Хаттама глубокое ауданы, Перевальное ауылы, «Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектеп» кмм №2 хаттама Күні «05» наурыз 2020ж. ҚАтысқандар



Дата15.06.2022
өлшемі18,2 Kb.
#146619
Байланысты:
Документ Microsoft Word (4)


ХАТТАМА
Глубокое ауданы, Перевальное ауылы, «Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектеп» КММ
№2 хаттама
Күні «05» наурыз 2020ж.

ҚАТЫСҚАНДАР:


Д.К.Разиев – мектеп директоры
М.С. Коксиеева – оқу ісінің меңгерушісі
Ж.Е. Оралбаева – тәрбие ісінің меңгерушісі
Д.С. Оралбекова – психолог
Ш.Ф.Төлегенова – сынып жетекшісі
М.М. Оразаева – ата аналар комитеті
( 20 ата-ана тізімі қосымша берілді)
ТАҚЫРЫБЫ:
9 «А» сыныбының ата-аналар жиналысы «Балаңыздың басты ұстазы – өзіңіз»

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:



  1. Балалардың оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша жұмыс нәтижелері

  2. Бала өмір қауіпсіздігінің талаптарын қадағалау

  3. 8-наурыз «халықаралық» әйелдер күнінің өтуі

  4. Мектеп формасының біріңғай келісімін қамтамасыз ету



СӨЙЛЕГЕНДЕР:
Д.К.Разиев - Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы бұйрығымен таныстырып, талаптардың мақсатына тоқталды.Талаптардың мақсаты- міндетті мектепе формасын қолдануда орта білім беру ұйымдарының біріңғай келісімін қамтамасыз ету, ата – аналардың мектеп формасына жағымды қатынасын қалыптастыру, оқытудың зайырлы сипатын сақтауда оқу орны басшыларының жеке қоғамдық кеңестердің жауапкершілігін арттыру туралы айтты. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің 2016 жылы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығынығ талаптарына сәйкес «орта білім беру ұйымдары міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту» тақырыбындағы негізге ала отырып, мектебімізде мектеп формасының талаптарын түсіндіру бойынша мектепшілік жұмысшы тобы құрылғанын айтты.


Ш.Ф.Төлегенова - Оқушылардың 3 – тоқсан бойынша алған бағаларын ата-аналарға таныстырып, хабардар етті. Сабақтан көп қалған оқушылардың аты-жөнін атап, сабаққа белсенді қатысатын оқушылардың ата-анасы алғысын білдірді.


Ж.Е. Оралбаева - Отбасы тәрбиесінің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана - сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар - ожданы мол, еңбекқор, білімді азаматты тәрбиелеу керектігін, бала да жас терек сияқты, қалай тәрбиелесең, жастан қандай тәрбие берсең, ертең есейгенде жас кезіндегі алған тәрбиесі өміріне негіз болмақ екенін, ата - ана бала қауіпсіздігін сақтауды ең бірінші орынға қою керектігін айтты.
Ш.Ф.Төлегенова - 8-наурыз «халықаралық» әйелдер күнінің өтуіне байланысты ата-аналармен ақылдасып, мейрамның қай жерде өтетін тағайындады, ұл балалардың ата – анасымен кеңесіп, қыздарға сыйлық сыйлауды шешті.

ҚАБЫЛДАНҒАН ҚАУЛЫ:





  1. Оқушылардың жаңа оқу жылына мектеп формасымен қамтуда «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар» басшылыққа алынсын.

  2. Іс- шаралар жоспары бекітілсін және 8 – наурыз мерекесіе өткізуде жауапты болып ата – аналар комитеті М.М. Оразаева бекітілсін.

  3. Оқушыларға «Бала өмір қауіпсіздігінің талаптарын қадағалау» тақырыбында ашық сабақ жүргізілсін.

  4. Ата-аналарға ұлдар мен қыздарды белгіленген мектеп формасымен қамтуды талапқа сай болуы ескерілсін.

Төраға Д.К.Разиев


Хатшы Ш.Ф.Төлегенова

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет