Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
374
андап атқан таңдай өте анық болатын»
622
деп, көп
қиындықтардан кейін жеткен сүйінші хабарды су-
реттегенде «сөйтіп уаһидің таяп қалғандығының
белгілері байқалып, уаһи түсе бастады. Уахидың
ауырлығынан қара терге түсіп, қыс мезгілінің
суықтығына қарамастан маңдайынан маржан-
дай тер моншақтады» деп уаһидің түсу барысын-
да алла расулының шеккен қиындығын шебер
тілмен суреттейді. Бұған қоса, өзі мұнафықтардың
жаласына ұшырып, әртүрлі өсек-аяңдарды естіп
қиналғандығын: «сол күні көзімің жасы суалғанша
жыладым. Тіпті кірпіктерім айқасып, ұйқыға бас қоя
алмадым»
623
деген секілді басынан өткен жағдайларды
баяндағанда жарасымды теңеу сөздерге жүгінгенін
көреміз.
Әкесі Әбу Бәкірден шежіре мен тарих, шешендік
және көркем өнер сынды әдебиет саласындағы
ғылымдарды үйренді
624
. Ол кезде хазірет Әбу Бәкір
(р.а.) айтулы шешендердің өзі санасатын ділмар еді
625
.
Тіпті, шежіре мен өлең мәселесі қозғалған жерде елді
аузына қаратып отыратын Хассан ибн сабит секілді
үлкен ақын сахабаға алла елшісі (саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм): «Әбу Бәкірге бар, өйткені ол әртүрлі
қауымдардың шежіресін сенен жақсы біледі», – деп
оған бағыт сілтеген. Әбу Бәкірден шежіре ілімімен
622
Бұхари, Бәдул Уахи 1 (3), Тәфсирул Құран (96) 1 (4672), Табир 1
(6982), мүслим, Иман 252 (160)
623
Бұхари, шәхадат 15 (2661), мәғази 34 (4141)
624
ахмад ибн Ханбал, мүснад 6\67 (24425), Хаким, мүстадрак 4\12 (6733)
625
Қараңыз: мүслим, фадаилус сахаба 157 (2490), Бәйхақи, сүнән
1\238, Хаким, мүстадрак 4\12 (6733, 6737), Табарани, әл-муғжәмул
кәбир 4\38 (3582)
Айша - ғылымның қайнар бұлағы
375
көркем сөзді терең меңгерген әртүрлі басқосуларда
Ислам дұшпандарының үнін өшіретіндей сөздер
айтқан. Оның осыншалықты терең мазмұны бар
өлеңдер айтқанына куә болған құрайыштар іркіліп:
«Бұл өлеңдер тек Ибн Әбу Кухафа айтатын
өлеңдермен мәндес екен немесе бұлар дәл Ибн Әбу
Кухафаның өлеңдері
626
, – деп таңданыстарын жасыра
алмай Әбу Бәкірдің осы салада өте шебер екендігін
білдірген.
Бүгінге дейін оны зерттегендер айша анамыздың
тіл тұрғысынан өз дәуірінде өте таза сөйлеген жан
екенін дәлелдеген
627
. Өз дәуірінде осы қырымен
де ерекшеленген. Пайғамбарлар мырзасы секілді
болашаққа да сөзі жететін жаннан парасатты тәлім
алуы, Әбу Бәкірдей сөзге жүйрік әкенің қолында
өсуі шешендікте таптырмас мүмкіндік болатын. Осы
мүмкіндіктерді ұтымды пайдалана білген анамыз
шешендік жағынан да басқа әйелдердің арасын-
да дараланып тұрды. сол кезде болсын, болашақ
кезеңдерде болсын оның басқа аналарымыздан
ерекше қырлары қарастырылғанда «Әйелдерінің ара-
сында тіл жағынан ең шешені айша болатын» деген
сөздер осының айғағы
628
.
Бұл жайында табиғин әрі анамыздың шәкірті
мұса ибн Талха:
626
Ибн абдулбәрр, Истиғаб1\342
627
Зәркәши, әл-Ижәбә 57, Бути, айша Үммүл муминин 79
628
Зәркәши, әл-Ижәбә 35, 36