Түрі: ойын сабақ Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, ой қозғау Көрнекілігі



бет1/2
Дата27.12.2016
өлшемі1,38 Mb.
#5701
  1   2
Тақырыбы: Ойна да ойлан!

Мақсаты: Балалардың қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту, табиғат әлеміне танымдық қызығушылықтарын арттыру, ойын арқылы белсенділіктерін дамыту, табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу

Түрі: ойын сабақ

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, ой қозғау

Көрнекілігі: суреттер, сөздер

Өту барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

1. сыныпты әзірлеу

2. оқушыларды түгендеу

ІІ. Негізгі бөлім


  1. Тілек шеңбері

  2. Табиғат – біздің анамыз ( өлең – тақпақтар)

  3. Тиісті түспен боя

  4. «Ұйқасын тап» ойыны

  5. Ребус шешу

  6. «Артығын тап» ойыны

  7. Құрастыру жұмысы

  8. Ой қозғау

ІІІ. Қорытынды
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі күнмен амандасып алайық.

Арайлап бүгін атты күн!

Шашып бізге шапағын!

Тілейміз сізге ақ таңның

Қуанышын, шаттығын

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

Сұрақ – жауап:



  • Табиғат дегеніміз не?

  • Ол нешеге бөлінеді?

  • Тірі табиғатқа нелер жатады?

  • Өлі табиғатқа нелер жатады?

Дұрыс айтасыңдар, табиғат – бізді қоршаған орта. Табиғатсыз адам сүре алмайды. Табиғатқа тамсанып бір қараңдаршы: алуан түсті сурет салып қойғандай. Осы алуан түсті көріністен ағаш та, шөп те, гүл де, өзен – көл де, тау мен тас та мен мұндалап тұрғандай. Бұлардың бәрі табиғат деп аталады. Осы дүниенің ішінде сендер де барсыңдар. Табиғат қандай әсем де сұлу болса, біздер де сондай әсем де сұлумыз. Осындай сұлу дүниені жаратқан – табиғат –ана екен. Бүгінгі сабағымыз ойын түрінде өтеді. Алдымен табиғат туралы білетін өлең – тақпақтарымызды ортаға салайық.

1. «Табиғат – біздің анамыз»

1-оқушы:

Табиғат қызығамын сені суретіңе

Бас иемін сенің құдіретіңе

Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,

Тұтқасы тіршіліктің күн бетінде.

2-оқушы:

Табиғаттың бауырысың, досысың

Аянбау да керек шығар дос үшін.

Екеуіңнің араңдағы байланыс

Өмір бақи үзілмесін, қосылсын.

3-оқушы:

Табиғаттың арайлансын ажары

Болмаса екен тартар оның азабы

Табиғатқа тазалықты тарту ет

Тарқамасын аң мен құстың базары

4-оқушы:

Ормандар, жап-жасыл ормандар,

Орманды отаушы болмаңдар.

Отан мен орман жұп, бір ұғым,

Орманды Отандай қорғаңдар.

5-оқушы:

Су деген тіршіліктің қаны емес пе,

Су деген табиғаттың жаны емес пе,

Су жоқ жерде өмір жоқ, ол – ақиқат

Күміс су қара жердің сәні емес пе?

6-оқушы:

Болмасын ауа ешкімнің арман мұңы

Ауадан артық ас жоқ, жалғанда ұлы

Ойлашы кімге керек боламыз біз?

Жұтудан таза ауаны қалған күні

7- оқушы:

Табиғаттың қадірлеп қасиетін

Әділдікке әрқашан бас иемін

Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын деп,

Халық айтқан орынды өсиетін

8-оқушы:

Жүрегімді тербеген бір арман бар,

Аман болсын аңдар, құстар, ормандар

Ақыл – ойды жоюға емес, адамдар



Тіршілікті қорғау үшін арнаңдар.

2.Тапсырма: тиісті түспен боя



3. «Ұйқасын тап» ойыны

Өзінше ноян, Таппастан тыным Ерте тұрып жұмысқа

Қорқақ кім ... Шабады ... Шығатын не ...
Бата алмас түлкі Жағасында бұлақ Орыннан орынға ауысқан

Үсті тікен ... Жайылып жүр ... Қара ала ...



4. Ребус шешу


Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет