Хақназар хан бұрындық хан



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата22.10.2023
өлшемі1,8 Mb.
#187389
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ 221026 215246

 
 
БҰЙДАШ ХАН 
Таһир қайтыс болғаннан кейін хан тағына Бұйдаш 
отырады. Бұйдаш – Жҽнібек ханның Ҽдік деген ұлының 
баласы, Таһирдің туған інісі. Бұйдаш ханның билігі тек 
Жетісу жеріне ғана жүрген. Ҿйткені Таһир ханның 
кезінде-ақ Қазақ хандығының ҽлсіреуі күшейіп, қазақ 
жерінде бірнеше хандар пайда бола бастаған. Бұйдаш – 
Жетісу жеріндегі қазақ хандарының бірі. Ол аз ғана (1533 
– 1534) хандық құрды. Оның қол астында 20 – 30 мыңдай 
ғана ҽскер болады. Бұйдаш ханмен
байланысты осы 
кездегі екі оқиға тарихтан орын алды. Біріншісі – оның 
қырғыздарды моғолдардан қорғауы. Бұл былай болған 
екен. Бірде кҿрші елдегі моғол ханының бір ұлы кҿп 
ҽскерімен келіп, қырғыздарды қырып, кҿптеген малын 
олжалап кетеді. 
Мұны естіген Бұйдаш хан қазақтар мен 
қырғыздардан ҽскер жиып, жау ҽскерін талқандайды. Екіншісі – 
Сайрам қаласы түбіндегі жау ҽскерімен соғысы. Бұл соғыста 
Бұйдаш хан бастаған қазақ ҽскері жеңіліске ұшырайды. Шайқас 
алдында қатты шаңды дауыл болып, қазақтарға қарсы соғады. 
Осыны жау ҽскері пайдаланып, жеңіске жетеді. Бұл соғыста 
Бұйдаш ханмен бірге Жҽнібек ханның баласы Ҽдік сұлтанның 
бес ұлынан тараған 24 сұлтан ҿледі. Жау ҽскері қазақтың 
оңтүстігіндегі бірнеше қалаларын басып алады. 
 
 
АХМЕТ ХАН 
Таһир ханнан кейін елдің бірлігі, хандықтың 
тұтастығы бұзылып, 1533 – 1538 жылдар аралығында 
елде бір мезгілде бірнеше хан болған. Сондай 
ханның бірі – Ахмет хан. Толық аты-жҿні – Қожа 
Ахмет. Жҽнібек ханның немерелерінің бірі болып 
саналады. Кезінде Таһир хан ноғайларға қарсылық 
кҿр- сете алмай Жетісуға қарай кҿшкенде, елдің 
батыс бҿлігіндегі тайпаларды Ахмет хан (XVI ғ. 30- 
шы жылд.) басқарып қалады
. Ол ноғайлардың 
шабуылдарына қарсы күресті ұйымдастырады. Одан ноғай 
билеушілері қорқа бастайды. Ноғай билеушілері арасында 
болған кҿрші елдің адамы ҿз патшасына «қазақтар күшті, 
олар ноғайларға қарсы соғысқа дайындалып жатыр, ал 
ноғай билеушілері болса, қазақтардан қорқып отыр», – деп 
хабар жеткізіп барған. Дегенмен, соғыс ноғайлардың 
жеңісімен аяқталады. Ахмет хан 15 сұлтанмен бірге Едіге 
бидің ұрпағы Шидақ бидің қолына түсіп, біраз уақыт 
тұтқында отырады. Орақ батыр (Едіге бидің басқа бір 
ұрпағы) оны сұлтандарымен бірге ҿлтіреді. Сҿйтіп, қазақ 
халқының жағдайы нашарлап кетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет