы мен игерімділігі, демократиялылығы «ойын барлығын да қабылдайды», игерілуі тиіс шынайы ақиқаттың барынша әралуан қырларын модельдеуге мүмкіндік беретін ойындық құралдардың бейімділігі, ең бастысы–балалар үшін ойынның тартымдылығы.
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады.
Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К.А.Покровский «ойын-күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы.Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады»-деген.Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады.
Логика мәні.
Логика адамның ойлау процесін жан-жақты түбегейлі зерттейтін пән. Ойлау, ой кешу, ой қорыту үрдістері өте күрделі мәселе. Оны көптеген ғылыми салалар өз тұрғысынан қарап, зерттеп жатады. Мысалы, философия, психология сияқты ғылымдар жалпылама түрде ойлау процесін зерттесе, медицина, математика, физика, кванттық механикалар логиканың принциптерін ұстай отырып, өз ғылымын үдете дамытуға жігер алады.
Логикаойлау процесін зерттегенде адамның ой-қорыту қабілетіне әсер ететін ортаны, заттар мен құбылыстарды адамға қалай ықпал ететінін, оның қабылдап қорыту қабілетін және іс-әрекет қолданатынын айқындайтын ғылым.
Логика дұрыс ойлау заңдары туралы жүйелі де дәлелді түрде пайымдауға қойылатын талаптар туралы ғылым. Логика-өз заңдары, дәстүрлері мен дау-дамайлары бар өзіндік бір ерекше ғылыми сала.
Логиканың ішкі әлеміне ену, оның ішкі үйлесімдігі мен қайшылығын сезіну, өзіндік рухын ұғыну оңай емес.
Анықтама, жіктеп- саралау, дәлелдеме, бекерлеу, жалпылау т.б. логикалық амалдарды әрбір адам өзінің ойлау қызметіндеұдайы қолданып отырады.
Анықтамаларды жаттап, талдау әрекеттерін орындағанда логикалық амалдар ғылыми дәрежеде ойлау үшін үлкен міндеттер атқарады. Аксиомалар мен принциптерден қорытындылар жасап, теоремаларды дәлелдей отыру үшін логикалық ой-өрісін дұрыстау немесе бекерлеу арқылы анықтау керек.
Математикалық логика дегеніміз- математикалық дәлелдемелерді зерттейтін ғылым. Ол жалпы логиканың математика мұқтаждарына сәйкес дамыған айрықша саласы болып табылады.
Сөйтіп, логика дегеніміз- жалпы танымдағы ойлоудың формалары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет