Л. С. Выготский: Кіріспе


Балалардың логикалық ойын дамыту



бет4/9
Дата11.03.2023
өлшемі263,5 Kb.
#171906
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
00027e18-7638d1aa
Cуммативное оценивание за 1 четверть 6 класс, 27.02.-03.04.1980, 27, Атқарылған жұмыстар туралы практика кезіндегі күнделікті жазбала1 (1)
Балалардың логикалық ойын дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың алғашқы математикалық түсініктерін қалыптастыру «Балабақшада оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасы» бойынша жүргізіледі. Балабақшадағы бүлдіршіндерге таным оқу іс әрекеті сәбилердің екінші тобынан басталып геометриялық қалыптар (пішіні, түсі, көлемі) ойын арқылы таныстырылса, естияр, ересек және мектепке даярлық топтарында осы қалыптардың құрылымын, санның белгілерін таныстырумен бірге санай білуге үйретіледі.
Негізінде баланың логикалық ойлау қабілеті дегеніміз – қарапайым математикалық алғашқы ұғымдарын меңгеруден басталады. Өйткені,бала сөйлей бастап өзінің мекен-жайын,телефон номерін жаттай бастайды.
Міне, сан,санау осыдан басталады. Оны жүйелі түрде дамыту ата-ана мен тәрбиешінің ,баланы қоршаған адмдардың- басты міндеті. Сезім тәрбиесі-түйсік пен қабылдаудың қатар дамуы.Сәбилік шақтың алғашқы күндерінен бастап ақ бала өзін қоршаған заттардың қасиетін түсінуге талпыныс жасай бастайды. Осыдан баланың заттарды қабылдайтын көру дағдысы оянады. Бұл кезде затты таныл білу үшін бүлдіршіндер оның түр түсіне мін бермейді, заттың құрылымына (пішініне) көңіл бөледі. Бүлдіршіндердің логикалық
ойлау ұғымдарын ойын арқылы үйретудің, математикалық диктант жазудың, заттарды ір түрлі геометриялық пішіндерден құрастырудың, ауызша есеп шығарудың көру арқылы салыстырудың, қиялдаудың, жұмбақтар жаттаудың маңызы өте зор. Өйткені, жасырын тұрған ойлап табу үшін баланың ми қыртыстарының жұмысы шыңдалады.Яғни, логикалық ойлау сезімін қалыптастырады. Ойын арқылы мектеп жасына дейінгі балалар негізгі іс-әрекет кезінде айналадағы өмірден алған білімдерін, әсерлерін, жинақтаған тәжірбиелерін өз бетінше іс жүзіне асырады.
Мектеп жасына дейінгі балалар ойлау әрекеті олардың күнделікті өмір жағдайына сәйкес түрлі заттарды ұстап олармен қарым-қатынас жасау арқылы дамып отырады. Баланың ойлау әрекеті балалар бақшасында өтілетін оқу іс-әрекеттерінде, ойындарда, әсіресе пайымын өрістетіп есептеу тәсілдерінде, бейнелеу өнерімен шұғылдануда, сурет салу, жапсыру мен мүсіндеуде үнемі дамып, түрлі іс-әрекеттердің нәтижесінде жүзеге асады.
Таным оқу іс-әрекетінде логикалық ойындар арқылы баланың ақыл ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, танымдық іс әрекет амалдары тәсілдерін игеру мен бірге есте сақтау, ойлау, елестеу, танымдық, шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Сөзбен сөйлеу әрекеті-ойлау құралы болып табылады.
Бұлардың бәрі қоршаған орта және өзі туралы білімді меңгеруі, мінез-құлық нормаларын игеруі, білім, білік дағдысының қалыптасуы, есте сақтау және ойлау қабілеттерімен тығыз байланысты. Өйткені солардың негізінде логикалық ойлау, ұғым қалыптасады. Баланың қөрнекі-әрекеттік ойлауы заттармен нақты әрекеті арқылы жүзеге асады. Олар әр түрлі заттарды пайдалану, қоршаған ортамен, адамдармен қарым-қатынас жасау барысында білім және тәжірбие жинақтайды. Көрнекі-бейнелі ойлау мен оған ықпал ететін көрнекі-схемалық ойлаудың мәні одан туыедаған жағдайларды шешу үшін бала заттардың өзіне емес, олардың бейнесіне сүйену арқылы бейнеленеді. Олар құбылыстар мен заттардың тек жеке қасиеттерін ғана емес, заттардың орындарын ауыстыра алады. Қоршаған орта, ондағы адамдардың рольі мен орны туралы түсінігі неғұрлым кеңейе түседі.
Қоршаған орта, қоғамдық өмірдегі құбылыстар, олардың арасындағы байланыстары мен қатынастары, адамның алар орны, табиғат пен оның құбылыстары, өсімдіктер мен жануарлар туралы білімдері дамиды. Оларды орындау барысында бала заттар мен құбылыстардың мәнді белгілерін айқындауды, кейбір дерексіз ұғымдарды сипаттауды, уақыт қатынасын, себеп – салдар, көлем, өлшем туралы түсініктерді игереді.
Ол сөздеоді еркін қолданады, өз пікірін айтуды, оны негіздеуді, қарапайым заңдылыңтарды анықтау, салыстыруды, талдауды, пайымдау логикасын, ойлауды үйренеді.
Балабақшада блалармен қарапайым математикалық түсінікті дамытуға бағытталған арнайы оқу іс-әрекеттері өткізіледі. Балалардың таныдық есептерді ұғына білу қабілетін одан әрі дамытудың маңызы зор. Баланың білімін нақтылау және тереңдетумен қоса, оларда сандық түсініктерді қалыптастыру қажет, геометриялық пішіндеді атап, айыры білуі тиіс. Логикалық, дидактикалық ойындар ұйымдастыруды қажет етеді. Балаларды санауға үйрету үшін мынадай ойындарды ұсынуға болады:
«Реттік сандарды ата», «Қай сан қалып қойған», «Әрі қарай сана» осындай ойындар балаларды санауға жаттықтырады, олардың сан белгілерін, сандар және шектес сандардың ара – қатынасы туралы тиянақтайды.
Қазақ халқының халық ауыз әдебиеті үлгілерін бұрынғы бабалардың көрген – білген, қөңілге түйген ғасырлар бойы уақыт елегінен откізген ақыл – ойдыңжиынтығы, балалар бойына дарыту арқылы олардың ой – өрісін дамытумақсатында қысқа сандардан бастап ұзын шумақты сандарды жаттап үйретуді, санамақтарды үнемі оқу іс-әрекеттерінде пайдаланған жөн.
Халқымыздың ауыз әдебиетінің, ертегілер мен аңыздарды балалар сүйіп, қызығып тыңдайды, Бесік жыры, хайуанаттар айтысы, ертегілер, жұмбақтар, өтірік өлеңдер балаларды қызықтырады. Балалар өлеңнен кейін құстардың аттарын біліп және дыбыстарын дұрыс айтуға икемделеді.
Бүгінгі жас бүлдіршіндерді тәрбиелей отырып, олардың ойлау қабілетін дамыту, математикалық ұғымдарын толықтай қалыптастыру, өздерін қоршаған ортаны дәл, анық ажырата білуге үйретудің маңызы зор,
Ойын барысында берілген тапсырмаларды шешуде балалардың ақыл – ойы дамиды. Міне, осыдан баланың логикалық ойлау қабілеті шыңдалады, дамиды. Ойындарды қолдану сабақтың әсерлігін арттырып, балалардың логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады. Тәрбиеші ойындарды шығармашылықпен түрлене отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде өткен материалды қайталағанда, білімді тиянақтау негізінде топтағы барлық балалармен жүргізілетін бағдарламалар аясында жұмыс істегені абзал.












Ойын арқылы




Сауықтыру



тәрбиелеу

дамыту

оқыту






Іске асыру жолдары






Дене шынықтыру, валеология сабағы. Ертеңгілік жаттығу, қимылды ойын, мәдени- гигиеналық талаптар, сергіту (1 айда 1 рет , спорттық ойындар

Имандылық, экология сабақтары. Әңгіме, сұрақ-жауап. Эстетикалық тәрбие.

Үстел үсті ойындары, домино, мозайка, дидактикалық ойындар, сюжетті ойындар, көркем әдебиет сабағы, логикалық ойлау, қабылдау.

Математика, тіл дамыту, айналамен танысу, сауат ашу, еңбек және т.б. сабақтар





Ойлау шындықты жинақталған түрде бейнелейді




Ойлау шындықты тікелей бейнелеу емес, жанама бейнелеу процесі, яғни бар білімненжаңа қорытпа білім алу.


Ойлау тілмен тығыз байланысты. Тіл ойдың тікелей шындығы болып табылады.


Ойлау шындықты бейнелеудің белсенді процесі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет