Бүгінгі күн талабы – баланың оқыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.
Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамтыудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің құралы бломай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тоәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады.
Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды. «Ойы саяздың, тілі саяз» деген ұлғатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау негізі баланың сөйлеу тілін қалыптастырады.
Белгілі психолог Л.С. Выготский: «Қандай да бір оқыту үшін тиімді, яғни өте бір қолайлы мерзімдер болады. Олардан жоғары, не төмен талапты ауытқу, яғни тым ерте, не болмаса тым кеш оқыту мерзімдері баланың ақыл-ойының даму барысында қолайсыз әсерін тигізеді» деген. Осы орайда, «Балаларды мектепке дайындау – оларды оқытып, санатып, әйтеуір білім беріп шығару» - деп, білімдік, тәрбиелік үрдістердің дәстүрлі мектеп сабағы түрінде жүргізу ойдағыдай нәтиже бермейтіндігі сөзсіз. Мектепке дейінгі балалардың жасы мен мен психофизилогиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту, тәрбиелеу жұмыстарында түрлі әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын қолданып, ойын түрінде ұйыдастыру нәтижелі болмақ. Ал, осы талаптағы жұмысты іске асыру әр тәрбиешінің шығармашылық ізденістері мен шеберлігін қажет етеді.
Мектепке дейінгі кезеңдегі балаға алғашқы білім беру, тәрбиелеу жұмыстары барысында түрлі әдіс-тәсілдерді ойын түрінде үйлестіре қолдану, оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын жаңарту арқылы баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыру.
- Танымдық, білімдік, іскерлік қасиеттері жан-жақты дамыған еркін ойлы, тілі жетік, ерікті-жігерлі, өзіне сенімді балдырғанды келесі білім сатысына - мектепке дайындау;
- баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту жұмысының қаншалықты маңызды екенін ата-аналарға түсіндіре, жеткізе отырып, оқыту-тәрбиелеу жұмыстарына ата-аналарды қатыстыру;
- баланың логикалық ойлауын дамыту бағытында тәжірибеде жүргізілетін жұмыстар: оқыту мен тәрбиелеу жұмысын баланың жаса ерекшелігі мен өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дайындау, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің бағдарламасы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты талаптары негізіндерінде ұйымдастыру;
- балалардың бір орнында ұзақ уақыт отырып қалмауын, жалығып кетпеуін ескеріп сабақтарды ойын түрінде ұйымдастыру (қимылды- әуенді ойын-жаттығулар, қимылды-қозғалыс барысындағы тапсырмалар, шағын топтар жұмысы, тапсырмаларды алма-кезек ауыстырып орындату, эстафеталық ойын барысындағы тапсырмалар және т.б.);
- логикалық ойлау қабілеттеріне арналған тапсырмаларды (жұмбақ суреттер, ситуациялық тапсырмалар, тест тапсырмалары, ертегі негізіндегі тапсырмалар және т.б.) түрлендіре қолдану;
- балалардың өздерінің талаптануы, өзіндік қалауы еркіндігіне жағдай жасап өзіндік іс-әрекеттерді орындау, бастаған жұмысты аяқтау іскерліктеріне, өз ойларын еркін жеткізуге бейімдеу;
- көмекті қажет ететін балалармен жеке жұмыс түрлерін жүргізу;
- психологиялық ойындар, жаттығулар қолдану арқылы балаларға жан-жақты жағдай жасау, жағымды микро ахуал туғызу;
- ата-аналарды сабақтарға, күн тәртібі бойынша жүргізілетін тәрбиелк шараларға, тестік байқалуарға, ойын сауықтарға, т.с.с. басқа шараларға тек бақылаушы ретінде ғана емес, білімдік, танымдық жұмыстарда үлес қоса отырып, балаларына білікті көмек көрсете алатындай жағдайда қатыстыру;
- балаларды мектепке педагогикалық және психологиялық тұрғыдан дайындау мақсатында бастауыш сынып ұстаздарымен қарым-қатынаста болу.
Ойымызды қорытындылай келе, баланың логикалық ойлауын дамыу бағытындағы жұмысар жүйеленді және оны ұйымдастырудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері айқындалады, ол өз ретінде, балалардың логикалық ой-қабілеттерін қалыптастыру жұмысының жағдайын бір шама арттырды – деп ой түйіндейміз.