2.Мағынаны ашу: 2-тапсырма Әр топқа жеке слайд арқылы ортақ, бір тапсырма беріліп, оны әр топ жеке орындады 2-тапсырма бойынша: оқушылар тапсырманы жеке-жеке оқып танысты; топта талқылады; тақтаға түсіндірді; бір-бірінің жұмыстарын тексерді. Тапсырма түрі: пирамидаға берілген элементтері бойынша қима жазықтық салу болатын. Сонан кейін интерактивті тақтада жұмыстың орындалған үлгісін көріп, өздерінің салу жұмысына қаншалықты дайын екеніне көз жеткізді. Планимериядағы салу жұмысынан, стереометриядағы салу жұмысының күрделі екенін түсінді.
3- тапсырма Оқулықтан барлық оқушыға ортақ есеп беріліп, оны талдады. тапсырма бойынша: топ оқушылары тапсырманы жеке-жеке оқып танысты; тақтаға сызбасын сызып, берілгенін жазды; есепті шығарды және қалай шығарылғанын түсіндірді. Бұл тапсырманың топ ішінде талдану маңыздылығы - тақырыптың мағынасын ашу. Оқушылардың есептердің мазмұнын сыни тұрғыда ойлана отырып, берілгенін назар аудара оқып, не табу керектігін түсінеді, жеке және бірігіп талдап үйренеді.