Ханымдар мен арулар


ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР



Pdf көрінісі
бет28/30
Дата28.02.2020
өлшемі3,21 Mb.
#59255
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
c522526e83794959fe3f14108ed97c23


ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
жоқтар  əже,  ерінің  тірегі  болар  жар  екенін  еске  алсаңыз,  тіптен 
қорқынышты.  Бұл  нəзік  əрі  қиын  жағдайды  одан  əрі  қазбалай 
бермегенді  жөн  санадық.  Ал  жап-жас  қыздарымыздың  неліктен 
ана  дүниеге  өз  еркімен  аттанғысы  келетінін  білгісі  келетіндер 
үшін,  «Қазақстан  қыздары:  өмір  сүру  құқығы»  атты  əлеуметтік 
зерттеу жүргізілгенін, оның нəтижелері бойынша арнайы жұмыстар 
атқарылып жатқанын айтып өткіміз келеді.
Ер-азаматтар  мен  əйел  адамдардың  əр  түрлі  субмəдениетін 
оларға  арналған  жеке,  арнаулы  басылыммен  де  өлшеуге  болатын 
шығар. Осы күні əйелдерге арналған журнал көптеп тасқа басылады. 
Себебі – тұтынушысы көп. Бұрынырақта қазақтың қыз-келіншектері 
«Лиза»,  «Даша»  секілді  ресейлік  əйелдер  журналдарына  өлердей 
құмар  еді,  осы  күнгі  аудиторияның  сұранысын  əбден  біліп 
алғандар  енді  қазақтың  қыз-келіншектеріне  арнап,  қазақтың  қыз-
келіншектерінің  есімі  аттас  басылымдарды  қаптатып  шығара 
бастады.  Алматы  қаласы  көшелеріндегі  дүңгіршектерде  қызылды-
жасылды  болып  алаулап  тұратынына  қарап,  өтімді  басылым-ау 
деп  шамалап  қойдық.  Бұл  журналдарды  парақтап  көрсеңіз  –  сəн 
маусымдарынан  бастап,  тоқал  алу,  нақсүйер  болу,  бала  тəрбиелеу 
секілді  ірілі-уақты  материалдар  легінің  басымдық  танытатынын 
байқар  едіңіз.  Әйтеуір  əлде  жақсы,  əлде  жаман  –  əйел  романдары 
қазақ  аудиториясына  əлі  жете  қойған  жоқ.  Ал  «Меломан», 
«Күлəнда» кітап дүкендеріне барсаңыз, «əйелдер романы» аталатын 
нарықты  ресейлік  шытырман  оқиғалы  кітап  өнімдері  жаулап 
алғанын  байқайсыз.  Бір  ұшы  мен  екінші  қиыры  15-20  минутты 
ғана  құрайтын  шап-шағын  метромызда  кітап,  газет  оқыған  бірлі-
жарым əйел баласына ұшырассаңыз, қолынан көретініңіз сол кітап – 
сабын сериалдардың дайын сценарийі бола алатын жеңіл романдар. 
Бірді  айтып,  бірге  кетіп  жатқанымыз  үшін  кешірім  сұраймыз,  біз 
мысал еткен сарғылт журналдар мен кітаптардың негізгі кейіпкері, 
бүгінгі  əйел  бейнесінің  қалай  болатынын  насихаттайтын  үлгісі  – 
заманауи талаптарға сай, көрікті, келбетті, мүсінді, іскер, қалталы, 
бəріне  үлгеретін,  мəңгі  жас,  мəңгі  балғын  əйел  заты.  Заманауи 
əйелдің ортақ бейнесін бүгінгі жарнамалардан да байқауға болады. 
Теледидар қараған адамның барлығы да жарнамаға көз тастайтыны 
белгілі ғой. Тележарнамалар əлеуметтік қарым-қатынасқа да ерекше 
əсер етеді. Жарнамаларда (ресейлік жарнамалар жəне ресейлік əйел 
адамдар  түскен,  бірақ  сол  жарнамалардың  идеясын  бізге  таңған) 
тамақ  жасау,  кір  жуу,  ыдыс  жуудың  қиыншылығы  («мама,  біз 

276
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
сізді  сағындық,  сен  ыдыс  жуушы  емессің»,  т.б.)  басымдылықпен 
айтылады.  Тіпті,  кейбір  жарнамаларда  жалғызбасты  əйел  көбірек 
бейнеленеді  (мысық,  ит  тағамдарын  насихаттауда,  жалғызбасты 
əйел немесе ер-азамат көбірек көрсетіледі). Түрлі опа-далап, иіссу 
жарнамалайтындар  «мəңгі  жастық  элексирінің»  құпиясымен 
бөліседі.  Ал  телеэкранның  ең  көп  бөлігін  жаулап  алған  жартылай 
жалаңаш  əйелдің  жарнамаламайтыны  жоқ  –  автокөлік,  жиһаз, 
тəтті-дəмді.  Сондықтан  болар,  осы  күні  телеэкран дағы  əйел 
бейнесі негізінен ұқсас, сəмбі талдай бұралған, қасы-көзі қиылған, 
иығы  сəл  түсіңкі,  етегі  сəл  көтеріңкі  киімге  оранған,  балғындығы 
биологиялық жасын жасыратын əйел баласы жылы жымиып тұрады. 
Бұл телеэкран танытқан əйел бейнесі, телеэкран насихаттайтын əйел 
образы.
Сөз соңын қазақ əйелінің бүгінгі негізгі сипатына бұрғым келеді. 
Қазақ  тіпті  сұлу  қыздың  өзіне  тамсанғанда  «анаңнан  сені  тапқан 
айналайын» деп əн салған, қыздың тəрбиесіне риза болғанда «шеше 
көрген  тон  пішер»  деп  алғыс  айтқан.  Қазақ  əйелі,  жалпы  ұлттың 
əйел  заты  Құдай  берген  негізгі  сипаты  –  аналық  мейірімі,  аналық 
табиғаты арқылы өз мəртебесін айқындап, «бір қолымен бесікті, бір 
қолымен əлемді тербете» берер...
Гаухар ХАЙРУЛЛИНА,
Л.Н.Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университетінің 
қызметкері, мемлекеттік жəне 
жергілікті басқару магистрі
ҰЛТ ДІНИ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ 
ƏЙЕЛДЕР ОРНЫ
Қазақстан  Республикасының  Президенті  –  Елбасы  Н.Ә. 
Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің 
жаңа  саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  жолдауында:  «Жаңа 
қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты жəне көпконфессиялы 
қоғамымыз табысының негізі. Біздің халқымыздың өз мəдениеті, өз 
дəстүрі  мен  салты  бар»  деп  айқын  айтқан  болатын.  Сан  ғасырлар 
бойы  ата-бабамыз  дəстүрлі  исламмен  əдет-ғұрыптарымызды  осы 

277
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
күнге дейін сабақтастырып, мəдениетіміз бен құндылықтарымызды 
жалғастырып келді. 
Әрбір өркениеттің, əрбір ұлттың өзіндік дүниетанымы бар. Түрлі 
халықтардың  тарихын  зерттеген  ғалымдар  жер  бетінде  ешқашан 
дінсіз, наным-сенімсіз ел болмағанына анық көз жеткізді [1].   Ежелгі 
заманнан осы уақытқа дейінгі деректерге сүйене отырып, кез-келген 
халықтың діні, наным-сенімдері мен дүниетанымы оның тарихына, 
рухани-мəдени,  саяси  өміріне  үлкен  əсер  ететін  фактор  екендігін 
біле  аламыз.  Әлемдік  діндердің  бастау  тегіне  халықтық  діннің 
өзекті қағидалары арқау болған. Тəңірлік таным уақыт пен кеңістікті 
игеруге талпынған, қоршаған ортамен тіл табысуға ұмтылған адам 
баласының алғашқы таным түсінігі. Қазақ жерімен, Ұлы Жібек жолы 
арқылы қаншама діндер өтсе де, түркілердің негізгі сенімі Тəңірлік 
дін, аруаққа табыну болды. Тек ислам діні ғана, уақыт өте келе көне 
түркі сенімдерімен іштей араласып, түркі жұртының рухани-мəдени 
ұстанымына  айналды.  Бұлардан  басқа  көне  түркілердің  наным-
сенімдерінде  əйел-жаратушы  –  Ұмай  ерекше  құрметтелген.  Ұмай 
ана – отбасы мен бала-шағаның жебеушісі болған.
Ислам дінінде əйелдің, əсіресе əйел ананың орны ерекше. Бұған 
«Жұмақ  –  ана  табанының  астында»  деген  ислам  қағидасы  дəлел. 
Ислам діні алғашқы уақыттардан бастап-ақ əйелдің жанұядағы əрі 
қоғамдағы  орнын  белгіледі.  Өзіне  тиесілі  міндетін  нақтылап,  ар-
ұяты мен абыройын қорғаған. Дініміздің əйелдерге зор қамқорлық 
жасауы  –  барша  əйел  заты  үшін  адамзат  тарихындағы  теңдессіз 
оқиға  болды.  Өйткені,  кейбір  елдерде  əйелдердің  жағдайы  тым 
аянышты  күйде  еді.  Тарихқа  қарасақ,  Ислам  діні  келгенге  дейін, 
əлемде əйел баласының кемсітіліп, көп қорлық көргенін байқаймыз. 
Құран Кəрімде «Ниса» сүресі əйелдерге арналған. Бұл Ислам дінінің 
əйелдерге қаншалықты көңіл бөлгеніне дəлел. 
Шапағат  пен  мейрімнің  үлгісі  болған,  барлық  ісі  жақсылыққа 
негізделген  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с):  «Әйелдердің  құқықтарын 
аяқасты  етпендер,  Алладан  қорқындар.  Өйткені,  сендер  оларды 
Алланың  аманаты  ретінде  алдыңдар»  (əл-Әжлуни,  т.I,  36).  –  деп 
əйелге Алланың ер-азаматтарға тапсырған аманаты ретінде қарауға 
шақырды [2].
Анаға  құрмет,  жарға  жанашырлық,  қызға  қамқорлық  –  иманға 
ұйыған  ұлтымыздың  басты  ұстанымдарының  бірі  болды.  Өз 
болмысына даналық мінез бен ізгі қасиеттерді жия білуі қазақ əйелін 
құрметті етті. Ол құрметке лайық болды жəне құрметтелді де.

278
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Қазақ  елі  əуелден  исламның  Әбу  Ханифа  мазхабын 
таңдағандықтан,  біздің  мұсылмандық  дүниетанымымыз  бен 
өмірлік  дəстүріміз  біте  қайнасып  кеткен.  Әу  бастан  елді  ұйытқан, 
бірлікке  шақырған,  білік  пен  ізденіске  үндеген  əдет-ғұрып  ислам 
құндылықтарымен  кірігіп,  кереметтей  үйлесім  тапқан.  Бұл  ретте 
біз  елдік  пен  имандылықтың  бастауында  тұрған  аналарымызды, 
ұлтымыздың  əйел  затын  айрықша  бағалауымыз  керек.  Әр  ханның 
ханшасы,  батыр  мен  бидің  адал  жары,  ел  ағаларының  жұбайлары 
өз отбасын, балаларын тəрбиелеу арқылы ұлттты тəрбиеледі. Қазақ 
арасында дін иелерінің (хазірет, халпе, ишан, молда т.б.) мəртебесі 
де «имандылықтың өлшеміндей» бағаланды. Халық дін қызметкері 
қателік жіберсе, оны да аяусыз сынап отырды. Өйткен, оларды «елге 
жауапты адамдар» деп есептеді. Сөйте тұра кешегі атеизм кезінде 
де  қарапайым  халық  діндарларды  қатты  қадірлегенін  байқаймыз 
(бұған ел арасының Мəшһүр Жүсіп, Ақтамақ қалпе, Тоқан хазірет, 
Садуақас Ғылмани т.б. тұлғаларға зор құрмет көрсетуін мысал етуге 
болады) [3, 8].
Ислам  дінінің  əйелге  қоятын  талаптары  оның  жеке  басын 
төмендетуден тұрмайды, бұл талаптардың ең бас ты міндеті – əйелдің 
ана  ретіндегі  парызымен  сабақтасып,  оның  отбасындағы  міндетін 
орындауымен, дұрыс ұрпақ тəрбиелеуімен терең байланысып жатыр. 
Қазақ  халқының  діни  дүниетанымда  қыздар,  əйел  затын  жоғары 
бағалаған жəне алатын орны ерекше. «Олар-өмір-өмірдің сəні мен 
салтанаты, ер адамдардың ақылшысы, балалардың тəрбиешісі» деп 
қараған. Жазушы Мұхтар Мағауин: «Әлемдегі ең сұлу – қазақ əйелі: 
менің жарым, менің анам, менің қызым. Қазақты қазақ қылған осы 
əйел болатын, сұлу ғана емес, сымбатты, мінезді, ақылды, адал жар, 
абзал ана, ағайынға қамқор, ауыл-аймаққа құт, ердің мақтаны, елдің 
көркі» дейді. Бүгінгі күннің тың, өзгеше үрдісі қазақ əйеліне мүлде 
бөлекше,  жаңа  заманауи  талаптар  мен  жауапкершіліктер  жүктеп 
отыр.  Олар  тек  тұрмыста  ғана  емес,  əлеуметтік  салаға,  қоғамдық 
өндіріс  пен  ғылым,  əдебиет,  өнер,  спортқа  да  барынша  үлестерін 
қосып,  еншілерін  алуда.    Ұрпақ  тəрбиесін  əйел-  анаға  жүктеген. 
Көптеген  тарихи  жəне  тілдік  деректер  қазақ  əйелінің  отбасылық 
мəселелерді шешуге белсенді қатысқанын, ерлеріне шаруашылыққа 
қатысты істерде көп көмектескенін дəлелдейді.  
Сондықтан  Айғаным,  Ұлпан,  Зере  сияқты  аналарымызды 
халқымыз  жоғары  бағалаған.  Осылайша,  ақыл-парасаты  сай  қазақ 

279
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
əйелдері тек өз отбасында емес, бүкіл ауыл-аймақта зор беделге ие 
болып, олардың жақсы атағы алысқа тарап отырған.
Атамыз  қазақ  ел  басына  күн  туса  ер  азаматтармен  бірдей  атқа 
қонған, бейбіт күнде білігі асса – билікке, өнері асса бəйгеге ерлермен 
бірдей таласқан əйелдеріне құқық атаулыдан тыйым салып көрген 
жоқ. Одан дəстүрлі қазақ қоғамы ұтпаса, ұтылмағаны тарихымыздан 
белгілі. 
Соның  нəтижесінде  қазақ  халқы  үлгілі  ұлт  болды.  Қазақ  əйелі 
азамат, қайраткер əйел ретінде де танылды. Өйткені нағыз азаматты, 
ел  қорғаушыларды  сол  тəрбиеледі.  Бір  қолымен  бесікті,  екінші 
қолымен  əлемді  тербететінін  сезініп,  елдік  пен  имандылықты  ана 
сүтімен  перзентіне  сіңіре  білді.  Қазақ  жұртының  қалыптасқан 
құндылықтары  қыз  баланың,  əйел-ананың  қорғансыз  қалмауын 
қамтамасыз етті. 
Бүгінгі  əйел  билік  басында  ер  азаматтармен  иық  тірестіріп 
жұмыс істеп жүр. Олар – ана, олар – жар, олар – қыз, олар – келін. 
Қызметтен  де  басқа  қоғамдағы  орындары  бар.  Ең  бастысы  –  əйел 
қоғамның тең құқылы мүшесі. Әйел отбасы, ошақ басы, қазанның 
жанында  отыратын  уақыт  көшпелі  дəуірде  қалды.  Қазақ  киіз  үйін 
тастап,  кірпіштен  салынған  үйге  көшкелі  бері  дəстүр  сан  мəрте 
өзгергені белгілі. Рас, қазақ əйелі ежелден ұрпақ тəрбиесіне ерекше 
көңіл бөліп қараған. Қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқу 
сияқты  үй  ішінің  жұмыстарына  баулып  отырған.  Ол  түсінікті  де. 
Алайда, егер қолынан келсе, нəзік жандылардың билікке араласуына 
əбден  болады.  Қазір  тарихи  сахнада  ғылым,  білім,  техника, 
ақпарат, сауаттылық заманы. Ерлердің ісі болып есептелетін салада 
əйелдердің саны артып келе жатқандығын кім де болса мойындайды. 
Қазақ  тілді  –  «ана  тілі»  деп  айтады.  Өйткені,  сəбиге  барлық 
қасиет пен тəрбие анадан, ана сүтінен дариды. Тіл де, діл де ананың 
берекесі мол рухани əлемі мен аялы алақаны арқылы жүрекке жол 
тауып,  санаға  сіңеді.  Қазақ  эпостарындағы  Құртқа  мен  Ақжүніс, 
ұлыс мəйегі болған Домалақ ана, Абайдың анасы Ұлжан, ел басына 
күн туғанда қолына найза алып жауға шапқан Бопай мен Гауһар – 
қазақ əйелінің тұлғасы мен оның асқақ рухын əйгілеп жатыр.
Қазақ əйелінің ата-енеге құрметі, келіндік ибасы, қайын аға мен 
қайындары ортасына ат қойып, əдеп сақтауы, қонаққа деген бөлекше 
ілтипаты  мен  ас-тағамға  деген  ұқыптылығы,  осының  бəрі-бəрі  де 
қазақ  қызы  дейтін  қарапайым  аттан  тамыр  тартып  жатыр.  Бұлар 
отан ұғымымен парапар дүниелер, əрине. «Отаншылдық отбасынан 

280
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
басталады» дейді қазақ. Ал отбасының береке-құты мен ұйтқысы, 
тағы айналып келіп қазақ əйелінен бастау алмақ. «Ел болам десең, 
бесігіңді түзе» деп М.Әуезов тегін айтпаған.
Отбасының  береке-бірлігі  ананың  ақылы  мен  парасатында. 
Ана  сүтімен  ұлтжандылық,  парасаттылық,  мейірімділік  сияқты 
қасиеттерді бойына сіңіріп өскен бала өз ұлтына, тіліне, дініне аса 
құрметпен қарап өседі.
Қазақ  халқының  діни  дүниетанымында  əйел-ананың  орны 
ерекше, мəртебесі жоғары. Қазіргі қоғамның қай саласы болмаса да 
қазақ қыздары қызмет етіп жүр. Олар – тарихымыздағы Ұлпан, Зере 
аналарымыздың,   Қарашаш, Айғаным, Бопай ханымдардың, батыр 
апаларымыз Әлия мен Мəншүктің ізі. 
Бүгінгі  қазақ  қызы  –  ертеңгі  ана,  бір  отбасының  ұйытқысы. 
Ұрпақты тəрбиелеп-өсіретін – қазақ қызы. 
Осы орайда, əйел затының қоғамдағы негізгі рөлі мен орны «ана» 
деген сөзбен өлшенеді.
Əдебиеттер:
1.  Дін мен дəстүр. – Алматы: «Ғибрат» баспа үйі, 2013. – 192 б. 
2.  www.muftiyat.kz.  Құдайберді  Бағашар/  Ислам  дініндегі  əйелдің 
орны, 2013.
3.  Ғылмани  С.  Шығармалары  (алғысөзін  жазып,  дайындаған 
Д.Қамзабекұлы). Алматы: «Ел шежіре» баспасы, 2010. – 392 б.
Ұлпан ҚАМЗАБЕК,
Астана қаласы «MegaLabPositive» 
кино мектебінің қызметкері, 
кинотанушы
ТАРИХИ ФИЛЬМДЕРДЕГІ ƏЙЕЛДЕР БЕЙНЕСІ
XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт тағдырын бейнелейтін 
Ақан  Сатаевтың  «Жаужүрек  мың  бала»  атты  тарихи  экшн-
фильмін отандастарымыз бен шетелдік қандастарымыз өте жақсы 
қабылдады.  Бұл  кинотуынды  жоңғарларға  қарсы  күрестегі  жас 
сарбаздардың  өжеттігін  баяндау  арқылы  көрерменнің  еліне  деген 
сүйіспеншілігін  тереңдете  түсті  деп  сеніммен  айта  аламыз.  Бұған 

281
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
дейін  аталған  жанрда  түсірілген  «Көшпенділер»  фильмі  қазақтың 
тарихы мен тарихи тұлғаларын белгілі бір аяда ғана суреттей алса, 
«Жаужүрек мың бала» халық рухы мен бірлігінің ерекше сəттерін 
шынайы бейнелеп, көпшіліктің көзайымына айналды. 
Фильмнің  идеясы  мен  мазмұны  тым  күрделі  емес.  Жоңғар 
шапқыншылығы  зардабынан  ата-анадан  жетім  қалған  Сартай, 
Таймас,  Қорлан  есімді  үш  кейіпкер  есейе  келе  өз  құрбы-
құрдастарынан  əскер  жасақтап,  жаудан  кек  алуға  бел  буады.    «Не 
өмір, не өлім! Не ел боламыз, не құл боламыз!» деген рухты сөзбен 
мың бала «бір жағадан – бас, бір жеңнен – қол шығарып», халқын 
жоңғар езгісінен біржолата азат етеді. 
Туындының жоғары деңгейде қабылдануына тек монтажерлардың 
(Т.Николас, Р.Б.Кристофер) сапалы жұмысы, үздік декорациялар мен 
костюмдердің пайдалануы себеп болмаған. Сəттілік сценаристердің 
(Т.Жақсылықов,  Ж.Сыздықов,  М.Мамырбеков)  драматургияны 
дұрыс  құруы    мен  актерлердің  сценарийдегі  кейіпкерлерді  кəсіби 
сомдап шығуына тікелей қатысты. Асылхан Төлепов (Сартай), Аян 
Өтепберген (Таймас), Құралай Анарбекова (Қорлан), Әлия Әнуарбек 
(Зере) секілді жас актерлер жүктелген бейнелерге толығымен еніп, 
көңіл толқытатындай деңгей көрсетті. 
Жаудың  туын  құлатып,  «Алға,  қазақтар!»  деп  ұрандата 
шапқан  жас  сарбаздардың  рухы  мен  айбары  көрерменді  қалайша 
толқытпасын? Жоңғар əскерінің ортасында жалғыз шайқасып қаза 
болған Қорланның қайсарлығы мен батылдығына, салиқалы Зеренің 
сыпайылығы  мен  əдептілігіне  ұрпағы  қалай  мақтанбайды  немесе 
үлгі тұтпайды? 
Қорлан – ержүрек бойжеткен. Оның Сартай мен Таймастан жасы 
үлкен екені фильмнің басында байқалады. Бойжеткеннің екі жігітке 
деген  сыйластығы,  махаббаты  əпке,  тіпті  ана  махаббатына  сəйкес 
келеді.  Өзіндей  тұл  жетім  Сартай  мен  Таймасты  үнемі  қадағалап, 
уайымдайды.  Қорланның  болмысынан  қазақ  қызының  керемет 
өжеттігі  мен  алғырлығы  көрініс  тапқан.  Актер  Қ.Анарбекова  бұл 
бейнені терең түсініп, абыроймен көрермен назарына алып шыққан.
 Зере – көзі балалық тазалыққа толы кейіпкер. Кей ретте əйгілі Қыз 
Жібектің келбетін де, тағдырын да еске салады. Қорланның қатаң да 
қатты мінезінің қасында Зеренің əсемдігі мен нəзіктігі ерекшелене 
түседі.  Екі  кейіпкердің  дүниетаным  айырмашылығы  Қорланның 
Зерені жоңғарлардан қорғамақ болған эпизодта айқын бейнеленеді. 

282
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Қорлан  алдында  ажал  күтіп  тұрғанын  біледі,  дегенмен  ерлік 
жолында  жанын  қиюға  дайын.  «Сірə,  Қорлан  мен  Зередей 
соншалықты бір-біріне ұқсамайтын кейіпкерлер жоқ шығар. Менің 
кейіпкерім күрес үшін жаралса, Зере махаббат үшін, ана болу үшін 
жаралған»,  –  дейді  Құралай  Анарбекова  [1].  Осы  ой  да  актердің 
кейіпкер əлеміне даярлықпен барғанын аңғартады.
Төл  тарихымыздағы  Томирис  пен  Заринаның,  Гүлбаршын  мен 
Құртқаның  прототиптері  деуге  келетін  қос  кейіпкер  көрермен 
қауымға,  əсіресе  жас  аудиторияға,  қыз  баланың  бейнесін  дұрыс 
жеткізді. «Жаужүрек мың бала» фильмінің режиссері Ақан Сатаев: 
«Қазақтан  шыққан  батыр  қыздар  аз  болмаған.  Аласапыран,  айқас, 
зұлмат кезеңдерді бастан өткеріп жатқан тұста қазақ қызына батыр 
болмасқа жол жоқ еді. Ерлермен бірге атқа қонды. Қолына қылыш, 
найза ұстады. Жоңғарлармен айқаста жан амай күресті. Тіпті күні 
кешегі фашизмге қарсы соғыста Әлия мен Мəншүктей батыр қыздар 
шыққан жоқ па?» – дейді [2]. Бұл сөздерден фильм идеясы авторының 
ерлік  тақырыбын  кең  жəне  халықтың  тағдырымен  байланыста 
алғанын байқаймыз.
«Жаужүрек мың бала» фильміндегі Қорлан мен Зере бейнесі Қазақ 
хандығы  тұсындағы  елдің  бірлігін,  «еңкейген  шалдан  еңбектеген 
балаға  дейін»  Отанды  қорғау  идеясы  төңірегіне  топтасқанын,  қыз 
балалардың қай кезде де əрі мемлекетін жаудан қорғаған қаһарман, 
əрі ержүрек жауынгерге адал сүйеніш жəне əсем ару бола алатынын 
көрсетеді.
Дала кемеңгері, «қарадан шығып хан болған» немесе өз заманының 
шенімен  айтқанда  аға  сұлтан  атанған  Құнанбай  Өскенбайұлы 
өмірінің  бір  кезеңін  қамтитын  Досхан  Жолжақсыновтың 
«Құнанбай»  тарихи-көркем  фильміне  де  –  соңғы  жылдардағы 
отандық киноөндірістің елеулі табысы. Халқымыз бұл тұлғаны дана 
ақын  Абайдың  əкесі  ретінде  жақсы  біледі.  Сонымен  бірге  оның 
бір  бейнесі  жазушы  М.Әуезовтің  «Абай  жолы»  романы  арқылы 
орнығып  қалғаны  да  мəлім.  Осы  ретте  Д.Жолжақсынов  Құнанбай 
арқылы хандық биліктен айрылып қалған кезеңіміздің шындығын, 
ұлы Дала тұлғаларының тұғырын, отаршылдық зардабы мен халық 
трагедиясын  көркем  бейнелеуді  қалағанын  байқау  қиындыққа 
соқпайды.
Құнанбайдың ақыл ақыл-парасатына, ділмарлығына тəнті болған 
поляк  ақын-қайраткері,  саяхатшысы  Адольф  Янушкевич  белгілі 
күнделігінде:  «Дала  атақтылардың  бірі  Құнанбай  бидің  жасы 

283
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Барақтан шамалы ғана үлкен. Қарапайым қазақтың баласы. Табиғат 
оған  кесек  ақыл,  ғажайып  ес  жəне  жүйрік  тіл  берген.  Іскер,  өз 
аталастарының игілігі туралы қам жейді. Дала заңдары мен Құран-
қағидаларының баянды білгірі, қазақтарға қатысты Ресей заңдарын 
жатқа  біледі,  қара  қылды  қақ  жарған  би  жəне  өнегелі  мұсылман. 
Қарапайым  Құнанбай  əулиенің  даңқына  бөленген.  Одан  ақыл 
сұрауға жас та, кəрі де, кедей де, бай да əр қиырдағы ауылдардан 
келіп жатады», – деп жазды [3, 69].  Абайдың Әбдірахман қазасына 
байланысты  өлеңдерінен  де  «Арғы  атасы  қажы  еді,  Бейіштен 
тартқан шəрбəтті» [4, 161] немесе «Мұқым қазақ баласы, Тегіс ақыл 
сұрапты»  [4,  167]  деген  бағаларды  оқимыз.  Бірақ  тарихи  шындық 
пен  көркем  шындықтың  елеулі  сəйкессіздіктері  болады.  Кеңес 
дəуірінде «Абайды ақтап алып, тарихқа қосудың» жөні деп авторлар 
(прозада,  драматургияда,  кинофильмде)  амалсыз  Құнанбайды 
баласына «қарсы қойды». Ол бойынша əке – ескі заманның бейнесі, 
бала (Абай) – жаңа заманның бейнесі.
Сонымен,  М.Әуезов  романының  əсерінен  қатігез  адам  ретінде 
қабылданатын Құнанбай бейнесі Д.Жолжақсынов фильмінде басқа 
қырынан  ашылады.  Фильм  сюжетінде  кедей  де,  бай  да  алдына 
шындық  іздеп  келетін  адал  əрі  əділ  Құнанбай  абақтыға  түседі. 
Осы  жолда  режиссер  Құнанбай  бойындағы  адами  қасиеттер  мен 
данышпандыққа, елге деген сүйіспеншілікке екпін түсіреді. Сонымен 
бірге  фильмде  дəстүрге  деген  құрмет  ана  мен  бала  арасындағы 
сыйластық,  аналық  махаббат  пен  перзенттік  махаббат  бейнесінде 
көрініс тапқан. 
Фильмде  Құнанбайдың  анасы  Зере  –  көпті  көрген  дана  əйел. 
Жұрты мен ұлына бағыт-бағдар беруші ретінде ол ел анасы деңгейіне 
көтерілген.  Сонымен  бірге  болашақ  дана  Абайдың  əжесі  –  ауыл-
аймақтың ғана емес, өз келіндерінің де тəрбиесіне жауапты қамқор 
ене. Мұхтар Әуезов осы тұлға туралы: «Құнанбайдың шешесі кісі 
ренжітпейтін жұмсақ мінезді əйел болған. 1850 жылы 72 жасында 
Өскембай  өледі.  Зере  ерінен  кейін  көп  жасаған.  ...Ауылдың  бəрі 
Зерені «кəрі əже» дейді екен» деген пікірін [5, 24]  орысша жазған тағы 
бір  мақаласында  «Зере,  хранительница  живой  старины»  (қазақша 
бейнелеп аударсақ – «көкірегі көмбе») деп [5, 415]  толықтырады. 
Баласы бірсыпыра жасқа келіп, билікке  араласып қалса  да, ана 
жүрегі  перзентіне  уайымдайды.  Фильмде  патша  шабармандары 
жазығы жоқ  Құнанбайды абақтыға əкетіп бара жатқан жолда дереу 
қуып  жетіп,    қолдау  сөз  айтып,  амандығын    тілеп  бата  беретін 

284
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Зеренің  бейнесі  сəтті  шыққан.  Қиын  да  жауапты  сəттерде  аға 
сұлтан  ана  сөзіне  əрдайым  құлақ  түреді.  Бұдан  ақсүйек  болмаса 
да, үздік халықтық тəрбиемен баласын биік деңгейге көтерген ана 
қайраткерлігі айқындала түседі.
Қайраткер  ана  мен  бала  арасындағы  диалогтар  мен  олардың 
қарым-қатынасы көзге ерекше жылы көрініп, жүрекке ыстық тиеді. 
Ал, қария ананың абақтыдағы ұлын көріп үлгермей дүниеден озуы 
көңілді  босатады.  Өнер  мен  адам  тағдырына  тереңінен  қараған 
психолог Лев Выготский: «Сезім əу баста жеке адамдікі ғана болады. 
Ал, ол өнер туындысына енгенде, қоғамдікі ретінде жалпыланады. 
Енді  жай  ғана  сөз  емес,  шығармашылық  акт  басталады»  [6,  273] 
деп  жазғандай,  өскен  ортасы  мен  отбасы  Құнанбайды  əрі  қатал, 
əрі  сезімтал  етіп  қалыптастырғанын  себебін  қоғамдық-əлеуметтік 
жағдаймен де сабақтастыра қарағанымыз дұрыс.
Биліктің  би,  болыс,  аға  сұлтан  бел-белестерінен  өтіп,  қазақтың 
дəстүрлі  заңын,  патша  өкіметінің  «Сібір  қазақтарына  арналған 
низамын», шариғат жолын қатар ұстанған қайраткерге ақылшы да 
қамқор ана болу оңай емес. Ақылды, мықты, біртоға, мейірімді Зере 
рөлі – бұрын халыққа кеңінен таныс емес Нұрсифат Салықованың 
үлкен  кино  сахнасындағы  алғашқы  қадамы.  Актриса  өзі  сомдаған 
бейне  туралы  былай  дейді:  «Мен  отбасының  əрбір  мүшесінің 
өміріне, тектің жалғасуына жауап беретін ананың бейнесін жеткізуге 
тырыстым. Қарт Зере – парасатты əйел, ол өмірінің соңғы жылдарына 
дейін еліне арнап, бата тілеп, тек амандық пен тыныштыққа себепкер 
болған» [7]. 
Фильмде  Зеренің  (Н.Салықова)  ұстамдылығы,  салмақтылығы, 
парасаттылығы, 
тапқырылығы, 
батылдығы, 
көрегендігі, 
сезімталдығы сəтті əрі орайлы шыққан. Ел анасы дəуір тынысын да, 
халық бейнесін де жеткізе алған. Құнанбай анасының намаз оқуы, 
келіндерімен сырласуы, басқа да түрлі тұрмыстық детальдар, тіпті 
атқа мінуіне дейін заман суретін көрсетеді.
Жалпы көркем туындыда, соның ішінде көркем фильмдерде ана 
бейнесі, қыз бейнесі – халық бейнесі. Өйткені, ұрпақ, ел дəстүріне, 
тəрибесіне жауапкер адам – ана. Ал, бүгін тұлымшағы желбіреген 
қыз  –  ертеңгі  ана.  Сондықтан  «Жаужүрек  мың  бала»  фильмінде 
де,  «Құнанбай»  фильмінде  де  негізгі  кейіпкерлердің  бірі  –  халық 
тағдырына жауапты əйел заты.
Әлемге  танымал  кинорежиссер  Роман  Поланскидің  пікірінше, 
кез  келген  туындыны  тамашалау  барысында  көрермен  кино 

285

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет