Хаттама №1 11 қазанның 2020ж. «Көкөзек ауылындағы орта мектебі» К. М. М



Дата07.02.2022
өлшемі19,74 Kb.
#92875
түріСабақ
Байланысты:
0014ad2b-e7a1aa8d


Хаттама №1
11 қазанның 2020ж.

«Көкөзек ауылындағы орта мектебі» К.М.М
2 сынып ата-аналар жиналысы
Қатысқандар – 109
Қатыспағандар-19


Күн тәртібінде:
1. 2019-2020 оқу жылындағы 2,5,7-сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшуі,осыған байланысты бес күндік оқуға көшу және сабақ кестесімен таныстыру.
2.Оқушылардың оқу жетістіктерін «Критериалды бағалау» тақырыбында өткізілген ата-аналарға арналған ақпаратты талқылау.
3.Жаңа бағдарлама туралы қысқаша тренинг сабақ өту.
4.Әртүрлі мәселелер.


Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Ж.Б.Манкеева
2018-2019 оқу жылындағы 2,5,7-сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшеді. Себебі,жаһандық өзгерістер мен әлемдік трендтер мектептегі білім беру мазмұнының жылдам қарқынды жаңаруын талап етеді. 2019-2020 оқу жылында жаңартылған білім мазмұнына 3,6,8,10- сыныптар көшеді. 2019-2020 оқу жылында 4,9,11- сыныптар. Осыған байланысты қазіргі таңда барлық мектептерде бес күндік оқуға көшуде. Осыны барлық ата –аналар білу керек екендігін ескертті.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша бастауыш сынып мұғалімі М.Укубаева сөз сөйледі.
Білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалау жүйесіне көшу қарастырылған. 2018-2019 оқу жылында жаңа бағалау жүйесіне 1, 5, 7- сыныптар көшеді. 2-сыныптарда критериалды бағалау жүйесін енгізу жалғасатын болады, негізгі мақсаты сапалы бағалау мен тұлғаны дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, қоршаған әлеммен тиімді өзара әрекет етуге, өздігінен білім алуға және дамуға дайын, алдына ала белгілі және нақты критерийлер бойынша объективті бағалау болып табылады. Жаңа бағалау жүйесі білім алушыда өз әрекетін бақылау мен бағалау, туындаған қиындықтардың себептерін анықтау мен қалпына келтіру қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Критериалды бағалау білім алушылардың дағдыларының даму дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді.
Әрбір сабақ оқыту мақсаттары мен оларға жету критерийлерін айту/көрсетуден басталуы керек. Білім алушы қойылған оқу мақсатын түсінуі, ұғынуы және оған қалай қол жеткізуге болатынын білуі тиіс.

Қалыптастырушы бағалау. Жиынтық бағалау

  • Өзара бағалау * Бөлім бойынша жиынтық бағалау




  • Өзін-өзі бағалау * Тоқсан бойынша жиынтық бағалау




  • Мұғалімнің бағалауы * Баллдар




  • Кері байланыс * Тоқсандық баға

Оқу барысында балаға қолдау көрсету және көмектесу керектігі айтылады. Баланың оқу нәтижесін қадағалау және оқу нәтижесін олармен талқылап отыру керек екендігі айтылады.


Жоғарыдағы мәселе талдана келе , ұсыныс естіледі. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін балл түрінде бағалау үшін өткізіледі:

  • оқу бағдарламасының әр бөлімін оқып болғаннан кейін

(бөлім бойынша жиынтық бағалау);

  • тоқсан аяғында (тоқсандық жиынтық бағалау).

Жиынтық бағалаудың балдары жиналып, тоқсан аяғында тоқсандық бағаға және оқу жылы аяғында жылдық бағаға ауыстырылып қойылады.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша бастауыш сынып мұғалімі С.Сембаеваға сөз берілді.
Мұғалім ата-аналар жиналысын критерийлері алдын-ала белгілі тапсырмалар тарату, дескрипторларды талқылау және ата-аналармен топтық немесе жұптық жұмыс жүргізу арқылы, сабақ түрінде өткізуіне болады. Сабақта ата-аналарға да олардың балаларына берілген сияқты өзін-өзі бағалауға, өзара бағалауға, нәтижелерді талқылауға мүмкіндіктер беріледі. Мұндай жағдайда, ата-аналар
жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша оқу процесімен танысады, бағалау механизмдерін түсінеді, өз балаларының жетістіктерімен бөліседі, жаңартылған бағдарлама туралы практикаға бағытталған нақты ақпарат алады. Бұл тәжірибе жаңа білім стандартын ата-аналардың түсінуі мен қанағаттануын қамтамасыз етудің үлгісі болып табылады. Мұғалімге критериалды бағалауды оқу процесін барынша тиімді ұйымдастыруға болатындай түрде пайдалану, білім алушыларға дер кезінде қолдау көрсету және олардың оқудағы алға жылжуын қамтамасыз ету, мүдделі тараптарға оқу нәтижелері туралы ақпаратты беріп отыру ұсынылады.
Ата-аналар атынан Д.Дюсембаеваға сөз берілді.
Осы айтылған білім саласында болып жатқан өзгерістерге қосыламыз. Оқушылардың күнделікті сабағын үйден қадағалап , мұғалімдердің жүгін жеңілдетуіміз керек, себебі қазіргі заман талабы білімді ұрпақ екенін мойындауымыз керек.


Бұл тәжірибе жаңа білім стандартын ата-аналардың түсінуі мен қанағаттануын
қамтамасыз етудің үлгісі болып табылады. Мұғалім бағалауды өткізу кезінде тек мұғалімдерге ғана емес, сонымен қатар ата-аналар мен білім алушыларға да көмек ретінде әдістемелік материалдарды міндетті түрде пайдалануымыз керек.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет