Білім алуды жалғастыру факультеті



Дата07.02.2022
өлшемі16,56 Kb.
#87055
Байланысты:
Білім беру дағдарысы шынайылық пен мифтер


«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ
Білім алуды жалғастыру факультеті

Тақырып: Білім беру дағдарысы шынайылық пен мифтер.



Тексерген: Джанбубекова М.З.
Орындаған:Советханов Ә.М.
Топ: МФЗ-001
Семей 2020
Біз кеңестік замандағы мектеп жүйесінің сол кезде әлемдегі ең озық жүйелердің бірі болғанын, оның алғашқы үштікке кіргенін жақсы білеміз. Бұл – бар әлем мойындаған шындық. Ол дәуірде білім беру жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөлінетін. Тек орта білім жүйесін барлық пәндер бойынша қажетті оқу-әдістемелік және зертханалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында 100-ден аса ірі кәсіпорын жұмыс істеді. Соның арқасында барлық мектептерде, қазақ мектептерінде де, барлық пәндер бойынша әр сабақты жоғары деңгейде өткізуге қажетті жағдайлар жасалды. Ұстаздар әлеуеті жоғары болды, жақсы еңбекақы алды. Үкімет тарапынан көптеген қамқорлық көрсетілді. Сондықтан ұстаздық мамандыққа көптеген талантты жастар барды, олар жақсы білім алды. Мектепке келгеннен кейін олар өздерінің салиқалы іс-әрекеттерінің, адами қасиеттерінің арқасында халықтың құрметіне бөлене білді. Оқу жылы басталғанша барлық мектептер қажетті оқу әдебиетімен толық қамтамасыз етілетін. Жалпы білім сапасын көтеруге қажетті басқа да қыруар жұмыстар мен іс-шаралар өз уақытында жүйелі түрде атқарылып тұрды. Бұл өз нәтижесін берді дейді академик.
Білім саласының дағдарысқа ұшырауының сыры неде болды? Академик Кеңестер Одағының жетілгенімен, кейінгі жылдары біраз қателіктерге ұрынған білім беру жүйесін мұра етіп алдық дейді.
ХХ ғасырдың 80-жылдары ғылым мен техника қарқынды даму жолына түсті. Сала мамандары мен ғалымдары өз салалары бойынша мектепте оқытылатын пәндердің мазмұнын сол жетістіктер негізінде толықтырып отыру қажет деп есептеді. Солардың ықпалымен орта және жоғары сыныптарда оқытылатын пәндердің мазмұны ұлғайып, тіпті жаңа пәндер де енгізіле бастады. Осындай саясаттың арқасында ХХ ғасырдың аяғында мектепте оқытылатын пәндер бойынша берілетін білім көлемі балалардың білімді меңгеру қабілетінен артып кетті. Ол туралы орыстың белгілі ғадым-педагогтері К.Д.Ушинский, Е.А.Ямбург, В.Н.Бацын, Э.Д.Днерпов және басқалары нақты дәлелдер келтіре отырып, ашық жазды. Бірақ одан тиісті қорытындылар жасалмады. Білім беру саласының басшылары білім, білік, дағды парадигмасынан нәтижеге бағдарланған, оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыратын парадигмаға өту қажеттігін мойындағылары келмеді. Білім жүйесін дамытуға қатысты шешімдер қабылдауда ғылыми негізделген ұсыныстар толық ескерілмейтін болды дейді Асқарбек Құсайынов. Мұндай қателіктердің бәрі білім саласына кері әсерін тигізетіні белгілі. Ал ел егемендігін алып, жаңа білім беру жүйесін жасаған тұста, бұл келеңсіздіктер ескерілді ме? Жоқ. Келеңсіздіктердің алдын алу жұмыстары атқарылмай қалды. 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет