Хаттама №1 «Алматы қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №110 орта мектебі мемлекеттік мекемесінде 6 «А» сынып оқушыларының ата-аналары арасында жиналыс болып өтті



Дата24.12.2023
өлшемі18,4 Kb.
#198966
Байланысты:
DOC-20231218-WA0000.


№110 орта мектеп

Ата-аналар жиналысының хаттамасы


Сынып: 6 «А»
Сынып жетекшісі: Ақылбек Інжу

Алматы 2023


Хаттама № 1
 
«Алматы қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 110 орта мектебі мемлекеттік мекемесінде 6 «А» сынып оқушыларының ата-аналары арасында жиналыс болып өтті.
18.12.2023 ж.
Жалпы оқушы саны – 25
Қатысқаны – 13 ата-ана
Күн тәртібінде:

  1. Оқушылардың ІI тоқсан бойынша қорытынды бағаларын, оқушылардың пәндерге ынтасы мен қызығушылығын мәлімдеу.

  2. Балалардың жетістіктері туралы ата-аналарға хабарлау.

  3. «Қауіпсіздік ережелері» туралы.

  4. Мектеп психологы Мырзакеева Айнұрдың баяндамасы

  5. Әр түрлі сұрақтар

Тыңдалды:
 1 сұрақ бойынша  сынып жетекші Ақылбек Інжу сөз сөйледі. Оқушылардың 2-тоқсан бойынша қорытынды бағаларын мәлімдеп, «жақсы» деген бағадан «қанағаттандырарлық» бағаға түсіп кеткен оқушылардың сол пәндерге ынтасы мен қызуғышылығын мәлімдеді. Ата- аналар жиналысына шақырылған пән мұғалімдері Жунусова А. Е., Жумалдина Д. Б. оқушылар туралы айтты.
2 сұрақ бойынша сынып жетекші оқушылардың жетістіктері туралы айтты. «Ақ Бота» олимпиадасына қатысқаны туралы, 1 орынға ие болған оқушылар тізімі айтылды. КВН ойынында келесі турға жолдама алғаны туралы айтылды. Қазақ тілі және әдебиет, математика, физика, информатика пәндері апталығында белсенді қатысқан оқушылар туралы айтылды.
3 сұрақ бойынша сынып жетекшісі сөз сөйлеп қауіпсіздік ережелерімен ата-аналарды таныстырып, жолда бала сақ жүруіне, абай болуына ата-аналарға үгіт-насихат жұмыстар жүргізіп, қол қойғызды.
4 сұрақ бойынша мектеп психологы Мырзакеева Айнұр суицид туралы баяндама оқыды.
Жиналыс қаулы етеді:

  1. 3 тоқсанда оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау, сыныптың білім сапасын көтеру.

  2. Қауіпсіздік ережелерін ата-аналар балаларына үнемі сынып жетекшісімен қатар түсіндіріп отырсын.

  3. Сынып оқушыларының оқу сапасының көтерілуін сынып жетекшісі мен пән мұғалімдері, ата-аналар бірлесіп жұмыс жасау.

  4. Оқушылардың тәртібіне және күнделіктеріне назар аудару.

  5. Кабинетке тақырыптық стенд жасау.

Ата-аналар комитетінің
төрайымы: Оспанова Роза Жалгасбековна
 
Хатшы: Кункенова Жанар Амангельдиновна  

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет