ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ДИЗАЙН, ТЕКСТИЛЬ ЖӘНЕ КИІМ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ
«Бұйымдар мен тауарлардың технологиясы мен құрастырылуы» кафедрасы
Кәсіби оқу тәжірибеден өту туралы
ЕСЕП БЕРУ
Орындаған топ студенті
|
КШИ 19-12
(топ)
|
Тастан А.Е
(қолы, аты-жөні)
|
|
|
|
Университеттен тәжірибе жетекшісі
М.О.
|
Ассистент
(қызметі)
|
Чукенова М.Б.
(қолы, аты-жөні)
|
АЛМАТЫ, 2021ж
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
Жеңіл өнеркәсіп жайлы түсінік
Кәсiпорын туралы ақпарат
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
І.Кіріспе
1.1Жеңіл өнеркәсіп жайлы түсінік
Жеңіл өнеркәсіп-халықтың әлеуметтік әлеуетін көтеруде жеңіл өнеркәсіптің игі ықпалы өлшеусіз. Бұл саланың өнімдеріне деген сұраныс та жоғары – азық-түлік тауарларынан кейінгі екінші орынды иеленеді. Сондықтан, қарапайым жұрттың қамын ойлаған ел экономикалық даму стратегиясында бірінші кезекте жеңіл өнеркәсібі саласын дамытуға айрықша басымдық беруге тиіс.
Ж еңіл өнеркәсіп - бұл көбінесе халықтың көптеп тұтынатын яғни халықтың белгілі бір киімге, іш және сырт киімдік трикотаж, аяқ киім, тігін және галантерея бұйымдарын өндіретін және де халықтың осы тауарларға деген мұқтаждығын қамтамасыз ететін салалар мен кәсіпорындарды айтуымызға болады.
Жеңіл өнеркәсіптің мақсаты – тұрғындарды әдемі, әр алуан, ең бастысы тиімді — жоғары сапалы киіммен және аяқ киіммен камтамасыз ету. Жеңіл өнеркәсіп саласы азық-түлік тауарларын тұтынудан кейінгі екінші орында. Дүние жүзінде жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығаратын елдердің басында Үндістан, Қытай елдері тұр. Бұл елдердің қатарына ену үшін Қазақстан Республикасы қандай шараларды жүзеге асыру керек және де қандай белестерді бағындыру қажет деген, сияқты ой қандай кәсіпорындарда болмасын көкей тесті сұрақ екендегігі мәлім. Сондай-ақ қазіргі таңда жеңіл өнеркәсіп экономикада әлі күнге дейін шешімін таппаған салалардың бірі болып есептелінеді. Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің жақсы шикізат базалары бар. Олар: мақта, мата, тері, былғары болып табылады. 1 тонна жуылған жүн алу үшін 2 тонна жуылмаған жүн, ал 1 тонна мақта талшығын алу үшін 3 тоннадан астам мақта шикізаты қажет. Сондықтан бастапқы өңдеу кәсіпорындары шикізат көздеріне жақын орналастырылады. Мақта-мата өнеркәсіптері Оңтүстікте шоғырланған. Барлық мақта тазалау зауыттары (олар 30-дай) Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Жүн өнеркәсібі мардымсыз дамыған. Жүнді өңдеу фабрикалары Оңтүстікте, Таразда, Семейде және т.б., ал мата тоқитын фабрикалар Фабричный кентінде (Алматы маңында), Қостанай мен Семейде орналасқан. Тоқыма өнеркәсібінде Алматы ерекше орын алады. Былғары, аяқ киім және тері өңдеу өнеркәсіптері бір-бірімен тығыз байланысты. Тері өңдеу (табиғи б ылғары алу) шикізат көзіне, су мен электр қуатына жақын орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |