Хақназар хан бұрындық хан



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата22.10.2023
өлшемі1,8 Mb.
#187389
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ 221026 215246

 
 
ЕСІМ ХАН 
Есім хан Шығайұлы (т.ж.б. – 1645 жж.) – Қазақ хандығының 
ұлы ханы, Шығай ханның баласы (Шығай – Жҽнібек ханның 
тоғызыншы ұлы Жҽдіктің баласы), атақты Тҽуекел ханның туған 
інісі. Есім хан ағасы Тҽуекелден кейін билік басына келіп, Қазақ 
хандығын 1598 – 1645 жылдары басқарды. Сұлтан кезінде-ақ 
Тҽуекелмен бірге Түркістаннан Самарқандқа дейінгі жерлерді 
Қазақ хандығының құрамына қаратты. 1599 жылы Бұхар 
хандығымен шарт жасасып, Ташкент қаласы мен оның 
айналасын Қазақ хандығына қосып алды. Осы кезден бастап 
Ташкент екі ғасыр бойы Қазақ хандығының билігінде болды. 
Есім хан билік еткен тұста Қазақ хандығының ҽскери қуаты 
күшейіп, 300 – 400 мыңға дейін атты ҽскер шығара алатындай 
дҽрежеге жетті. Есім хан ойраттармен күресте ерлік пен 
табандылықтың ҿнегесін кҿрсетіп, «Еңсегей бойлы ер Есім» 
атанады. Есім ханның дҽуірінде ел билеудегі жол-жобалар мен 
ҽдет-ғұрыптар туралы ереже дайындалды. Бұл халық жадында 
«Есім ханның ескі жолы» деген атпен қалды. Түптеп келгенде, 
«Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолы» 
Тҽуке ханның ҽйгілі «Жеті жарғысына» негіз болып, ҽдет-
ғұрыптарымыз бен салт-дҽстүрлеріміздің мҽдени жҽне рухани 
тұрғыдан шыңдала түсуіне ықпал етті. Есім хан Түркістанда 
жерленген. 
Жҽңгiр хан 
Атақты Есiм хан дүние салған соң Қазақ хандығының тағына 
оның кiшi ұлы – Жҽңгiр хан (шамамен 1608 – 1680 жж.) отырды. 
Жҽңгір хан 1645 – 1680 жылдар аралығында билік құрды. Жҽңгір 
хан бүкiл ҿмiрiн құдiреттi Жоңғар хандығымен күресуге арнаған. 
Жоңғар хандығы ойрат немесе қалмақ, моңғол тайпаларынан 
1635 жылы құрылған. Жҽңгір жас кезiнде ойраттардың қолына 
түсіп, жеті жылдай тұтқында болады. Кейін ол серіктерімен бірге 
елге оралып, Қазақ хандығының билігін қолына алады. Бұл 
кезеңдер қазақ-қалмақ
арақатынасындағы аумалы-тҿкпелі, текетірес 
жылдар болған. Ол ойрат, қалмақтармен шайқастарда батылдығымен, 
қолбасшылық қабiлетiмен кҿзге түскен. Халық оны ерлiгi, жауынгерлiк 
жеңiстерi үшiн «Салқам Жҽңгiр хан» деп атаған. Жҽңгiр ханның билігі 
тұсындағы басты оқиға Орбұлақ шайқасы болды. Ол құрамындағы 600 
сарбазымен 1643 жылы Орбұлақ мекенiнде 50 мыңдық жоңғар 
ҽскерлерін күйрете жеңіп, жауды ел шетінен қуып жіберді. Бұл Қазақ 
хандығының тҽуелсіздігіне тҿнген қауіпті бірер жылға кейін шегерген 
жеңіс еді. Кҿреген де, тапқыр Жҽңгiр кҿршi түркi мемлекеттерiмен тату 
тұрды. Жоңғар хандығына қарсы ҽскери одақ құрмақшы болды. Осы 
мақсатпен екi рет Моғолстандағы шағатайлықтарға елшілер жiбердi. 
Самарқанд ҽміршісі Жалаңтҿс баһадүрмен достық қарым-қатынас 
орнатты. Ақылды, қайсар жауынгер Жҽңгiр хан ҿз Отанын – қазақ жерiн 
басқыншы жоңғарлардан азат ету жолында 1680 жылы дүниеден 
қайтады. Жҽңгiр ханның денесі Түркiстандағы Қожа Ахмет Иасауи 
кесенесiне қойылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет