«Асылым» бишілер тобының орындауында қазақ биін қарсы алыңыздар.
2 – жүргізуші: Биік болсын шаңырағың күмбезді,
Дарытпасын Алла саған тіл көзді.
Қазақстан – азат елім, айбынды,
Татулықтың тасын өрге жүргізді.
1 – жүргізуші: Тәуелсіз елім, тәуелсіз жерім байтағым,
Аз емес бүгін тойында толғап айтарым.
Қалдырдың артта жолдардың ауыр кезеңін,
Көгінде енді торламас екен қайта мұң.
Ән: «Сарбаздар». Орындайтын: 7 сынып оқушысы Мусаханова Жанагүл.
2 – жүргізуші: Ата – бабамыз аңсап күткен тәуелсіздікке бүгінде қазақтың қолы жетіп, өз еліне, жеріне, өзі қожа болып, әрбір таңы алаңсыз арайланып атуда. Бүгінде Қазақстанды барлық мемлекет танып біліп, өзге ұлт, өзге мемлекет еліміздің ынтымақ, бірлік татулығына қызыға қарайды. Жат баласын өгейсінбей бауырына басқан қазақтың көші түзеліп бүгінгі думанды мақтанышпен тойлауы, ол біздің халқымыздың кеңпейілдігінің арқасы деп ойлаймын.
2 – жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың. Қонақжай ақпейілді қазағым еліне келген әрбір өзге ұлт өкілін дос деп білген, ендеше осындай дос – жаранды халқымның арманы орындалып, той тойға ұласа берсін.
Достарыңызбен бөлісу: |