Ханымдар мен арулар


ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР



Pdf көрінісі
бет26/30
Дата28.02.2020
өлшемі3,21 Mb.
#59255
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
c522526e83794959fe3f14108ed97c23


ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
– сөз шеберлері, талант иелері, талапты, ынталы халық пікірін жөнге 
салып, соны заман талабына сай да, орайлы да, түсінікті болу үшін, 
тер төккен, ой еңбегінің тарланбоздары /4/.
Ақын-жазушыларымыз  өзіндік  қолтаңбасы  бар,  актриса-əртіс 
апайларымыз – туған халқымыздың көзі мен құлағы, ішкі сезімдерінің 
айнасы, дүниеге көзқарасы, тағылымы, əдемілігі. Олардың сөзлдері 
мен  айтқандары  –  қазақ  халқының  тағылымы,  намыс  пен  жігер  – 
қайрат тағылымы.
Осыған орай, ұмытуға болмайтын халық ескертпесі есте жүрсе: 
«Қыздарымызға  нəзіктік,  сұлулық,  ұяңдық,  ибалық,  сыпайылық, 
əдемілік,  инабаттылық,  өнерлілік,  іскерлік,  шеберлік,  пəктік, 
сүйіспеншілік, рухани байлық, адалдық, қайрат-жігері бəрінен де ар 
тазалығы – осындай қасиеттермен қыздар зор тағылым иесі!»
М.  Әуезовтің  «Абай  жолы»  романында  Зере,  Ұлжан  бастаған 
барлық  келіндерін  жинап:  «Байлауын  байладық.  Енді  түге,  жат 
жиынның  алдында  жас  балаларыңның  жақсы  талабын  жер 
қылмаңдар. Өліге жасаған қызметтеріңнен бастарын кішіреймес. 
Араз-құраздарыңды  ұмытыңдар...  Балаларым  мен  келіндерім, 
сендер төбеңмен жүріңдер. Отымен кіріп, күлімен шық қонағының... 
Шалдықсаң да, қабақ шытпа. Қуанып, жарқырап жүріп, күтіңдер! 
– дейді елжіреп /5/.
Бұл  келтірілген  деректер  бүкіл  қазақ  əйелінің  қажыр-қайратын 
танытады. Үлкендерді тыңдауының өзі – тағылым қазақ қыздарының 
жөргегінен  үйренген  мəдениеті.  Сол  мəдениеті  кейіннен  қайратқа 
айналды.
Қыз бала қай халықта болсын əдемілік пен əдептіліктің, сұлулық 
пен  іңкəрліктің  рəмізі.  Қыз  абыройы  –  болашақ  отбасының, 
босағаның беріктігіне қатысты мəселе. Қазақ халқы «Қыздың жолы 
жіңішке» деп, оның абырой сақтауын қатаң қадағалап отырған /6/. 
Қыз  баланың  абыройы  оның  ақыл-парасатына,  инабаттылығына, 
махаббатты жоғары бағалауына, іске бейімділігіне, өнерпаздығына, 
білімдарлығына байланысты.
Әр  ата-ана,  туған-туысқан,  бауыр  өз  қыздарының  абыройлы 
болуына ерекше мəн беріп, қадағалайды. Қыз абыройлы болу үшін 
оның  мінез-құлқы  ибалы,  инабатты  болу  керек.  «Қыз  қылығымен 
жағады» деген мақал содан қалған.
Әрбір  үйдің  тірегі,  жүрегі  бола  білген  əйел  қоғамда  да  осы 
сипатқа ие. Қазақ ананы – нарға балаған. Кез келген ананың мақсаты 
ұрпағын  ұлттық  рухта  тəрбиелеу.  Ал  мемлекетті  қорғайтындар  – 

256
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
ұлтын  сүйген  рухты  ұлдар  мен  қыздар.  Ана  осы  рухты  сіңірумен 
де қоғамда басты орын алады. Жас ұрпақтың сана-сезімін ата-ана 
имандылық,  инабаттылық  арқылы  тəрбиелейді.  Жаман  əдеттерге 
тосқауыл  қоятын  –  дін  мен  ана  тілі.  Аналар  осы  екі  құндылықты 
отбасында əрқашан баласының санасына сіңіріп айтуға міндетті.
Əдебиеттер:
1.  Қоңырбаева С. Отбасы: бала мен ата-ана. – Алматы, 2006.
2.  Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тəлім-тəрбиесі. – Алматы, 1995.
3.  Баласағұн Ж. Құтты білік. – Алматы, 1994.
4.  Тілеужанов Т. Халық тағылымы. – Алматы, 1996.
5.  Әуезов М. Абай жолы. – Алматы, 1996.
6.  Өмешұлы Ә. Шаңырақ шаттығы мен лəззаты. – Алматы, 1994.
Ұлдай ИБАЙДУЛЛАЕВА,
«El.kz» сайтының жоба жетекшісі, 
журналист
ФАТИМА – ІЗДЕНІС ЖОЛЫНДАҒЫ ХАНША
Өздеріңізге  мəлім,  Жəңгір  (Жиһангер)  –  Хан  Әбілқайырдың 
шөбересі, Нұралының немересі, Бөкейдің төл перзенті. Ол – қазақ 
тарихындағы  соңғы  хан.  Бұл  Ресей  императорының  екі  басты 
самұрық  бейнелі  мөрімен  расталған  ақиқат.  Хан  сауатты,  орыс, 
татар, араб, парсы тілдерін жете меңгерген аса дарын иесі, шынайы 
реформатор,  болашақты  болжай  білген  айрықша  дара  тұлға. 
Генерал-майор шеніне дейін көтерілген тұңғыш қазақ ханы. Елбасы 
Н.Назарбаев  «Хандардың  ішіндегі  ең  прогрессивті  хан  –  Жəңгір 
хан» дегені белгілі.
Жəңгір  Бөкейұлы  Қазан  университеті  жанындағы  ғылыми-
тарихи  қоғамның  құрметті  мүшесі  болып,  халықтың  əдеби 
шығармаларымен шұғылданып, өзі де көптеген эпикалық туындылар 
жазды. Бұл қазыналардың бəрі қазірде Батыс Қазақстан облысы Орда 
ауданындағы ежелгі хан шатырында тұрған үй-мұражайда сақтаулы.
Ал  тарихи  деректер  Жəңгiр  ханның  жары  Фатима  ханымның 
еуропаша  білім  алып,  тəрбиеленіп,  орыс,  француз  жəне  неміс 

257
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
тілдерін еркін меңгергендігін баяндайды. Қазақ ұлтының ерекшелігін 
зерттеген  орыс  ғалымдары  жазбаларында  қазақ  əйелінің  ойлау 
қабілеті,  зейін-зерде  ерекшелігі,  дүниетанымы,  парасат-пайым 
деңгейін  зерделеп,  еңбекқорлығы  мен  төзімділігін,  махаббатқа 
беріктігін таңдана жазады. Қазақ тарихын, этнографиясын зерттеген 
орыс  ғалымдары  Михаил  Артамоновтың  «Скиф  қорғандарындағы 
қазыналар»,  Алексей  Левшиннің  «Қырғыз-қазақ  немесе  қырғыз-
қайсақ далаларының сипаттамасы» шығармаларында «Қазақ əйелі, 
жар – жауға жұмсайтын қарумен тең əрі ерлерінің кеңесшісі болған» 
деп  тұжырымдайды.  Ғалымдардың  тарихи  ханымдарымыздың 
бірегейі  Фатимаға  берген  сипаттамасы  айрықша.  Ғұламалар  назар 
аудартқан даланың ірі тұлғасы Фатима бейнесі неге айрықша?
...1824  жыл.  Орынбор  сапарында  Жəңгір  ханның  көңілі  бір 
көргеннен  шаһардың  бас  муфтиі  Хұсейннің  айдай  ару  бойжеткен 
қызы  –  Фатима  сұлуға  ауады.  Қыздың  мөлдіреп,  мейірім  шашып 
тұратын  нұрлы  көзі  дала  қыраны  жас  жігіттің  назарын  өзіне 
еріксіз  аударады.  Белін  қынап  киген  ақ  жібек  кеудешелі,  кең  етек 
көйлектегі  үкідей  үлбіреген  аппақ  періштені  көргенде  ханның 
аузына  сөз  түспей,  қадалған  көзін  қайтып  айыра  алмай,  абыржып 
қалды.  Қапелімде  қыз  да  үн  қата  алмай,  жымиып  жүре  берген. 
Жəңгір хан көп ұзамай Фатимаға құда түсіп, 1824 жылдың күзінде 
үйленеді.  Фатима  анамыз  би  мен  музыкаға  жақын  болатын.  1826 
жылы  хан  Жəңгір  жұбайы  Фатима  ханшамен  орыс  патшасы  І 
Николайдың таққа отыру рəсіміне шақырылады. Мəскеу қаласында 
өткен салтанатта Фатиманың білімділігі мен мəдениеттілігіне орыс 
зиялылары  таңдай  қағысады.  Фатиманы  биге  шақырған  Николай 
патшаның  өзі  де,  оның  билеген  биі  мен  орысша  таза  сөйлегеніне 
тəнті болады. Жай барып қоймай, Петр сарайында өткен салтанатта 
Фатима  императордың  ілтипатына  бөленеді.  Биік  мəртебелі  патша 
ағзам I Николай ханымды биге шақырып, екеуінің билегенін көріп 
тұрған орыстың ақсүйек қыздарының өзегін өрт шалып, іші күйгенін 
сол тұстағы баспасөз жер-көкке сыйғызбай жазады. «Той-думанның 
бір  сəтінде  Еуропадан  келген  əулеттік  атағы  бар  кербездер  мен 
орыс элитасының қыпша белдерін би залының шетіне ығыстырып, 
Николай мен Фатима вальспен қалықтады» деп сипаттайды жазушы 
Тілекқабыл Боранғалиұлы өзінің «Жəңгір хан» тарихи романында. 
Құйқылжыған əуеннің бəсең тұсында император ханшаға тіл қатты: 
–  Ханша  сүйіктіміз,  сізге  жапан  түзден  гөрі  Петербург  пен 
Мəскеуде тұру жарасатындай...

258
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
– Патшамыз, мұнда бəрі жақсы, бəрі тамаша. Бірақ сахарада тұру 
үшін жаратылғандарға одан артық жұмақ мекен жоқ.
Фатима  Николайдың  ендігі  ілікпе  сөзіне  мұрша  берместен 
жеңіл  жұлқығандай  би  ырғағына  үйірді.  Императормен  тым 
шүйіркелеспей,  ұлттық  əдеппен  жүзін  бұрып  əкетті.  Анамыз 
тауып айтып, тұспалдап, жұмбақтап сөйлеу арқылы ауыздыға жол 
бермейтін шешен де ақылды жан болған. Николай қыр ханшасының 
көркі мен сыпайылығына риза болып, би аяқталғанда сауықшылар 
дуылдай  қол  соққан.  Патша  Фатиманы  білегінен  жеңіл  демеген 
күйі  төрде  отырған  императрицаларға  –  анасы  Мария  Федоровна 
мен əйелі Александраға қарай жетеледі. Бимен емес, өзіне осынша 
назардан басы айналғандай, еңселі зал көз алдында бір сəт теңселе 
қалды. Бойын тез жиып, алтын оқалылар арасынан Жəңгірді іздеді... 
Қарсы  жақта  əлдекімнің  сөзіне  құлақ  тігіп  тұрған  ерінің  сабырлы 
жүзін көрді.
Шынында да, Фатима анамыз ерекше жаратылған жан еді. Сол 
заманда  орыстың  «Сын  отечества»  журналы  Фатиманың  Жəңгір 
ханды  өркениетке  ұмсындырған  ағартушылық  қабілетін,  өмір 
салтының түбегейлі өзгеруіне ерекше үлес қосқанын айта келіп: «Ол 
– оқыған, өте білімді əйел, кісіге деген ілтипаты ерекше, жұртпен 
ортақ тіл табысып, қалтықсыз қарым-қатынас жасаудың жолдарын 
тамаша  меңгерген,  орысша,  французша  жəне  немісше  еркін 
сөйлеп,  жаза  біледі»,  –  деп  қайталап  жазды.  Патшалық  ресейдің 
«Сын  отечества»  журналы,  əсіресе,  оның  білімі  мен  тəрбиесіне, 
инабатты мінез-қылығына, патша ағзамның ілтипатына ілініп, көп 
қошемет көргеніне айрықша тоқталып, тамсана суреттейді. Патша 
сарайының  Фатимаға  деген  ынтызары  үкімет  шенеуніктерінің 
Жəңгірге де ықыласын еселеді. Сырт көз əйеліне жасалған құрмет 
ерінің беделінің арқасында деп түсінілді. Фатима күйеуімен барған 
сапарында  танысқан  орыс  құрбыларымен  байланысын  үзбеді. 
Император кеңсесінің бөлімше бастығы, статс-хатшы В.Корнеевтің 
əйелі  Елена  арасындағы  сыйластығы  мен  сырластығы  хат  арқылы 
жарасып,  Петербургте  оқып  жүрген  ұлы  Сақыпкерей  Корнеевтер 
отбасымен  араласып,  жас  жігітке  өзге  елдің  салт-дəстүрі  мен 
мəдениетін тануға жол ашты.
Жəңгірмен бірге 1826 жылы Петербург, Мəскеу, Қазан қалаларына 
барған  сапарынан  кейін  бір-біріне  тете  дүниеге  келген  ұл-қызын 
тербетіп отырып қалған Фатима енді қайтып ордадан алыс шыққан 
емес.  Алайда,  оның  есімін  Ресей  жұртшылығы  ұмытпады.  Оған 

259
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
дəлел,  қызмет  бабымен  келіп,  саяхаттап  жүрген  орыс  жəне  шетел 
лауазымдыларының  орда  туралы  жазғандарында  Фатиманың  асыл 
затына тоқталмайтыны кемде-кем. Ордаға жолы түскендердің көбі 
хан əйелдерінен тек Фатиманы білді. Жүздесе алғандар ханшаның 
келбеті мен мінез-құлқын, киген киімдеріне дейін əспеттеп жазды. 
Осы  пікірлерді  «Қазақ  ханымдары»  тарихи  эссе  шығармасының 
авторы, жазушы Сарбас Ақтаев та айғақтай түседі. Сөзіміздің дəлелі, 
қазан  төңкерісіне  дейін  Фатима  ханымның  портреті  Кремльдің 
Георгиев залында ілулі тұрған. Онда мына сөздер жазылған. Фатима 
(1809/11  ж.  ш.,  Орынбор  –  2.10.1845,  Бөкей  Ордасы)  –  Бөкей 
Ордасының ханы Жəңгірдің əйелі.
Өз  заманында  мұсылманша  жəне  еуропаша  терең  білім  алып, 
тəрбиеленген зиялы, ақылды əйел болғанын айттық. Хан мен қараны 
алаламай сыйлай білген, көрікті жүзінен аналық мейірімі əрдайым 
нұр шашатын жан болған. Фатима ханым Жəңгір ханның кеңесшісі, 
əрі  оның  барлық  бастамаларында  қолдаушысы  болды.  Халық 
арасында Фатиманы еркелетіп, «Фатима тоташ» деп те атады. Оқу-
білім  тарату,  отырықшы  өмірге  көшуді  жақтады.  Хан  ордасының 
салынуына ықпал етті. Жəңгір хан ашқан мектепте сабақ та берді. 
Ханым Жəңгірдің сенімді серігі, көреген отбасының ғана емес, күллі 
ел анасы əрі қамқоршысы еді.
1845 жылдың тамызында Жəңгір хан 44 жасында белгісіз жағдайда 
қайтыс  болды.  Ерінің  қазасын  көтере  алмаған  адал  жар,  шынайы 
махаббат иесі Фатима ханым 36-ға қараған шағында, сол жылдың 
қазан  айында  өмірден  озды.  Ол  көп  ізденген,  барды  молайтқысы 
келген, жоқты болдырғысы келген жарқын жан еді. Тарихта да осы 
сипатымен қалды.
Гүлнар АДАЕВА,
Л.Н.Гумилев атындағы 
ЕҰУ Әлеуметтік ғылымдар 
факультетінің доценті, философия 
ғылымдарының кандидаты
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖƏНЕ ƏЙЕЛ ТҮЙСІГІ
Қазақ «Өнер алды – қызыл тіл» деп сөз өнерінің шыңы ақындықты 
батырлықтан жоғары қояды:

260
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Батыр деген – барақ ит,
Екі долы қатынның бірі табады.
Ақын деген – бір бұлақ,
Қатынның ілуде бірі табады.
Осы ақындық өнердiң биік шоқтығы болып табылатын айтыстың 
тарихы туралы Мəшһүр Жүсiп Көпейұлы былай дейдi: «Бұрынғылар 
домбыра  ұстап,  өлең  айтатұғыннан  қайым  бiлесiң  бе  деушi  едi… 
Қайым деп екi ақынның айтысқан өлеңiн айтады екен. Сонда Күдерi 
қожа мен Ұлбике қыз айтысқан. …Бұлардан бұрын жырлап сөйлейтiн 
болған. Жырлап сөйлейтiннiң тұңғышы – ноғайлыдан шыққан би, 
Орманбет хан заманында қосшы бала, қазақтан жырлап сөйлеушiнiң 
басы-Бұхар  жырау…  Өлеңмен  сөйлеушiнiң  басы  –  Күдерiқожа, 
Ұлбике, Заманқожа, Ұмсын қыз, Қарақалпақ  Жанкел ақын, Көтеш 
ақын,  мұның    заманында  Ұлы  Жүзде  Күмпие  деген  қыз  болған. 
Сонан кейiн ақындар əр тараптан шыға бердi… Күдерiқожа албырт 
бозбала  күнiнде  Ұлбикемен  айтысамын  дегенде  Күдерiнiң  əкесi 
Еркөшек қожа да ақын екен, жырлап сөйлейдi екен. Балам Ұлбикемен 
айтысамын  десең,  Бұхараға  барып  үш  жыл  оқып  кел.  Әйтпесе, 
онымен  айтысуға  жарамайсың  деген  екен.  Ұлбике  Жалайырдың 
ошақтысынан шықан. Әкесi Жанкелдi ақын, шешесi Жаңыл да ақын 
екен» 
[1,118]  деп, қазақтың дүниеге дəстүрлi көзқарастық бағдарын 
қалыптастыратын  өте  ықпалды  интеллектуалдық  күш  болып 
табылатын айтыс  өнерінің  бастауында қазақтың қыздары тұрғанын 
атап көрсетедi.
Көптеген  ғылыми  əдебиетте,  əсiресе  Батыс  зерттеушiлерi 
тарапынан  қауымдық  пен  даралықты  бiр-бiрiне  қарсы  қойып, 
«қазақ  қоғамы-рулық  қоғам,  сондықтан  онда  даралық  белгiлер 
басылынып  тасталған»  деген  пiкiрлер  жиi  айтылады.  Бiздiң 
ойымызша,  қауымдасу  мен  даралық  бiр-бiрiне  қарсы  құбылыс 
емес.  Даралық  ұжым  iшiнде  де  қалыптаса  алады.  Батыс  қуатты 
техникалық өркениеттi қалыптастырса, шығыс елдерiнде адамның 
рухани  мəдениетiн  жетiлдiруге  көп  көңiл  бөлiнген.  Жеке-даралық 
адамдықтың  қалыптасуында  материалдық  өндiрiстен  гөрi  рухани 
факторлардың  рөлi  айрықша  болып  табылады.  Қазақ  халқының 
рухани  құндылықтарын  қалыптастыруда  ақындық    ерекше  орын 
алады.
Тұлғаның  басты  қасиеттерiне  еркiндiк,  таңдау,  жауапкершiлiк 
жататын  болса,  ақын  жыраулар  өздерi  айтқандай,  топ  бастаған, 

261
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
топ  алдында  сөз  бастаған,  жау  қайтарған,  өз  елi  мен  жерi  үшiн 
құрбандыққа  дайын  тұлға.  Оған  сана  мен  ерiк  дербестiгi  тəн.  Ол 
өзiне  жауапкершiлiктi  де  ала  алады.  Мiне  осы  қасиеттердiң  бəрi 
қазақтың ақын қыздарына да тəн қасиет. 
Сыр  бойында  «Ақ  əже»  атанған  Ақкенже  кемпiрдiң  өсиетi, 
өлеңдерi  ауызекi  тарап  кеткен.  Жоңғарлардың  кезектi  бiр 
шабуылынан  кейiн  əлсiреген  елдiң  iшкi  жағдайына  байланысты 
жиналған «Билер кеңесi» үш күнге созылып мəмлеге келе алмаған 
екен.  Сонда  Ақкенже  ел  жақсыларын  бiрлiкке  шақырып,  қатты 
сөйлейдi. Өлеңмен айтылған осы сөзiн:
Қабан да қаһар сезсе  тартар басын,
Елдiктi ұмытқанды ар қарғасын.
Қара күш аңда да бар, күшiң емес-
Жауыңды тұтастығың талқандасын! –
деп аяқтайды. Сонан кейiн ел мəмлеге келген екен [2, 246-247] .
Дəстүр  бойынша  қайтыс  болған  адамды  жоқтау,  ең  алдымен, 
қызының  парызы.  Қайтыс  болған  адамды  бойжеткен  қыз  баласы 
болмаса  ғана  басқа  əйел  туыстары  жоқтаған.  Қазақ  тарихындағы 
əйгiлi  адамдардың  жақсылығы,  елге  сiңiрген  еңбегi,  батырлығы, 
даналығы көбiне қыздарының жоқтау өлеңдерi арқылы да ел есiнде 
қалып  отырған.  Жоқтау  өлең  арқылы  да  қазақ  қызының  қоғам 
өмiрiндегi белсендiлiгi көрiнедi [3] .
Айтыстардан қазақ қызының өз басының құндылығын, еркiндiгiн 
сезiну  басым  екенiн  байқаймыз.  Ақын  «Мен»  деп  тұлғалық 
даралығын паш етедi. Жəне ер ақындар өз басының құндылығын,  
дербестiгiн  топ  бастаған,  шаршы  топ  алдында  сөз  бастаған,  ару 
сүйген, жау қайтарған ерлiгi түрiнде жырласа, қыз ақындар өзiнiң 
елiнiң  еркесi  екенiн,  жолының  кез  келген  ерден  үлкендiгiн,  өзiн 
ешкiмнiң  мырзасынан  төмен    саналмайтынын,  бiлiм,  ақыл,  өнер 
жағынан өзiне ешкiм тең келмейтiнiн, қандай ердiң болса да құтын 
қашыратындығын  өлеңмен  өрнектейдi.  Жоғарыдағы  айтылған 
ақындар  айтысының  басында  тұрған  Ұлбике  мен  Күдерiқожаның 
айтысында Ұлбикенiң мына бiр сөздерiнен осы айқын көрiнедi:
Көргендер ақ жүзiмдi көркем дейдi,
Шешем сүйiп өзiмдi еркем дейдi.
Бабаңыздан сұрап па ең тақсыр, қожам,
Қыздың жолы қожадан үлкен дейдi [1,120].

262
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Қазақ  қызының  рухани  деңгейiнiң  жетiлуi,  өзiнiң  құндылығын 
сезiнуi, сана мен ерiк дербестiгiнiң қалыптасуына арабша хат танып, 
сауатын ашқаннан көрi, ауызша мəдениеттiң ықпалы зор  болғанын 
мына жолдардан байқауға болады.
Күдерi:
Аузың шие, лебiзiң балдан тəттi,
Өлiмнен құтыла  ма жүйрiк атты.
Қолыңда жайып тұрған кiтабың жоқ,
Оқымай қалай бiлдiң шариғатты.
Ұлбике: 
Сен-ақ оқы  əлiпби мен əбжатты,
Мұрным əлiп болғанда, қасым мəттi.
Көкiрегiм –кiтап сөзi, тiлiм құран,
Мен сенен үйренбеймiн шариғатты.
Жаратқанның бар ма екен көрген нұрын,
Нұрды көрген пейiштен алады орын.
Қожеке-ау сенен мен бiр сөз сұрайын,
Не жаратқан болады iлкi бұрын  [1,121].
Бiр  таң  қалдыратыны,  ой-өрісті,  табан  астынан  ұтымды  сөз 
табуды  талап  ететiн  суырып  салма  ақындықпен  қатар,    əншiлiктi, 
белгiлi бiр музыкалық аспаппен   сүйемелдеудi қажет ететiн осындай 
бiр  өнердiң  күрделi  түрi  айтыста  көбiнесе  сайысқа  өмiр  көрген, 
талай айтысқа түскен тəжiрибелi ер ақынмен жас балауса, көбiне 14-
16 жасар қыз ақынның сайысқа түсетiнi жəне көп жағдайда жеңiске 
жететiнi. 
Т.  Бөрібаев  «Ұлт  менталитетi»  деген  еңбегiнде:  «Қазақ 
философиясын  түсiну  мен  зерттеудiң  бiр  ұшы  осы  менталитетте 
жатыр.  Менталитеттi  түсiну  арқылы  ұлттық  философияның  даму 
деңгейiн түсiне аламыз. …Ұлт  менталитетi - қазақ философиясының 
мəдени коды» дей келе: «Көшпелi қоғамда айтыс тек ақындардың 
үлесi  ғана  болмай,  оған  бүкiл  ел  болып  ат  салысқан.  Абайдың 
«əркiмнiң  өнерге  бар  таласы»  деуi  сондықтан.  Олай  болса,  айтыс 
өнерi қазақтың қанына сiңген қасиеттердiң бiрi, менталитеттiң бiр 
ұшы.  Соңғы  кездерi  өнердiң  осы  бiр  ерекше    түрiне  қатты  назар 
аударылып  жүр.  Ақындық  өнердiң  жандануы,  қазақ  бойындағы 

263
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
өнерге  деген  шынайы  қасиеттi  оятуда.  Тотаритарлық  заманда 
тұмшаланып, өнер сахнасынан мүлде құрып кете жаздаған бұл өнер 
түрiнiң  бүгiнде  кең  көрiнiс  табуы  астарында  бейсаналық  болмыс 
та жатқаны белгiлi. Айтыс, шешендiк өнер қазақ философиясының 
негiзгi бiр бөлiгiн құрайды. Бұларсыз қазақ философиясының дамуын 
көз алдыңа елестету өте қиын» [4, 81-82] . Осындай дүниетанымдық 
мəселелердi  көтерген,  қазақ  даналығының  көрiнiсi,  алғырлық  пен 
тапқырлықты,  шеберлiктi  қажет  ететiн  сөз  жарысы,  өнер  бəсекесi 
айтыстың  қыз  бен  жiгiттiң  (Күдерiқожа  мен  Ұлбике,  Заманқожа 
мен Ұмсын қыз жəне т.б.) сөз сайысынан бастау алғанын жоғарыда 
айтып кеттiк. Қазақ философиясы ақын-жыраулық, шешендiк сөздер, 
түрiнде көрiнетiн болса, осы сөз өнерiнiң өзi тұлғалық еркiндiк пен 
белсендiлiк көрiнiсi болып табылады. 
Қазақ  халқының  қыз  балаға  ерекше  iлтипаты  мен  құрметi 
көптеген ақындардың шығармаларында бейнеленедi. Бəрiн тiзбелеу 
мүмкiн  болмағандықтан, Ақан серi мен Мұрат ақынның қыз туралы 
айтқандарынан үзiндi келтiрудi жөн көрдiк.
Ақан серi Қорамсаұлы: 
Ешнəрсе ойламайды қыз жасында,
Атаның бұлғақтайды ордасында.
Қадiрi ата-анаға ұлдан арттық,
Бөтеннiң тең көрмейдi мырзасына.
Əлпештеп өсiредi ата-анасы,
Кей қыздың ұлдан артық дəрежесi.
Сүюге ұл мен қыздың бəрi бiрдей,
Туған соң бөтенi жоқ өз баласы [5,146] 
Мұрат Мөңкеұлы:
Бұраңдап ақ моншақтай керiлген қыз,
Оздырдың салтанатты елiңнен, қыз.
Сəулесi ақ жүзiңнiң жерге түссе,
Реңкiң сары алтындай көрiнген қыз.
Шəй iшiп самаурыннан сəске түсте,
Керiлiп əзер тұрасың төрiңнен, қыз.
Қосшы ертiп, үкi қадап, жорға мiнiп,
Көшкенде салтанатың көрiнген қыз.

264
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Қамқа бөрiк, кəмзол, бешпет, алтын iлгек,
Ақ көйлек зер шашақтан киiнген қыз
Қызығын дүниенiң, сiзден көрiп,
Ата-анаң үйде отырып сүйiнген қыз.
Шалықта ата-анаңның дəулетiне,
Бiр күнi жөнелерсiң үйiңнен, қыз [5,131].
Осы бiр өлең жолдарынан қыз баланы ата-ананың, жалпы қазақ 
дəстүрлі    қоғамының  «Қыз  өссе,  елдің  көркі»  деп    қаншалықты 
құрметтегенін    анық  көруге  болады.  Осындай  көзқарастан  болар 
қазақ  қыздары  еркiн,  батыл    болып  өседi.  Қазақ  қыз  баланың, 
жалпы əйел затының бойынан төменшектiк, именшектiк, орынсыз 
ұялшақтықтан  көрi  өжеттiк,  еркiндiк,  ақыл,  парасат  сияқты  
қасиеттердi  жоғары  бағалайды.  Сондықтан  да  болар,  қазақтың  өзi 
мойындағандай, қол бастаудан да, ел бастаудан да қиын, шаршы топ 
алдында сөз бастау жауапкершiлiгiн халқымыздың ақын қыздары ер 
азаматтармен бiрдей мойнына ала алған. 
Əдебиеттер:
1.  Көпеев М.Ж. Екi томдық. Т.1 –Алматы: Ғылым, 1992. – 271 б.
2.  Ел  аузынан:  Шешендiк  сөздер,  ақындық  толғамдар,  аңыз 
əңгiмелер  (құраст.  Б.Адамбаев,  Т.Жарқынбекова).  –Алматы: 
Жазушы, 1989. – 368 б.
3.  Қазақ  мəдениетіндегі  əйел  бейнелері  /  Жауапты  ред.  Г.Адаева. 
Астана, 2014. – 194 б.
4.  Бөрібаев Т. Ұлт менталитетi. –Астана: Елорда, 2001. – 246 б.
5.  Бес  ғасыр  жырлайды:  ХV  ғасырдан  ХХ  ғасырдың  бас  кезiне 
дейiнгi  қазақ  ақын-жырауларының  шығармалары.  Екi  томдық. 
Т.2 /Құраст.: М.Байдiлдаев, М.Мағауин. –Алматы: Жазушы, 1989. 
– 247 б.

265
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ХАНЫМДАР МЕН АРУЛАР
Мақсұтбек СҮЛЕЙМЕН,
«Инфо-Цес» газетінің бөлім 
меңгерушісі, журналист
АТЫ АҢЫЗ, ЗАТЫ ҚАҺАРМАН АРУЛАР
Талас туғызбайтын ақиқат: əйел – ежелден-ақ қоғам ұйытқысы, 
шаңырақтың киесі, ерінің сенімді серігі, елінің алтын бесігі. «Алып 
та анадан туады». Олар хандар мен сұлтандарды да, батырлар мен 
қолбасшыларды  да,  билер  мен  бектерді  де,  ақын-жазушы,  əнші-
күйші, композиторларды да, балуан, мерген, алып күштің иелерін де 
өмірге əкелген. Өздері де қол бастап, ел билеген, батырлық танытып, 
өнер көгінде жұлдыз болып жанған. 
Аты аңызға айналған асыл аналарымыз туралы ойланғанымызда 
ең  бірінші  есімізге  түсетіні  –  Ұмай  ана  есімі.  Көне  түркілердің 
мифологиясында ол ұрпақ жалғастығын жебейтін періште. Қазақтар 
бағзы  дəуірден-ақ  қыздарын  ұзатқанында,  некелерін  қидыртқанда, 
əйелдер  босанғанында  Ұмай  анадан  медет  тілейді.  Кейбір 
зерттеушілердің  пікірінше,  тіпті  Ұмай  ана  –  Адам  атаның  (с.ғ.с.) 
қосағы Хауа ана болуы да мүмкін... 2012 жылы Қазақ ғылыми-зерттеу 
мəдениет институтының ғылыми қызметкері Алексей Рогожинский 
бастаған археологиялық-этнографиялық ғылыми экспедициясының 
жария  еткен  жаңалығы  бойынша,  Алматы  облысы  Жамбыл 
ауданынан  Ұмай  анамыздың  тасқа  қашалған  мүсіні  табылған.  Ол 
біздің  дəуірімізге  дейінгі  7-8  ғасырларда  қашалыпты.  Экспедиция 
мүшелерінің мəлімдеуінше, бұған дейін де Ұмай анамыздың бейнесі 
көне түркілер мекендеген жерлерден бес рет табылыпты. 
Шықөқан  ата-тегі  сақ,  ғұн,  қыпшақ  саналатын  қазақ  халқының 
қыздары  қашаннан  өздерінің  кескін-келбетімен,  үстіндегі 
киімдері  мен  ондағы  зергерлік  заттармен,  жібектей  мінез-қылық, 
батылдық,  батырлығымен  еуропалықтарды  да  таң-тамаша 
қалдырып,  сүйсіндірген.  Ұлттық  салт-дəстүріміз  бен  өнерімізді 
жəне мəдениетімізді зерттеуші Бронислав Залесский өзінің «Қазақ 
даласының тіршілік-тынысы» атты жолжазбасында тіпті былай деп 
ой толғайды: «Қазақ қыздарының балғын шағындағы сұлулықтары 
ересен:  қап-қара  жанары  шоқтай  жайнайды,  бұрымы  көмірдей 
қап-қара,  ақ  маржандай  тізілген  аппақ  тістері  қандай,  жүзінен 
жастықтың, жігердің нұры ойнайды, денелерінің сүйектілігін, аялы 
болғаны  мен  көздерінің  сəл  қысыңқылығын  бапты  қимылымен 

266

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет