2 – тапсырма Сауалнамаға жауап беру арқылы темперамент типін анықтау (4 деңгей).
Нұсқау: Мына берілген төрт қасиеттердің қайсысы сізге тән? Таңдаңыз.
а) ұшқалақ, жеңілтек, абыржығыш, тынышсыз.
б) көңілді, шат, жарқын жүзді+
Б) салмақты, сабырлы, байсалды
г) ұялшақ, жасқаншақ, именгіш
2. а) ұстамсыз, ашушаң
б) жігерлі, қайратты, іскер+
Б) жүйелі, бірізді, байсалды, тыңғылықты
г) жаңа ортада сасу, абыржу тән
3. а) шыдамсыз, сабырсыз
б) бастаған ісін аяғына дейін жеткізбейді
Б) ұқыпты, сақ, есті, парасатты+
г) жаңа адамдармен байланысқа түсу қиын
4. а) тік мінезді, ашық, турашыл+
б) өзін асыра бағалауға бейім
Б) күте білмейді
г) өз күшіне сенбейді
5. а) батыл, ынталы
б) жаңаны тез ұғып алатын қабілеті бар+
Б) тұйық, сөзге сараң, босқа сөйлегенді ұнатпайды
г) жалғыздыққа қайғырмайды
6. а) қисық, қыңыр, қиқар
б) қызығушылықтары тұрақсыз+
Б) сөйлегенде жай ырғақпен, бірқалыпты, тоқталыстармен сөйлейді
г) сәтсіздіктерге кездескенде сасып қалу және жабырқаушылық
7. а) талас, дауда тапқыр
б) сәтсіздіктермен, ұнамсыз жағдайларға қайғырады+
Б) ұстамды, шыдамды
г) өзімен-өзі болғанды ұнатады
8. а) тәуекел істерге бейім
б) түрлі жағдайларға тез ұйренеді+
Б) бастаған істі аяғына дейін жеткізеді
г) тез шаршайды
9. а) жұмысты, істі жұлқынып істейді
б) жаңа іске қызығушылықпен кіріседі+
Б) босқа күш жұмсамайды
г) бәсең, жай сөйлейді, кейде тіпті баяу
10. а) кек сақтамайды және үрейшіл, жасқаншақ
б) егер бір нәрсе қызықтырмаса тез суиды+
Б) қатал күн тәртібін сақтанады, жұмыста белгілі бір жүйені ұстайды
г) еріксіз әңгімелесушінің мінезіне көнеді
11. а)өте тез және қызба, ipiкiлicпен сөйледі
б)жаңа icкe тез кipiciп кетеді және 6ip icтен екінші іскe тез ауысады+
Б)кенет ұмтылысын жеңіл ұстап қалады
г)көзден жас шыққанша әсершіл.
12. а) ұшқалак, қызбалыққа бейім
б)күндeлiктi бірыңғай жұмыстан кайғыру, азап шегу+
Б)қолдағанда және ұялтқанда көп кайғырмайды
г)қоршаган ортадағы адамдарға, өзінe талаптары жоғары
13. a)arpeccивтi, төбелесуге әзip
б) көпшіл, қайырымды, ьқыласты+
Б)жылы жүзді жуас, өзінe бағытталган өткір орынды-орынсыз сындарды
кiшiпeйiлдiлiкпeн қабылдайды
г)күдікшіл, күмәншіл
14. а)сынға шыдамсыз
б)шыдамды, жұмысқа қабілетті+
Б)қызығушыльқтары тұракты
г)сезімтал, тез жараланғыш
15. а)айқын ымдауға қабілеті бар
б)зор, тез, аньқ және нақты дене қимылдарымен қабаттас журетін сейлеуге бейім +
Б)іске ете жай қосылады жэне 6ip істен eкнші icкe ауыса береді
г)шектен тыс өкпешіл
16. а)тез шешім қабылдауга және icтi тез істейтін қабілеті бар
б)қандай жағдайда да сабырлы+
Б)карым-к;атынаста бәрін бірдей карайды
г)тұйық, көппен араласпайды
17. а)әрқашан жаңага ұмтылады
б)көңіл-куйі әркашан сергек+
Б)барльқ icке ұкыптылыкты ұнатады
г)белсенділігі аз, ұялшақ, жасканшак
18. а)кызу, тез кимылдар иесі
б)тез ұйыктап кетеді, тез оянады+
Б)жаңа ортаға уйрену қиын
г)көнгіш, тіл алғыш
19. а)жинақы емес, шешім қабылдауға асығыстау
б)қойған мақсатына жеткенше өжеттілік танытады+
Б)селқос, жігерсіз, қозғалыстары аз, көңілсіз, босаң
г)бастаган ісін аяғына дейін жеткізбейді
20. а)көңіл – күй тез ауысып отырады +
б)кейде алаңдап, іске үстірт қарауға бейім
Б)зор табаңдылық, төзім иесі
г)қолдау мен ұялтуға өте сезімтал
Қанша рет «а», «б», «в», «г» нұсқаларын таңдап алдық, солардың әрқайсысын 5-ке көбейтіңіз. Содан шыққанның қайсысы басым болса, онда сіз сол типке жатасыз.
А) Холерик – ұстамсыз, ұшқалақ тип. Қимыл –әрекетті сүйеді. Әдетте, оның қимыл –қозғалысы батыл, шапшаң болады. Ол қызыққан жұмысына әбден беріліп, барлық ынтасын салып орындайды. Ой-әрекеттің белсенділігі оку тапсырмаларының орындауынан көpiнeдi. Спорт, әсіресе қозғалыс ойындарына бар ықыласпен қатынасады. Miнeздepi сотқар, шалдуар келеді. Өз эмоциялары мен қимыл-қозгалыстарын билей алмай кабынып, күйіп-пicyre дайын тұрады. Бұлардың сөзі жылдам, интонациялары толқымалы, кейде қызу сөйлеп, төңірегіндегілерді тез ұйытады. Олар өте сезімтал, түрлі әсерлерге тез беріледі, ызақор, ашушаланшақ келеді Оның мұндай мінез ерекшеліктері өткір көзінен, тез және оңтайлы қозғалыстарынан жақсы байқалады.
Б) Сангвиник – жылдам және тез қозғыш, көңіл – күйі жиі өзгергіш келеді, көп нәрсеге қызығады. Бәрін біліп алуға тырысады, бірақ 6ipey бағыттап отырмаса, тез айнып кетуі ьқтимал. Ақыл-ой әрекеті белсенді жүріп отырады. Сөзі жылдам, анык, түсінікті, паузалар мен интонацияларды жаксы сактайды. Сөзді мәнерлеп айтуға тырысады. Сөйлегенде ым-ишара жағы басым келеді. Көбінесе, эмоциялы, қозу жағдайында тұрады. Олардьң мінез –құлқынан қажырлылық, белсенділік сияқты кейбір жақсы қасиеттерді көруге болады. Сондықтан олар өмірге икемді, тәрбиелеуге оңтайлы, ширақ темперамент болып саналады.
Б) Флегматик – сабырлы, орынсыз асып саспайды. Сезімдері сырт әлпетінен көрінбейді. Дауыс екпіні баяу, асықпай-аптьқпай сөйлейді, сөзі ым-ишаралармен ерекшелініп тұрмайды. Ұкыпты, парасатты, акылды. Зейіні тұрақты. Қызығушылықтары да тұрақты. Жаңа іске жай қосылады, 6ip icтен, екінші icкe ауысуы да баяу.
Г) Меланхолик – ұялшақ, тарткыншақ, тұйық болғандыктан, көпшіліктен аулақ жүргенді жақсы көреді. Барльқ эмоциялары ішінде, өте cезімтал, жасқаншақ, өз күшіне сенбейді. Жалғыздық пен тұйықтықа 6ейім, байланысқа түсуі қиын. Қызығушылыктары тұрақты, жаңа ортада кей жағдайларда қысылмайды.
Қорытынды:Мен сангвеник типке жатамын
3 – тапсырма Мінез бітістерінің жіктелуінің схема түрінде көрсетіп, толықтырыңыз
Мінез бітістерінің жіктелуі
өзіне қатынасы еріктік сараларына қарай
басқа адамдарға қатысты
Достарыңызбен бөлісу: |