Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Сен қайда тұрасың?
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыру,Қазақстан қалалары туралы түсінік беру. Жаңа сөздер арқылы сөздік қорларын байыту;
2. Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып,сабаққа деген белсенділігін ,ойлау,сөйлеу,танымдық,ізденімпаздық қасиетін арттыру;
3.Тәрбиелік: Туған жерге деген патриоттық сезімдерін күшейтіп,Отанды сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ, меңгерту сабағы
Сабақтық әдісі: Жеке,топтық жұмыс,бейнетақтамен жұмыс,кеспе карточкалармен,сөзжұмбақ т.б жұмыстар.
Көрнекілік: Қазақстан Республикасының картасы,бейнетақтадағы слайдтар,оқушылардың жеке жұмыстары.
Сабақ барысында: І.Ұйымдастыру кезеңі
Кәне,балалар бір – бірімізге сәттілік тілейік. (1 мин)
Сәлемдесу
-
Сәлеметсіңдер ме,балалар?
-
Сыныпта кім жоқ?
-
Бүгін аптаның қай күні?
-
Ауа райы қандай?
-
Сабаққа дайынсыңдар ма? (3 мин)
Енді екі топқа бөліну үшін өз қима қағазымызды аламыз.
І топтың көшбасшысы – Арман. Топта Артем мен Ксения.
ІІ топтың көшбасшысы – Рада .Топта Сережа.(1 мин)
Үй тапсырман сөйлесіммен бастаймын:
-
Өткен сабақта не өттік?
-
Жауап
-
Енді.балалар қазір алдарыңа ақ парақтан постер жасайық.
(2 мин ішінде жасап бітіру,енді қай топ оқиды) Бағалау парағымен жұмыс.(7 мин)
Жауаптарыңа рахмет.
Жаңа тақырыпқа шығу:
Бүгінгі сабақтың тақырыбы тақтада «Адасқан әріптер» арасында. Тезірек қай топ маған тауып береді «Мақсатым оқушылардың іздемпаздылығын қадағалау».
Әріптер: N Қ G А W З V А Z Қ L С Q Т S А D Н
Соныменен біздің сабақтың тақырыбы белгілі болды. Балалар сендер осы сабақта нені білгілерін келеді? (Қазақстан туралы білгім келеді) (7 мин)
Ал енді, балалар дәптерге бүгінгі күнді және тақырыпты жазу. 40 – 41 бет.
Интербейне тақтадан Қазақстан туралы слайд көрсету. 2мин
Сөздікпен жұмыс: Қала – город
Жер – земля
Үлкен – большой
Елбасы – глава государства
Елорда – столица 5 мин
Кітаппен жұмыс: 41 бет 5 тапсырма.
Мәтінмен жұмыс: Тізбекпен оқу.
Шулап оқу.
Еркін аударту.
Сұраққа жауап беру. (әр топ бір – біріне сұрақ қояды) 7 мин
Сергіту сәті. Тербеледі ағаштар. 1 мин
Картамен жұмыс жасау. 1 мин
4 тапсырманы жазбаша орындату. 5 мин
Ал енді,балалар тақырыптың ішінен өздеріне ұнаға бір сөзге талдау жасату.
Кеспе карточкамен жұмыс жасау
«Қазақстан» сөзін тәуелдету. 7 мин
1-тапсырма суретпен жұмыс жасайық. (ауызша) 2 мин
Рефлексия: «Мен қайда тұрамын?» тақырыбына постер жасату. 5 мин
Бағалау: 2 мин
Үй тапсырмасы: 2 – тапсырма. Сұраққа жауап беру.
Сабақ соңы.
Достарыңызбен бөлісу: |