«Тәрбие басы - имандылықта!» тақырыбында өткен семинардың
хаттамасы
Үшқоңыр ауылы 10қазан 2021 жыл
Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі сағат 11:00-де
Төрайым: мектеп парламенті президенті Жайырбай Т
Хатшы: Тайрбек Ақерке
Қатысқандар:директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары М.Б.Танатбаева, колледж әдіскері Г.А.Өтетілеу, колледж психологі А.Д.Мырзахметова, Ұмтыл ауылдық округінің имамы Ерназар Қуандық Бектурғанұлы, Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінің оқытушылары мен студенттері-350
Күн тәртібі: «Тәрбие басы - имандылықта!» тақырыбында семинар
Сөз кезегі:
мектеп парламенті президенті Жайырбай Т
Бүгінгі жаһандану ғасырында, ғаламдық құндылықтарға қауіп төніп отырған сындарлы уақытта жастар тәрбиесі өзектілігін жоғалтпайтын тақырып. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жастар мәселесін әрдайым назарда ұстап, олардың толыққанды діни білім алуына, мешіт имамдарымен тұрақты қарым-қатынаста болуларына мүмкіндіктер жасап, тиісінше қолдау білдіріп келеді.
Бүгінгі таңда бейбітшілік заманда сарбаз, батыр дегеніміз-жаугершілік кезіндегідей қолына қару алып,жауға қарсы аттану емес. Заманымыз тыныш, бүгінгінің батыры ол – бейбіт заманның тыныштығын сақтау, елге қарсы емес, керісінше ел үмітін ақтау. Бүгінгінің батыры ол – білім алып, ол білімінің туған халқына қарсы емес, ел мүддесі үшін жұмсайтындар. Ал, кеше ғана Ақтөбеде қару ұстанған батырсымақтардың жөні бір бөлек. Осы орайда, ағартушы Ы.Алтынсариннің Адамға алдымен тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың хас жауы» - деген сөздері еске түседі.
Ұмтыл ауылдық округінің имамы Ерназар Қуандық Бектурғанұлына беріледі. Жиналған жастарға білім туралы, тәртіп, адамның бойындағы қасиеттер туралы сөз қозғап, әңгімеледі. Кездесу барысында иман, дін жайында, діннің қазіргі кездегі жағдайы туралы, діннің дұрыс ағымдары мен имандылық пен әдептілік туралы айтылды. Әңгіме барысында дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез-құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінетіндігі, адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмағандығын, жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналғандығы, бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты “көргенді” деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды “иманды” деп атағанын атап көрсетті. Сонымен бірге бес парызды, тазалықты, иманның шарттары және де исламның шығу тегі мен мақсаты, мазмұны сөз болды.
Төраға
хатшы
Достарыңызбен бөлісу: |