Хазірет айша



Pdf көрінісі
бет173/185
Дата31.01.2022
өлшемі2,05 Mb.
#116431
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   185
Байланысты:
Хазірет Айша
131753, 5.ДӘРІСТЕР, 5.ДӘРІСТЕР, Соғыстан кейінгі бес жылдық кезеңі (2)
Айша анамыздың некелескендегі жасы

431


сондықтан  бұл  айшаның  исламға  дейін  туылғанын 

білдіреді. 

сахабалар Хабашстанға пайғамбарлықтың бесінші 

жылы һижрет жасады. Әбу Бәкір сол жылы һижретке 

ниет  білдірді.  Осы  оқиғаны  есте  сақтай  білгеніне 

қарағанда айша (р.а.) ол кездері кем дегенде 7-8 жаста 

болса  керек.  Әйтпесе,  жаңа  туылған  сәби  бұндайды 

егжей-тегжейлі айтып беруі мүмкін емес. 

б) алғаш  рет  намаздың  екі  рәкат  болып 

бекітілгенін, кейіннен төрт рәкатқа ауысқанын, тек 

сапардағыларға  екі  рәкат  болғанын  да  жеткізген 

айша анамыз

763



айша анамыз айтқан намаз – Исра және миғражға 



дейінгі  оқылған,  таңертең  және  кешкі  намаз.  ал 

миғраж  оқиғасынан  кейін  намаздың  оқылу  тәртібі 

біраз өзгерді

764


мәселеге  басқа  тұрғыдан  қарасақ,  бұл 

мағлұматты  айшадан  бөлек  Ибн  аббас

765


,  сәлман 

фариси


766

  және  саиб  ибн  язид

767

  те  жеткізген.  саиб 



ибн  язид  пайғамбарымыз  (саллаллаһу  аләйһи  уә 

сәлләм)  мәдинаға  һижрет  еткеннен  соң  үш  жылдан 

кейін  дүниеге  келген

768


.  яғни,  мекке  кезеңіндегі 

оқиғаларды білмейді. сондықтан бұл мәліметті айша 

763

 Табарани,  әл-муғжамул  кәбир  2\285,  286,  әл-мұғжамул  Әбсад 



12\145, Ибн Хишам, сира 1\243

764


  Ибн Хишам, сира 1\243

765


  мүслим, салатул мусафирин 5, 6 (687)

766


  Табарани, әл-муғжамул әбсад 12\145

767


  Табарани, әл-муғжәмул кәбир 2\285, 286

768


  Хижри 94 жылы мәдинада қайтыс болатын саиб ибн язид өзі жеті 

жастағы кезде әкесінің алла расулымен бірге қажылыққа барғанын 

айтады. Өзі құралпы басқа мәдинаның балаларымен бірге Тәбүктен 

қайтқанда, сәниәтул уәдаға шығып, алла расулын күтіп алғандарын 

хабарлайды. Қараңыз: Бұхари, Жихад, 192 (2917) мәғази 77 (4164)



Барша мұсылманның ардақты анасы 



 хазірет Айша

432

анамыз немесе Ибн аббастан естіп жеткізген болуы 



кәдік. 

сәлман  фариси  пайғамбарымызбен  һижреттен 

кейін  кездескен.  сондықтан  ол  да  һижретке  дейінгі 

оқиғаларды басқаларды естіп-білген болуы керек. 

абдулла ибн аббас та пайғамбарлықтың оныншы 

жылы,  һижреттен  үш  жыл  бұрын  шиби  Әби  Тәліп 

сүргінінде  дүниеге  келген

769


.  сол  себепті  мекке 

жылдарындағы  оқиғадан  ол  да  бейхабар.  намазға 

қатысты  мағлұматтарды  нағашы  әпкесі  маймуна 

анамыз  арқылы  пайғамбарымыздың  үйінде  қонақ 

болып айша анамыздан естіген болуы керек. 

айтылған  үш  сахаба  да  миғражға  дейінгі  екі 

рәкат  намазды  және  миғраждан  кейін  парыз  болған 

бес уақыт намаздың парыз болуына куә болмаған. ал 

айша анамыз бұл оқиғаның куәгері. Демек, ол кезде 

де  оқиғаларды  есте  сақтай  алатын  жаста  болғанын 

дәлелдейді. 

в)  надандық  дәуіріндегі  пұттар  туралы  сөз  ет-

кенде,  «Исаф  деген  ер  кісі  мен  ниала  деген  әйел 

Қағбаның түбінде зина жасап, осы күнәсі үшін алла 

оларды тасқа айналдырған деп еститінбіз»

770


 дейді. Бір 

қызығы, осы және тағы басқа хабарларды тек айша 

анамыз жеткізген. Бұл да оның пайғамбарлыққа дейін 

туылғанын білдіреді.

4.  Пайғамбарымыз  айшаны  айттырмай  тұрып 

оның  әуелі  мутғим  ибн  адыйдің  ұлы  Жүбәйр  ибн 

мутғиммен  атастырылып  қойғаны  да  осы  ойды 

қуаттай түседі.

769

  Ибн Кәсир, әл-Бидая 8\295, Ибн асакир, Тариху Димашқ 29\289



770

  Ибн Хишам, сира 1\83






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет