Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы


Қызмет алушылардың арнаулы әлеуметтік қызметке қажеттілігін айқындау және жеке жұмыс жоспарын әзірлеу



бет18/46
Дата12.10.2020
өлшемі0,96 Mb.
#66908
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   46
5. Қызмет алушылардың арнаулы әлеуметтік қызметке қажеттілігін айқындау және жеке жұмыс жоспарын әзірлеу

      23. Арнаулы әлеуметтік қызметтің қажеттілігін (түрлері мен көлемін) әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер, педагогтар мен жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басқа да мамандары (бұдан әрі – жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның мамандары) (осы стандартқа 4-қосымша) айқындайды.


      24. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның мамандары қызмет алушылардың қажеттілігін бағалау негізінде, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын ескере отырып, ұзақ уақыт болуға арналған жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болатын әрбір қызмет алушыға бір жылдан аспайтын мерзімге, ал уақытша болуға арналған жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болатын қызмет алушыларға болу кезеңдегі мерзімге жеке жоспарлар (бұдан әрі – жеке жоспар) (осы стандартқа 5-қосымша) әзірлейді.
      25. Қызмет алушылардың жеке жоспарлары жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға түскен күннен бастап жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның мамандары оны тексергеннен кейін он жұмыс күні ішінде немесе алдыңғы жеке жоспардың қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін әзірлейді, кейінгі үш жұмыс күні ішінде толтырылады және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы бекітеді.
      Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуы қырық екі күннен аспайтын қызмет алушылардың жеке жоспарлары жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға түскен күннен бастап ұйымның мамандары оны тексергеннен кейін екі жұмыс күні ішінде әзірленеді, кейінгі бір жұмыс күні ішінде толтырылады және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы бекітеді.
      26. Жеке жоспарда көрсетілген іс-шараларды жартылай стационарлы үлгідегі ұйымның мамандары жеке жоспарда белгіленген мерзімде іске асырады.
      27. Қызмет алушының жай-күйіндегі өзгерістерді жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның мамандары тоқсан сайын (қажет болғанда ай сайын) тексереді.
      28. Жүргізілген іс-шараларды және тоқсан сайынғы мониторинг қорытындыларын жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның мамандары жеке жоспардың орындалуы (мониторингі) жөніндегі журналда/электрондық картотекада (бұдан әрі – журнал/электрондық картотека) көрсетеді, ол әрбір қызмет алушыға жеке-жеке толтырылады (осы стандартқа 6-қосымша).
      29. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның мамандары мониторинг қорытындылары бойынша қызмет алушылардың жеке жоспарларын қажетіне қарай түзетеді.
      30. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман жеке жоспарды және журналды/ электрондық картотеканы әзірлеу жөнінде жұмыстарды үйлестіреді, сапалы толтырылуын және орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
      31. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандардың жұмыс сапасын:
      1) жеке даму деңгейі жоғарылаған балалар мен он сегіз жастан асқан адамдардың;
      2) білім берудің арнайы түзету ұйымдарына ауыстырылған балалардың;
      3) қоғамға кіріктірілген ТҚА бұзылған мүгедектер мен балалардың;
      4) әлеуметтенген және өздігінен өмір сүруге бейімделген қызмет алушылардың санының көбеюі бойынша жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы немесе уәкілетті орган бағалайды.
      32. Жеке жоспарды әзірлеу, оңалту іс-шараларының нәтижелілігін бағалау немесе консультация беру үшін жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда қажетті мамандар болмаған жағдайда, шарт негізінде басқа ұйымдардан мамандар тартуға рұқсат етіледі.
      33. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның әрбір маманы лауазымдық нұсқаулығына және жеке жоспарға сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге қатысады.
      Оңалту іс-шараларының нәтижелері тоқсан сайын журналға/электрондық картотекаға белгіленіп отырады.
      34. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның әкімшілігі жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның барлық мамандарына қатысты қызметтік міндеттерін сапалы орындауына тұрақты бақылауды жүзеге асырады.


Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет