– жиналыстарда, кеңестерде, конференцияларда және ал- қалық органдардың мәжілістерінде мәселені талқылау, шешім шы- ғару мен қаулы қабылдаудың барысы туралы мәлімет беретін құжат
– жиналыстарда, кеңестерде, конференцияларда және ал- қалық органдардың мәжілістерінде мәселені талқылау, шешім шы- ғару мен қаулы қабылдаудың барысы туралы мәлімет беретін құжат.
Хаттаманы хатшы отырыс кезінде жүргізеді. Жиналысқа қатысушылардың сөздерін конспекті етіп жазып отырады. Кейбір жағдайларда стенография жасайды немесе диктофонға жазып алады.
Хаттаманың күні (отырыс, мәжіліс) жиналыс өткен күн болып табылады, ал хаттаманың нөмірі алқалық орган отырысының реттік нөмірі болады (реттік нөмір жыл басынан басталады).
Хаттаманың тақырыбы (отырыс, мәжіліс) қандай жиналыс екендігі көрсетіліп жазылады. Мысалы, «комиссия отырысы», «бухгалтерия қызметкерлерінің жиналысы», «кафедраның мәжілісі». Хаттаманың тақырыптық бөлігін отырысқа дейін рәсімдеуге болады.
Мәжіліс, отырыс барысында қаралған мәселелер бойынша көп жағдайда қаулы қабылданады, я болмаса шешім шығарылады. Ал қабылданған қаулы мен шығарылған шешімнің жүзеге асырылуы міндетті, сондықтан хаттама мазмұн-мақсатына қарай өкілетті құжат болып табылады.