Қысқа хаттамалар жиналыс барысында жазылады. Бірақ қысқа хаттамада сөйлеген сөздердің, тыңдалған мәселелердің толық мәтіні келтірілмейді. Тек қана қосымша ретінде (мысалы, тыңдалған жылдық есеп, баяндама т.б.) тіркеледі.
Қысқаша хаттама талқылау кезінде айтылған ескертпелер мен пікірлердің сипаты туралы түсінік алуға мүмкіндік бермейді. Хаттаманың бұл түрі жедел мәжіліс өткізгенде не сөйлеген сөздердің мәтіндері хаттамаға қоса берілгенде немесе стенограмма бар болғанда жасалады.
Хаттаманың толықтық дәрежесін жиналыстың өзі айқындайды. Бұл жағдайда құжаттың заңдылық жарамдылығын қамтамасыз ету қажет. Құжаттың заңдылық жарамдылығы барлық қажетті деректермен, олардың дұрыс толтырылуымен және хаттамадағы мәліметтердің шындыққа сәйкестігімен анықталады. Мысалы, жиналысқа қатысушылардың санының көрсетілуі маңызды, ол қабылданған қаулының немесе шығарылған шешімнің жеткілікті дауыспен қамтамасыз етілгенін көрсетеді.
Толық дайындалған хаттамаға төраға және хатшы қол қояды.