Әлеуметтік қамтамассыз ету құқығының пәніне байланысты келтірілген алуан түрлі анықтамалар қамтамасыз етудің негізін құрайтын заң қатынастарының субъектілері мен қорларының көп түрлері және қарастырылатын заң қатынастарының заңды фактілері мен құқықтық нормалардың көптүрлілігіне негізделген.
Жалпы айтқанда бұл заң қатынастары ең алдымен, Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік құқықтарын іске асыруға бағытталған. Бұл құқықтардың заңды түрде республиканың нормативті құқықты актілерде іске асырылады, бірақ негізгі құжат Қазақстан Республикасының Конституциясы боп табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 28 бабында: «Қазақстан Республикасының азаматына жас шамасына қарай, ауырған жағдайда, мүгедектік, асыраушының жоқтығы, басқада заңды негіздемелерге әлеуметтік қамсыздандарулар мен ең аз мөлшерде зейнетақы төлеуне кепілдік беріледі,» - делінген.
Аталған әлеуметтік заңдылықтар Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік құқықтарының субъективті дараланған жүйесін құрайды, біздің ойымызша бұл жүйе Қазақстан Республикасының азаматтығын алмаған, бірақ түрақты мекендеп жатқан шетел азаматтарына да қатысты болуы тиіс, өйткені Қонституцияға сәйкес олар «...Республика құқығы мен еркіндіктерімен пайдаланады және міндеттеріне жауапты болады».
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы пәнін құраушы заң қатынастары арқылы адамның әлеуметтік құқығы іске асады. Қазіргі таңда заң әдебиеттерінде ғалымдар әлеуметтік қамсыздандыру құқығы пәнін үш салаға бөліп қарастырады.
Бұл әлеуметтік қамсызандыру құқығының нормаларымен реттелетін процедуралық, материалдық, процессуалдық қатынастар.
Бұл ұстанымды К.Н. Гусов, Э.Г. Тучкова, Е.Н. Мачульская, М.Л. Захаров және басқалардың еңбегінде байқауға болады. Мысалы, М Л Захаров пен Э. Г. Тучкова еңбектерінде: «...әлеуметтік қамсыздандыру құқығы пәнін әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі арқылы ішкі өнім таралуның негізіде пайда болатын материалды, процедуралық-процессуалдық қатынастардың күрделі кешені».
Әлеуметтік-қамсыздандыру заң қатынастарын талдау барысында біз бекітілген әдістерді басшылыққа ала отырып, ортақ, ұқсас мәселелерді, талдауға түсетін қатынастар ерекшеліктерін айқындауды, қатынастар жүйесінде олардың орнын тану сұрақтарды көтеруді мақсат еттік.
Әдебиеттеде бұл жайлы түрлі көзқарастар байқалады. Мысалы, Т.М. Кузьмина «әлеуметтік қамсыздандыру бойынша қатынас ерекшелігін өмірде шын мәніндегі құқықтық нормаларымен байланысқан деп айқындайды». Бұл ерекшелік заң қатынастарының қоғамдық қатынастарға тән сипаттамаға ие. Кейбір авторлар әлеуметтік қамсыздандыру құқықтарының ерекшелігін олардың мүліктік және алиментарлық сипаттамасына негіздейді.
Мысалы Р.И. Иванова. әлеуметтік қамсыздандыруға байланысты материалдық қатынастар мүліктік қатынастар боп есептеледі, өйткені олар азаматтарға түрлі материалдық жағдай (зейнетақы, төлемақы, қызмет көрсету) жасаумен айқындаалады. Бұл сипаттама ерекшелегі мүліктік жағдайды әлеуметтік алиментация түрінде берілетіндігінде. Әлеуметтік - қамсыздандыру қатынастарына мүліктік сипаттама бере отырып, кейбір мәселелерді айта кету керек. Біріншіден, мүліктік қасиет басқа әлеуметтік қамсыздандыру қатынастарын басқалардан бөле алмайды, өйткені, «... салықтық заң қатынастарының ерекшелігі, оның мүліктік сипатқа иелігінде, ал салық қатынастарында мүліктік сипатқа иелегінде, ал салық қатынастарында мүлік ақша боп есепеледі».
Әлеуметтік - қамсыздандыру заң қатынастары кейде материалды емес жағдай туғызумен айқындалады, мысалы тегін дәрігерілік көмек, түрлі женілдіктер т.б.
Сонымен, әлеуметтік - қамсыздандыру заң қатынастарының ерекшелігін саралағанда, олардың өзгешелік сипатының еңбек қатынастарына негіздеп азаматтық - процессуалдық заң қатынастарының субъектісін сот деп белгілейді. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заңында зейнетақы жинақ қорларынан зейнетақы алушы зейнетақы жинақ қорларының жағдай туралы мәлімет алуға, зейнетақы жинақ қорларының қызметін сот арқылы арыздануға, өз үлесі және басқалар үлесіне ерікті зейнетақы төлемдерін жүргізуге, және жылына 2 реттен аспайтын мөлшерде өз жинағын басқа зейнетақы жинақ қорларына ауыстыруға құқылы (27, 28 б.б.). Ал зейнетақы жинақ қорлары өз тарапынан зейнетақы төлеуге, жеке зейнеткерлік жинақ пен төлемдерге есеп жүргізуге, кемінде жылына 1 рет және олардың сұраған жағдайында өз зейнетақы алуышыларына зейнетақы жинақтары жайлы мәлімет беруге міндетті, сондай ақ, Қазақстан Республикасының заңнамысына сәйкес келмейтін зейнетақы заңнамасының шарттарын өңдеуге және зейнетақы алуышының өтініші бойынша жинағын бір қордан екінші қорға аустыруға міндетті.
«Әлеуметтік қамсыздандыру (41б.2т.) заң қатынастарының ерекшелігі- барлық материалдық заң қатынастарының алдында жүретін қызмет көрсету мен қамсыздандыру түрлеріне бекітілген процедуралық заң қатынастары».
Р.И. Иванованың бұл ойымен келісетін жерлер бар. Әлеуметтік қамсыздандыру заң қатынастарына әлеуметтік қамсыздандыру пәнін құраушы материалдық процедуралық және процессуалдық қатынастарды жатқызған. Әрекет пен оқиға үйлесімділігі негізінде көптеген процедуралық
қатынастар материалдық заң қатынастарынан бұрын жүреді, мысалы адам ауруы мен өлімі т.б. Сонымен қатар процедуралық қатынасқа жатпайтын, яғни белгілі факт орнатуды мақсат тұтпайтын, бірақ әлеуметтік қамсыздандыру құқығымен реттелетін қатынастар болуы мүмкін. Олар салушы мен зейнетақы қоры, зейнетақы қоры мен жұмыс беруші арасындағы заң қатынастары.