Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы


айқындау және ресоциализация туралы шарт әзірлеу



бет9/10
Дата03.02.2017
өлшемі2,47 Mb.
#8667
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

айқындау және ресоциализация туралы шарт әзірлеу

      22. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті (түрлері мен көлемін) әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар, психологтар және уақытша болу ұйымының басқа мамандары (бұдан әрі – уақытша болу ұйымының мамандары) айқындайды.


      23. Қызмет алушылардың қажеттілігін бағалау негізінде уақытша болу ұйымының мамандары жоғалтылған әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіргісі келетін әрбір қызмет алушыға ресоциализация туралы шарт (бұдан әрі – шарт) әзірлейді. Шарт осы стандартқа 3-қосымшада көзделген нысан бойынша жасалады.
      24. Шарт қызмет алушыны уақытша болу ұйымының мамандары бақылағаннан кейін уақытша болу ұйымына ол түскен күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде әзірленеді және кейінгі екі жұмыс күні ішінде қызмет алушымен жасалады.
      25. Шартта:
      1) арнаулы әлеуметтік қызметтің көрсетілетін көлемі мен түрлері;
      2) уақытша болу ұйымы мен қызмет алушының құқықтары мен міндеттемелері;
      26. Шартта көрсетілген оңалту іс-шараларын уақытша болу ұйымының мамандары шартта белгіленген мерзімде жүргізеді.
      27. Шартта көрсетілген уақытша болу ұйымының міндеттемелері белгіленген мерзімде орындалмаса, болу мерзімі оларды орындау күніне дейін, бірақ алты айдан асырмай ұзартылады.
      28. Уақытша болу ұйымы мамандарының жұмыс сапасын уақытша болу ұйымының басшысы және уәкілетті орган оңалтылған және қалыпты өмір сүру салтына қайтып оралған қызмет алушылар санының алдыңғы жылғымен салыстырғанда көбеюі бойынша бағалайды.
      29. Уақытша болу ұйымында қажетті мамандар болмаған жағдайда шарт негізінде басқа да ұйымдардан мамандарды тартуға болады.
      30. Уақытша болу ұйымының әрбір маманы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге қатысады және оңалту іс-шараларының нәтижелерін тоқсан сайын журналға/электронды картотекаға белгілеп отырады.
      31. Уақытша болу ұйымының әкімшілігі уақытша болу ұйымының барлық мамандарына қатысты қызметтік міндеттемелердің сапалы орындалуына ұдайы бақылауды жүзеге асырады.

6. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету шарттары



      32. Әлеуметтік бейімдеу орталықтарында көрсетілетін әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерге:
      1) қызмет алушыларды қабылдау және уақытша орналастыру;
      2) төсектік орын, жиһаз беру, төсек-орын жабдықтарымен, жеке гигиена заттары және іш киіммен қамтамасыз ету осы стандартқа 4-қосымшада көзделген нормативтерді сақтай отырып жүзеге асырылады. Бір жыл ішінде уақытша болу ұйымына қайта түскен кезде қызмет алушылар қажеттігіне қарай іш киіммен қамтамасыз етіледі;
      3) жеке басын куәландыратын құжаттарды қалпына келтіруге жәрдемдесу;
      4) жүріп-тұруы қиын және өзіне қызмет көрсетуге қабілетсіз қарттар мен мүгедектердің болуы үшін жағдай жасау;
      5) санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес тұру жағдайларын сақтау жөнінде қызметтер көрсету;
      6) іш киімді, киімді, төсек-орын жабдықтарын дезинфекциялау;
      7) тұрмыстық өз-өзіне қызмет көрсету үшін жағдай жасау (жеке киімдері мен киімдерін жуу, кептіру, үтіктеу);
      8) санитарлық-гигиеналық рәсімдерді (душ немесе ванна бөлмелері, санитарлық тораптар) жүзеге асыру үшін жағдай жасау;
      9) жол жүру құжаттарын сатып алу және баратын жеріне дейін азық-түлікпен қамтамасыз ету арқылы бұрынғы тұрған жеріне жөнелтуге жәрдемдесу.
      Жүріп-тұруы қиын адамдарға уақытша болу ұйымы баратын жеріне дейін ілесіп барумен қамтамасыз етеді;
      10) тұратын жері бойынша тіркелу үшін құжаттарын рәсімдеуге жәрдемдесу;
      11) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілген интернат үйлерінде, оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік бейімдеу орталықтарында қызмет көрсетілетін адамдар үшін заттай тамақтану нормаларына сәйкес тамақ ұсыну;
      12) емдеу, оқу үшін қызмет алушыларды тасымалдауға көлік қызметін ұсыну;
      13) хат жазуға және оқуға көмек көрсету жатады.
      Түнде болу үйлерінде (бөлімшелерінде) көрсетілетін әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерге:
      1) қызмет алушыларды қабылдау және уақытша орналастыру;
      2) койка орын беру, төсек-орын жабдықтарымен қамтамасыз ету;
      3) іш киімді, киімді, төсек-орын жабдықтарын дезинфекциялау;
      4) санитарлық-гигиеналық рәсімдерді (душ немесе ванна бөлмелері, санитарлық тораптар) жүзеге асыру үшін жағдай жасау жатады.
      33. Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
      1) берілетін тұрғын үй орынжайлары көлемі мен басқа да көрсеткіштері бойынша (ғимараттар мен орынжайлардың жай-күйі, олардың жайлылығы) санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарға сәйкес болады және қызмет алушылардың тұруына қолайлылықты қамтамасыз етеді.
      Санитарлық-эпидемиялық нормалар мен ережелерге, қауіпсіздік талаптарына, өртке қарсы талаптарға сай келетін барлық тұрғын, қызметтік және өндірістік орынжайлар персоналдың, қызмет алушылардың денсаулығына және ұсынылатын қызметтердің сапасына кері әсер ететін әртүрлі факторлардың әсерінен (ауаның жоғары (төмен) температурасынан, ауа ылғалдығынан, шаң-тозаңнан, дірілден және тағы да басқа қолайсыз жағдайлардан) қорғалған болады.
      Әлеуметтік-еңбек қызметін, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін ұсынылатын орынжайлар көлемі, орналасуы мен конфигурациясы бойынша қызмет көрсетілетін қызмет алушылардың ерекшелігін ескере отырып, жоғарыда аталған барлық іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етеді;
      2) уақытша болу ұйымы мамандарының кабинеттері қажетті жиһазбен және мамандандырылған жабдықтармен жабдықталады.
      Әрбір мамандандырылған кабинетке еркін нысанда ресімделген паспорт толтырылады;
      3) қызмет алушылардың пайдалануына берілетін жиһаз, жабдық, жұмсақ мүкәммал Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын техникалық реттеу саласындағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес болады;
      4) қызмет алушыларға берілетін киім киюге ыңғайлы, қызмет алушылардың жынысына, бойы мен өлшемдеріне сәйкес келеді, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптарға жауап береді;
      5) ыстық тамақ сапалы тағамдардан әзірленуге, теңгерімділік және калориялық талаптарға жауап береді, санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес болады және қызмет алушылардың денсаулық жағдайын ескеріп ұсынылады.
      Уақытша болу ұйымдарының басшысы маусымға қарай (көктем-жаз, күз-қыс) ағымдағы апталық мәзірді және екінші аптаға перспективалық мәзірді бекітеді;
      6) бақылаудағы, төсек режиміндегі және денсаулық жағдайына байланысты өзін-өзі күтудің қарапайым рәсімдерін орындай алмайтын қызмет алушыларға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету олардың денсаулығына қандай да бір зиян, физикалық немесе моральдық азап және қолайсыздық тудырмай орындалады (мұндай қызметті көрсету кезінде қызмет көрсетуші персонал қызмет алушыларға ерекше сыпайылық танытуы қажет);
      7) қызмет алушыларды емдеу, оқыту үшін автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде автокөлік құралдарын пайдалану нормативтері мен ережелері, жол жүру қауіпсіздігінің талаптары сақталады;
      8) тұрмыстық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету (іш киімді, киімді, төсек-орын жабдықтарын жуу, кептіру, үтіктеу, дезинфекциялау) сапа талаптары мен оның уақтылығына жауап береді.
      34. Әлеуметтік бейімдеу орталықтарында көрсетілетін әлеуметтік-медициналық қызметтерге:
      1) алғашқы медициналық тексеру және алғашқы санитарлық тазалау жүргізу;
      2) дәрігерге дейін медициналық көмек көрсету, емделуге мұқтаж қызмет алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызуға және ілесіп жүруге жәрдемдесу;
      3) медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу үшін құжаттарды дайындауға жәрдемдесу;
      4) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу;
      5) дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
      6) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі – ОЖБ) сәйкес протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық қосалқы (орнын толтырушы) құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, сурдо-, тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз етуге, санаторлық-курорттық емделуді алуға жәрдемдесу;
      7) арнайы маманның, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымы маманының медициналық консультация беруіне жәрдемдесу;
      8) емдеуші дәрігердің тағайындауы бойынша денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес медициналық айла-шарғылар жасауды жүргізу жатады.
      Түнде болу үйлерінде (бөлімшелерінде), сондай-ақ мобильді әлеуметтік патруль қызметтері мынадай әлеуметтік-медициналық қызметтер көрсетеді:
      1) алғашқы медициналық тексеру және алғашқы санитарлық тазалау жүргізу;
      2) дәрігерге дейін көмек көрсету.
      35. Әлеуметтік-медициналық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
      1) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу денсаулық сақтау саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерде көзделген шеңберде жүзеге асырылады;
      2) денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес медициналық айла-шарғылар жасауды жүргізу қызмет алушыларға қандай да бір зиян келтіріп алмай, барынша мұқияттылықпен және сақтықпен жүзеге асырылады;
      3) дәрігерге дейін медициналық көмек көрсету денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады;
      4) қызмет алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызу немесе жатқызуға жәрдемдесу жедел және уақтылы жүргізіледі;
      5) медициналық ұйымдарда профилактикалық тексеруден, диспансерлеуден, иммундаудан өтуге жәрдемдесу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен стандарттарға сәйкес көрсетіледі;
      6) салауатты өмір салтын насихаттауды жүргізу.
      Қызмет алушылармен зиянды әдеттердің алдын алу және олардан арылу жөніндегі жеке жұмыс зиянды әдеттердің (алкоголь ішу, есірткі пайдалану, темекі шегу) қауіптілігін, олар әкеп соғатын кері нәтижелерді түсіндіруге бағытталады және нақты жағдайға байланысты бұл әдеттердің алдын алу немесе олардан арылу бойынша қажетті ұсынымдар беріледі;
      7) медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу үшін құжаттарды дайындауға жәрдемдесу уақтылы және толық көлемде көрсетілуі тиіс;
      8) ОЖБ-ға сәйкес протездік-ортопедиялық көмек, техникалық қосалқы (орнын толтырушы) құралдар, міндетті гигиеналық құралдар, арнаулы жүріп-тұру құралдары, сурдо-, тифлотехникалық құралдар, санаториялық-курорттық емделуді, сондай-ақ күту және оңалту құралдарын алуға жәрдемдесу қызмет алушылардың практикалық қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асырылады;
      9) санитарлық-гигиеналық қызметтерді көрсету қызмет алушылардың денсаулық жағдайы мен хал-жайының жақсаруына жәрдемдеседі, жағымсыз қолайсыздық сезімін жоюға мүмкіндік береді;
      10) дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу қызмет алушылардың ауруларының, жарақаттарының уақтылы алдын алуға және емдеуге ықпал етеді;
      11) денсаулық сақтау ұйымдарының білікті мамандарынан консультация алуға жәрдемдесу қызмет алушылардың ауруларын уақтылы анықтауды және емдеуді қамтамасыз етеді.
      36. Уақытша болу ұйымдарында көрсетілетін әлеуметтік-психологиялық қызметтерге:
      1) психологиялық диагностика және жеке адамды тексеру;
      2) әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі бақылау);
      3) мүгедектермен және қарттармен психологиялық алдын алу жұмыстары;
      4) психологиялық консультация беру;
      5) шұғыл психологиялық көмек;
      6) қызмет алушыларға психологиялық көмек көрсету, оның ішінде сөйлесу, әңгімелесу, тыңдау, көңілін көтеру, белсенділікке ынталандыру;
      7) психологиялық тренингтер;
      8) қызмет алушыларды психологиялық түзету;
      9) өзара қолдау топтарында және қарым-қатынас клубтарында сабақ өткізу жатады.
      37. Әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
      1) психологиялық консультация беру қызмет алушыларға жанжалдың алдын алу және жою үшін тұлғааралық қарым-қатынастарды жақсарту бойынша білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
      Психологиялық консультация беру қызмет алушыдан алынған ақпараттар мен туындаған әлеуметтік-психологиялық проблемаларды онымен талқылау негізінде ішкі ресурстарды ашуға және жұмылдыруға және осы проблемаларды шешуге көмектеседі;
      2) қызмет алушылардың психологиялық диагностикасы уақытша болу ұйымының психологы әзірлеген психодиагностикалық пакет негізінде жүзеге асырылады.
      Тұлғаны психодиагностикалау және тексеру қызмет алушылардың мінез-құлқындағы және айналасындағы адамдармен қарым-қатынаста ауытқушылықтарға әсер ететін олардың психикалық жай-күйін және жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау мен талдаудың нәтижесі бойынша түзету іс-шараларын жүргізудің болжамын жасау және ұсынымдарды әзірлеу үшін қажетті ақпарат береді;
      3) белсенді психологиялық ықпал ретінде психологиялық түзету қызмет алушылардың мінез-құлқындағы, эмоционалдық жай-күйіндегі ауытқушылықтарды (жекелеген адамдардың эмоционалдық жауап қайтару және мінез стереотипінің жайсыз формалары, жайсыз қарым-қатынастар және мінез-құлқындағы басқа да ауытқулар) жеңу немесе бәсеңдетуді қамтамасыз етеді, бұл аталған көрсеткіштерді жас нормалары мен әлеуметтік орта талаптарына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді;
      4) белсенді психологиялық ықпал ретінде психологиялық тренингтердің психологиялық жара салу жағдайларының, нервтік-психологиялық шиеленістердің салдарын жоюда, тұрмыс-тіршіліктің бейәлеуметтік нысанын жеңуші адамдарды әлеуметтік құнды нормаларға дағдыландырудағы, өзгермелі жағдайларға бейімделу үшін тұлғалық алғышарттарды қалыптастырудағы тиімділігімен бағаланады;
      5) әлеуметтік-психологиялық патронаж қызмет алушыларды жүйелі тексеру негізінде психикалық жайсыздық, тұлғалық (тұлғаішілік) немесе тұлғааралық жанжал және қызмет алушылардың қиын өмірлік жағдайын одан әрі қиындата түсетін басқа да жағдайларды уақтылы анықтауды және оларға осы сәтте қажетті әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
      6) қызмет алушыларды өзара қолдау топтарында, қарым-қатынас клубтарында сабақ өткізуге тарту қызмет алушылардың жайсыздық жағдайынан шығуына, психикалық денсаулығын сақтау және нығайтуды, стреске төзімділігін, ең алдымен тұлғааралық байланыс және қарым-қатынас саласында психологиялық мәдениет деңгейін арттыруға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
      7) шұғыл психологиялық көмек қызмет алушыларға дереу психологиялық консультация беруді, дағдарыс жағдайынан шығу үшін олардың физикалық, рухани, тұлғалық, зияткерлік ресурстарын жұмылдыруды, туындаған проблемаларды өздігінен шешу және қиындықтарды жеңу, өзіне деген сенімін нығайту үшін қолдануға болатын құралдардың диапазонын кеңейтуге жәрдемдесуді қамтамасыз етеді;
      8) психологиялық алдын алу жұмысы қызмет алушыларда психологиялық білімге және оларды өзін түзеу және өз проблемаларымен жұмыс жүргізу үшін пайдалану ықыласына қажеттілігін қалыптастыруға, тұлғаның әрбір жас кезеңінде толыққанды психикалық дамуы үшін жағдай жасайды, тұлғаның қалыптасуы мен дамуындағы ықтимал бұзылушылықтардың уақтылы алдын алуға жәрдемдеседі;
      9) сөйлесу, әңгімелесу, тыңдау, көңілін көтеру, белсенділікке ынталандыру, өмірлік тонусын психологиялық қолдау қызмет алушылардың психикалық денсаулығын нығайтуды, олардың стреске төзімділігі мен психикалық қорғалуын қамтамасыз етеді.
      38. Уақытша болу ұйымдарында қызмет алушыларға көрсетілетін әлеуметтік-еңбек қызметтеріне:
      1) қызмет алушылардың бойындағы еңбек дағдыларын зерттеп-тексеру жөнінде іс-шаралар жүргізу;
      2) қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатысу;
      3) кәсіби бағдарлау;
      4) бейіні бойынша еңбек дағдыларын қалыптастыру;
      5) қызмет алушыларды қол жетімді кәсіптік дағдыларға үйрету жөніндегі іс-шараларды жүргізуге жәрдемдесу жатады.
      39. Әлеуметтік-еңбек қызметін көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
      1) еңбек дағдыларын, білім мен шеберлікті қалыптастыру мақсатында қызмет алушыларға, олардың жеке қажеттіліктеріне қарай қызмет алушылардың жеке және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге жәрдемдесетін қолжетімді кәсіптік дағдыларға үйрету жөніндегі іс-шараларға белсенді қатысуын қамтамасыз ететін еңбек қызметінің түрлері тағайындалады;
      2) қоғамдық пайдалы жұмыстар жүргізу уақытша болу ұйымының аумағында, арнайы ұйымдастырылған кабинеттерде (шеберханаларда) жүзеге асырылады және қызмет алушыларды олардың денсаулық жағдайын ескеріп, тыныс-тіршіліктің әртүрлі нысандарына тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасауды қамтамасыз етеді;
      3) қолжетімді кәсіптік дағдыларды оқыту, тұлғалық және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар арнайы жабдықталған кабинеттерде жүргізіледі;
      4) кәсіптік білімі жоқ қызмет алушыларды кәсіптік бағдарлау оларға кәсіп таңдауға көмек көрсететін іс-шаралармен бірге жүргізіледі;
      5) қызмет алушылардың еңбек дағдыларын зерттеп тексеру жөніндегі іс-шаралар олардың жеке ерекшеліктерін, мүмкіндіктерінің шектелу дәрежесін, қызмет алушылардың физикалық және психикалық жай-күйін ескеріп жүргізіледі.
      40. Әлеуметтік бейімдеу орталықтарында көрсетілетін әлеуметтік-мәдени қызметтерге:
      1) мерекелер мен тынығу іс-шараларын ұйымдастыру;
      2) клуб және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
      3) қызмет алушыларды тынығу іс-шараларына, мәдени-патриоттық іс-шараларға қатысуға тарту жатады.
      Түнде болу үйлерінде (бөлімшелерінде), мобильді әлеуметтік патруль қызметі қызмет алушылардың арасында ресоциализацияның орындылығы мен маңыздылығы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізеді.
      41. Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
      1) мәдени-патриоттық және тынығу іс-шараларын өткізу уақытша болу ұйымының басшысы бекіткен тоқсандық жоспар бойынша жүзеге асырылады;
      2) көркемөнерпаздар үйірмелерін ұйымдастыру қызмет алушылардың әлеуметтік-мәдени және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға, қарым-қатынас саласын кеңейтуге бағытталады;
      3) қызмет алушыларды концерт бағдарламалары мен өткізілетін іс-шаралар сценарийлерінің жобасын әзірлеуге тарту қызмет алушылардың жалпы және мәдени ой-өрісінің кеңеюіне, шығармашылық белсенділігінің артуына ықпал етеді;
      4) қызмет алушыларды тынығу іс-шараларына қатыстыру уақытша болу ұйымы ұжымының қоғамдық өміріне қатыстыру арқылы әлеуметтік және коммуникативтік байланыстарын жөнге салуға жәрдемдеседі.
      42. Уақытша болу ұйымдарында көрсетілетін әлеуметтік-экономикалық қызметтерге:
      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы, «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тиесілі жеңілдіктерді, өтемақыларды, алименттер мен басқа да төлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жәрдемдесу жатады.
      43. Әлеуметтік-экономикалық қызмет көрсету сапасына қойылатын талаптар:
      қызмет алушыларға жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақылар мен басқа да төлемдерді алуға жәрдемдесу олар үшін қызығушылық тудыратын мәселелерді шешуде уақтылы, толық, білікті және тиімді көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
      44. Уақытша болу ұйымдарында көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық қызметтерге:
      1) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек алу құқығымен байланысты мәселелер бойынша заңгерлік консультация беру;
      2) заңды мәні бар құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету;
      3) қарт адамдар мен мүгедектерді халықты әлеуметтік қорғаудың стационарлық мекемелеріне орналастыруға қажетті құжаттарды ресімдеуге жәрдемдесу;
      4) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін және қызмет алушылардың заңды құқығын бұзатын немесе шектейтін ұйымдардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне өтініш дайындауға және беруге көмек көрсету;
      5) заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен басымдықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға заңгерлік көмек көрсету және жәрдемдесу жатады.
      45. Әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
      1) қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтер алу және өздерінің мүддесін қорғау құқығымен байланысты мәселелер бойынша консультация беру заңнамада белгіленген құқықтар мен ықтимал заң бұзушылықтардан қорғау тәсілдері туралы толық түсінік береді;
      2) қызмет алушыларға әлеуметтік-құқықтық мәселелер (азаматтық, тұрғын үй, отбасы, еңбек, зейнетақы, қылмыстық заңнама және басқа мәселелер) бойынша консультация беру оларды қызықтыратын заңнамалық актілер мен көтерілген мәселелердегі құқықтары туралы толық түсінік беруге, осы мәселелерді іс жүзінде шешу үшін қажетті құжаттарды (өтініш, шағым, анықтама және тағы да басқа құжаттар) дайындау және тиісті адресатқа жіберуде қажетті көмек көрсетеді;
      3) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызмет алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шектейтін лауазымды тұлғаларының әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым дайындауда көмек көрсету оларға шағымдарында шағымданатын әрекеттің мәнін, жол берілген заң бұзушылықты жою талабын заң тұрғысынан сауатты жазуға және шағымды адресатқа жіберуге көмек көрсетеді;
      4) құжаттарды (жеке басын куәландыратын, заңнама бойынша алуға тиесілі жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді алуға, жұмысқа орналастыруға) ресімдеуде заңгерлік көмек көрсету қызмет алушыларға қажетті құжаттардың мақсатына қарай мазмұнын, құжаттар мәтінінің баяндалуын және жазылуын (қажет болғанда) немесе нысанды бланкілердің толтырылуын, ілеспе хаттардың жазылуын түсіндіруді қамтамасыз етеді.

7. Қызмет алушыларды уақытша болу ұйымынан шығару,


шығарып жіберу және ауыстыру шарттары

      46. Уақытша болу ұйымынан қызмет алушыларды шығару:


      1) қызмет алушының жазбаша өтініші;
      2) қызмет алушылардың тұрғын үй аумағы және өмір сүруге қаражаты болған жағдайда;
      3) шарт бұзылған немесе қолдалану мерзімі аяқталған жағдайда;
      4) шарт талаптары мерзімінен бұрын орындалған жағдайда жүзеге асырылады.
      47. Қызмет алушыларды білім беру ұйымына оқыту үшін бір жылға дейінгі мерзімге жіберу туралы шешімді уақытша болу ұйымы тәртіпаралық комиссиясының қорытындысын есепке ала отырып және қабылдаушы тараптың қызмет алушыларға оқу кезеңінде тұрғын үй алаңын (жатақхана) беру туралы жазбаша міндеттемесі болған кезде уақытша болу ұйымының әкімшілігі қабылдайды.
      Білім беру ұйымында оқуды табысты аяқтаған қызмет алушылар одан әрі әлеуметтік оңалту үшін уақытша болу ұйымына қайтарылады.
      48. Егде тартқан жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігіне байланысты өзіне-өзі қызмет көрсетуі, қозғалуы қиын қызмет алушылар медициналық ұйымның және ОЖБ-ға сәйкес қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік ұйымдарға, психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік ұйымдарға ауыстырылады.
      49. Уақытша болу ұйымында тұруға медициналық қарсы көрсетілімдері болған кезде қызмет алушылар денсаулық сақтаудың тиісті ұйымдарына жіберілуге жатады.
      50. Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын қызмет алушыларды бір өңірде орналасқан уақытша болу ұйымынан елдің өзге өңірінде орналасқан уақытша болу ұйымына ауыстыру тиісті өңірлердің уақытша болу ұйымдарының келісімі бойынша жүзеге асырылады.
      51. Қызмет алушылар:
      1) Ішкі тәртіп ережесін тұрақты (үш реттен артық) түрде бұзған, оның ішінде есірткі заттарын, спирттік ішімдіктерді әкелген және қабылдаған, тауарлық-материалдық құндылықтарды және өзге мүлікті бүлдірген, құқыққа қарсы әрекеттер жасаған жағдайда;
      2) уақытша болу ұйымында болуға медициналық қарсы көрсетілімдер анықталған кезде;
      3) қызмет алушы уақытша болу ұйымы әкімшілігін хабардар етпей, уақытша болу ұйымы аумағынан өз бетімен шығып кетіп, үш тәуліктен астам уақыт бойы болмаған жағдайларда.
      Уақытша болу ұйымы аумағынан шығып кеткен адам осы стандарттың 3-тарауына сәйкес жалпы негізде қайта қабылданады, ал дәлелді себептер (ішкі істер органдарының ұстауы, денсаулық сақтау ұйымында болу) бойынша ол жөнінде хабардар етуге мүмкіндігі болмаған адам дереу қайта қабылданады;
      4) өзі туралы әдейі жалған ақпарат ұсынған жағдайда;
      5) қызмет алушы шарт талаптарын орындамаған жағдайда шығарылуға жатады.
      Шығаруға осы тармақтың 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер куәгерлердің жазбаша айғақтамаларымен расталады.
      Осы тармақтың 1), 3), 4), 5) тармақшаларында көзделген негіздемелер бойынша уақытша болу ұйымынан шығарылған қызмет алушылармен осы стандарттың 5-тарауында көзделген тәртіппен, бірақ олар шығарылғаннан кейін күнтізбелік бір жылдан соң ресоциализация туралы шарт жасалады.
      52. Қызмет алушыларды шығару, шығарып жіберу немесе басқа уақытша болу ұйымына ауыстыру уақытша болу ұйымы басшысы бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.
      53. Шығару немесе басқа уақытша болу ұйымына ауыстыру кезінде қызмет алушыларға жеке және маусым бойынша өзіне бекітілген киімі мен аяқ киімі, уақытша болу ұйымында сақталған құнды заттары (құжаттары) беріледі.

8. Уақытша болу ұйымдарын басқару

      54. Уақытша болу ұйымын уәкілетті орган немесе құрылтайшы лауазымға тағайындайтын және босататын басшы басқарады.
      55. Уақытша болу ұйымы персоналының штаттық нормативтерін уәкілетті орган немесе құрылтайшы бюджет қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескеріп, осы стандартқа 5-қосымшада белгіленген уақытша болу ұйымдарындағы персоналдың ең аз штаттық нормативтерін сақтай отырып бекітеді.
      56. Уақытша болу ұйымында шағымдар мен ұсыныстар кітабы ресімделеді, ол уақытша болу ұйымының басшысында сақталады және қызмет алушылар мен келушілердің бірінші талабы бойынша беріледі.
      57. Шағымдар мен ұсыныстар кітабын уақытша болу ұйымының басшысы апта сайын, ал уәкілетті орган ай сайын қарайды.
      58. Уақытша болу ұйымының заңды және жеке тұлғалардан қаражат аудару үшін демеушілік, қайырымдылық және өзге де шоттары болады.

Халықты әлеуметтік қорғау    


саласында уақытша болу жағдайында
арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
стандартына 1-қосымша     

Нысан  

_________________________________
(уақытша болу ұйымының атауы)  
директорына _____________________
(директордың Т.А. Ә.)
_________________________________
_________________________________
_________________________________

ӨТІНІШ

      Мені әлеуметтік бейімдеу және оңалтудан өту үшін уақытша болу
ұйымына қабылдауды сұраймын.
      Өзім туралы мынадай ақпаратты хабарлаймын:
Туған күні «__» _________________ ____ ж.
Туған жері: _________________________________________________________
Жеке куәлігі немесе паспорт (болған кезде):__________________________
_____________________________________________________________________
Білімі: _____________________________________________________________
____________ жылы баспанамнан айрылдым, айрылған баспананың мекенжайы
_____________________________________________________________________
Баспанамнан айрылу себебім __________________________________________
Тұрғылықты жері бойынша соңғы тіркелген мекенжайы:
_____________________________________________________________________
Тіркелген мекенжайы, тұрғылықты жері бойынша тұрудың мүмкін
еместігінің себебі (егер баспанасынан айрылмаған болса) _____________
_____________________________________________________________________
Жақын туыстары туралы деректер: _____________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Тұру және өрт қауіпсіздігі қағидаларымен таныстым және оларды
сақтауға міндеттенемін. Сондай-ақ өзім туралы жалған ақпарат берген
жағдайда, менің уақытша болу ұйымынан бірден шығарылатыным
ескертілді.

________________ (қолы)                  «____» ___________ ______ ж.

Халықты әлеуметтік қорғау    
саласында уақытша болу жағдайында
арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
стандартына 2-қосымша     

Нысан  

Уақытша болу ұйымында қызмет алушыны тіркеу карточкасы

1. Тегі _____________________________________________________________


2. Аты ______________________________________________________________
3. Әкесінің аты _____________________________________________________
4. Жынысы ___________________________________________________________
5. Туған күні _______________________________________________________
6. Ұлты (көрсетпеуге болады)_________________________________________
7. Туған жері _______________________________________________________
8. Тұрғылықты жері бойынша соңғы тіркелген мекенжайы
_____________________________________________________________________
9. Бар құжаты: төлқұжат/жеке куәлік (керегін сызу)

Құжат түрі

Нөмірі/сериясы

Берілген күні

Қолданылу мерзімі

Кім берді

Жеке куәлік









Төлқұжат









ЖСН









10. Білімі __________________________________________________________
11. Кәсібі __________________________________________________________
12. Жақын туыстары туралы деректер __________________________________

Р/с


Туыстық дәрежесі

ТАӘ

Туған жылы

Тұрғылықты жері









































13. Сотталуы

р/с


Қылмыстық кодекстің бабы

Өтеу мерзімі

Қашан өтеді

Қайда өтеді









































14. Ауырған аурулары (туберкулез, гепатит және т.б.)
_____________________________________________________________________
15. Денсаулық жағдайы _______________________________________________
16. Азаматты жіберген ұйым __________________________________________
17. Азаматтың жеке қолы _____________________________________________
18. Күні ____________________________________________________________
19. Карточканы толтырған уақытша болу ұйымы маманының ТАӘ, қолы
_____________________________________________________________________

Халықты әлеуметтік қорғау    


саласында уақытша болу жағдайында
арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
стандартына 3-қосымша     

Нысан  

Ресоциализация туралы үлгілік шарт

______________________________________________________________ атынан


                (уақытша болу ұйымының атауы)
__________________________________________, (бұдан әрі – Орталық) бір
          (басшының Т. А. Ә.)
тараптан және ____________________________ (бұдан әрі – қызмет алушы)
               (қызмет алушының Т. А. Ә.)
екінші тараптан, бірлесіп Тараптар деп аталатындар, төмендегі туралы
осы Шартты жасасты:

1. Шарттың нысаны

      Қызмет алушыға Орталық ресоциализацияға (жоғалтылған әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру) бағытталған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттемелері

      2.1. Орталықтың міндеттемелері:
      1) қызмет алушыларды арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету шарттарымен таныстыру;
      2) белгіленген көлемде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;
      3) мамандығы бойынша кәсіптік оқытуды (даярлауға, қайта даярлау) ұйымдастыру ______________________________;
      4) тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастыру;
      5) келешекте тұру мақсатында қол жетімді жалдамалы тұрғын үй іздестіруді жүзеге асыру;
      6) қызмет алушыға сыйластықпен қарау, дөрекілікке, өз міндеттемелеріне атүсті қарауға жол бермеу.
      2.2. Орталықтың құқықтары:
      1) қызмет алушының оқуға және жұмыс орнына баруын бақылауды жүзеге асыру;
      2) мүдделі адамдардан қызмет алушылардың оқу процесі, жұмыс орнына баруы және үлгерімі туралы қажетті ақпаратты сұрату;
      3) қызмет алушы тарапынан міндеттемелерді орындамау немесе орындаудан жалтару жағдайында біржақты тәртіппен шартты бұзу;
      4) одан әрі тұру мақсатында ұсынылған қолжетімді жалдамалы тұрғын үйде тұрудан бас тартқан жағдайда біржақты тәртіппен шартты бұзу.
      2.3. Қызмет алушының міндеттемелері:
      1) ресоциализация процесіне белсенді түрде қатысу;
      2) _________________мамандығы бойынша оқу курсынан табысты өту;
      3) ұсынылатын жұмыс орнына жұмысқа орналасу;
      4) Орталық персоналына сыйластықпен қарау;
      5) осы шарттың талаптарын сақтау.
      2.4. Қызмет алушының құқықтары:
      1) ресоциализация процесі туралы ақпарат алу;
      2) кәсіп және жұмыс орнын таңдауға қатысу.

3. Шартты бұзу талаптары

      3.1. Осы шарт мынадай негіздемелер:
      1) қызмет алушы тарапынан міндеттемелерді (оқу, жұмысқа орналасу, тұрғын үй іздестіру) орындамау немесе орындаудан бас тарту;
      2) қызмет алушының Орталық персоналына негізсіз дөрекілік таныту және айып тағу бойынша бұзуға жатады.
      3.2. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету денсаулық сақтау ұйымында қызмет алушы болған кезеңінде тоқтатылады.

4. Қорытынды ережелер

      Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден екі данада жасалды.

      Орталық директоры _________________________    ______________


                                (Т. А. Ә.)               (қолы)

      Қызмет алушы      _________________________    _______________


                                (Т. А. Ә.)               (қолы)

      Ескертпе: осы Шарт үлгілік болып табылады.

Халықты әлеуметтік қорғау    
саласында уақытша болу жағдайында
арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
стандартына 4-қосымша     

Уақытша болу ұйымдарына арналған төсек-орын және іш киім,


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет