Хамзиева Милана ҚДС-102
1. Тақырып №6
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
4.1 Тұлғаның психологиялық құрылымы.
Жеке тұлғаның құрылымының үшінші бөлігі мінез болып табылады немесе әлеуметтік ортадағы адамның мінез - құлық стилі мінез күрделі синтетикалық құрылым , адамның рухани өмірінде мазмұн мен түр бірлігінде аңғарылады . Мінез жеке тұлғаны тұтас көрсете алмағанмен , бірақ оның қасиеттерінің , бағыттылығы мен ерік - жігерінің , интеллектуалдық және эмоциялық сапаларының , темпераментте байқалатын типологиялық ерекшеліктерінің күрделі жүйесін білдіреді . Мінез жуйесінде сонымен қатар басты қасиеттерді бөліп көрсетуге болады . Оларға ең алдымен моральдік, екіншіден — ерік - жігер салалары жатады , олар белгілі мінез құлық стилін және практикалық міндеттерді шешу тәсілін қамтамасыз етеді . Сондықтан да моралдік - ерік - жігер сапаларын мінездің негізін құрайды деп айта аламыз . Басқару жүйесі болып табылады , көп жағдайда " мен " деген ұғымды білдіреді . " Мен " — жеке тұлғаның өзіндік сапа құрылымы , ол өзін - өзі реттеп отыруды іске асырады : іс - әрекетті күшейту немесе бәсеңсіту , өзін - өзі бақылау және іс - әрекет пен қьшықты басқару , іс - әрекетті жоспарлап отыру , сонымен , өзін - өзі басқару жеке тұлғаның мақсаты ұйымдасқан өмірі мен қызметінде ерекше маңызы зор . Жеке тұлғаның құрылымы егер психикалық үрдістер мен қалыпты алып тастағанда толық болмай шығар еді . Жеке тұлғаның ұйымдасқан бағыттылығы қабылдаудың және оған байланысты эмоциялық реакцияның тандауына келеді . Психикалық үрдістердің негізінде психикалық қасиеттер ұйымдасады . Жеке тұлғаның психикжлық қасиеттері бұл индивидке тән психикалық іс - әрекет пен мінез - құлықтың белгілі саңдық - сапалық деңгейін қамтамасыз ететін тұрақты құрылым Психикалық үрдістердің жүру сипаты , қасиеттердің көрінуі жеке тұлғаның психикалық белсенділігінің жағдайына байланысты . Психикалық қалып дегеніміз жеке тұлғаның көтеріңкі немесе түсінкі белсенділігі түрінде көрінетін психологиялық іс - әрекеттің тұрақты деңгейін айтады . СКез - келген оқиғаны бейнелеу - күрделі құбылыс . Ол өз құрамына біршама үрдістерді кіргізеді : түйсіну мен қабылдау , қайта жангыру , ойлау , сезім және т.б. коғамдық және жеке мәні бар ықпал мен ой түйінін түсіну , соған сәйкес сезім туғызады , оның сипатына қарай жеке тұлғаның жалпы белсенділік деңгейін төмендетеді немесе арттырады . Психикалық іс әрекеттің қалыптасқан деңгейі жалғасуы сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |